Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 1 ақпандағы қорытындысы негізінде және Елтай ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елтай ауылдық округі Елтай ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Қазақстан - 2 шағын ауданының № 4 атауы жоқ көшесіне Есенжол Домбаев көшесі;
Қазақстан - 2 шағын ауданының № 8 атауы жоқ көшесіне Жанай Беркалиев көшесі;
Қазақстан - 2 шағын ауданының № 11 атауы жоқ көшесіне Уахит Көбенғалиев көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Елтай ауылдық округінің әкімі | Д. Сариев |
