"Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 2197 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (040740000537) №1 кірме теміржолын салу үшін берілген жер учаскесін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен алып қоймастан, Атырау қаласы, Ақжайық стансасынан АМӨЗ-ге дейін жалпы көлемі 161,57 шаршы метр жер учаскесіне 20 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2."Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаулыны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады