Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталындағы инвестицияларының жиынтық мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 36 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің жиынтық мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;

      2) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жиынтық мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 15 (он бес) пайызынан аспайтыны;

      3) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері банктің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны;

      4) Банктер туралы заңның 8-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 2) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші абзацтарында көрсетілген ұйымдардың акцияларына банк холдингі инвестицияларының немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің мөлшері банк холдингінің меншікті капиталы мөлшерінің 5 (бес) пайызынан аспайтыны белгіленсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулыны екінші деңгейдегі банктердің, банк холдингтерінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мүдделі бөлімшелерінің назарына жеткізуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Әбілқасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады