Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 278/5 "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 342/11 шешімі. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 469/25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 19.12.2025 № 469/25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 278/5 "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      1) 1-тараудың 2-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 10-тармақтың екінші абзацындағы "мәслихат аппаратының басшысымен бекітіледі" деген сөздер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен бекітіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 6-тарау алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады