Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 30.05.2024 № 6 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50- бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі №2 хаттамасы негізінде, Жаңаарқа ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының әкімінің 11.04.2024 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Мұрат Есіркепұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
| Жаңаарқа ауданының әкімі | Қ.Қожықаев |
