"Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Бекбаев

  Меңдіқара ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы "___" ____________
  № ____ қаулысымен
  бекітілген

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.

      10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      2) бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектігі бар адамдар арасындағы спорттан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      3) ауданда дене шынықтыру мен спортты насихаттау және дамыту, спорт резервін дайындау үшін жағдай жасау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің, оның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      Бөлімнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктеме беру;

      өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;

      конференцияларды, семинарларды және оқытудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының мамандарымен тәжірибе алмасу.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және дене шынықтыру мен спорт саласын дамытуды айқындау;

      дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларын, жоспарларын іске асыруды жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      3) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды спорттық разрядтардан айырады;

      4) біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарын айырады: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы екінші санатты, спорт төрешісі;

      5) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін жүзеге асырады;

      6) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлімді мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

      4) бірінші қол қою құқығына ие;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікті алады;

      6) Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза салады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады