Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 12/қе бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 12/ҚЕ бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлеріне (бұдан әрі – ҰҚО қызметкерлері), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының (бұдан әрі – ҰҚК) 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 85/ҚБП бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын қызмет өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын, сондай-ақ техникамен, асханалық-ас үйлік жабдықпен және ыдыспен жабдықтау нормалары бойынша (бұдан әрі – азық-түлік үлесінің нормасы) тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

      2. Ақшалай өтемақы төлеу "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына сәйкес ҰҚО қызметкерлерінің тамақтандыру шығыстарын өтеу мақсатында жүргізіледі.

      ҰҚО қызметкері тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен кезде оның күнтізбелік тәулік ішінде тәуліктік нарядқа, жауынгерлік кезекшілікке немесе жауынгерлік қызметке түскен жағдайларының санына қарамастан, бір қызметкерге көрсетілген кезеңде бір реттен көп емес ақшалай өтемақы төленеді.

      ҰҚО қызметкері қызметтік іссапарда болған және оған белгіленген тәртіппен тәуліктік шығыстар өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

      3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекеттік органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2-тарау. Ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      4. Тиісті кезеңге арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҚК Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті қалыптастырады.

      Тізбе қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін бағыттайтын ҰҚК Төрағасы орынбасарының бұйрығымен бекітіледі және ақшалай өтемақы төлеу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей ҰҚК мекемелеріне (бөлімшелеріне) жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

      5. Ақшалай өтемақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік сұранымда айқындалған қызметкер үшін азық-түлік үлесі нормасының 1-тарауына сәйкес белгіленген жалпы үлес құны негізінде айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

      6. Ақшалай өтемақыны төлеуге қызметкердің қызмет өткеретін уәкілетті басшысының не болмаса оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негіз болып табылады.

      7. Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша бұйрықтың жобасы қызметкердің қызмет өткеретін жері бойынша ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадрлық бөлімшелері дайындайды және ақшалай өтемақыны төлеуді жүргізу үшін ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тиісті қаржы бөлімшелеріне жолданады.

      8. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне ақшалай өтемақы төлеу бойынша бұйрық жобасын дайыдндау үшін қызметкердің қызмет өткеретін жері бойынша бөлімше басшы ҰҚК мекемесінің бірінші басшысына немесе оны алмастыратын адамның атына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда міндеттерін орындауын растайтын ақшалай өтемақы төлеуге жататын қызметкерлердің тізімін қоса баянатты береді.

      9. Ақшалай өтемақыны төлеу қызметкердің қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

      Сонымен бірге ақшалай өтемақы төлеу:

      1) қаржыландыру жоспарында қаражат болғанда – ақшалай үлес төлеумен бірге;

      2) қаражат болмағанда – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүргізіледі.

      10. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына аударылады, не болмаса қолма-қол беріледі.

      11. ҰҚО қызметкерлері ҰҚО бір мемлекеттік мекемесінен басқасына ауысуы кезінде уақытылы төленбеген немесе толық көлемде төленбеген ақшалай өтемақыны төлеу алдыңғы қызмет өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз
ету мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

______ жылға арналған азық-түлік үлесі нормасының жалпы үлесі бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ ҰҚО мекемелерінің (бөлімшелерінің) тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

Р/с

Мекемелердің (бөлімшелердің) атауы

Құрылымдық бөлімшелердің атауы














































     

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
жекелеген санаттағы
қызметкерлеріне азық-түлік
үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша
тамақтандыруды қамтамасыз
ету мүмкіндігі болмаған кезде
ақшалай өтемақы төлеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Ақшалай өтемақы төленетін қызметкерлердің тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.07.2026 № 61/қе бұйрығымен.

Р/с

Арнаулы атағы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бір айдағы нарядтар саны

Жалпы сома





























































      Бөлімше басшысы _____________________________________________________

      лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады