Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | Қ.Елеусизов |
| Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 121 шешіміне қосымша |
Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық есептік нормалары, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,95 1,061 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,3992 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,275 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,275 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,5 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,2 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 1,23 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,974 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,2 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,5 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,91 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,4 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,7 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,27 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,23 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,0019 |
