Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының №11 хаттамасы негізінде, Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Ксентаев |
| Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы "02" қазандағы № 9/10 шешіміне қосымша |
Баянауыл ауданы әкімінің күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі "Баянауыл ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 1 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27432 болып тіркелген).
2. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2023 жылғы 21 қарашадағы "Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 6/11 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188565 болып тіркелген).
3. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 26 ақпандағы "Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 2/02 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193624 болып тіркелген).
4. Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы "Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 6/08 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 199560 болып тіркелген).
