"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар сомалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 421 қаулысына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар субсидияланатын қатынастар сомалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 01.04.2026 № 56 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Маршрут атауы және (немесе) нөмірі | Маршрут түрі | Әдістемеге сәйкес белгіленген тариф (теңге) | Жергілікті атқарушы орган белгілеген тариф (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | № 111 "Ақтөбе – Маржанбұлақ" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 689,78 | 150 |
2. | № 255 "Ақтөбе – Қарауылкелді" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 2848,85 | 1500 |
3. | № 231 "Ақтөбе – Қобда" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1465,27 | 600 |
4. | № 105 "Ақтөбе – Сарыжар" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 838,17 | 200 |
5. | № 103 "Ақтөбе – Родниковка" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 980,03 | 350 |
6. | № 211 "Ақтөбе – Мәртөк" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1312,75 | 400 |
7. | № 239 "Ақтөбе – Хромтау" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1381,42 | 600 |
8. | № 207 "Ақтөбе – Қандыагаш" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1569,54 | 700 |
9. | № 101 "Ақтөбе – Алға" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1310,42 | 400 |
10. | № 209 "Актөбе – Шұбаркұдык" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 2630,14 | 1500 |
11. | № 225 "Ақтөбе–Бадамша" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 1568,45 | 700 |
12. | № 203 "Ақтөбе – Кеңкияк-Саркөл" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 4329,4 | 2000 |
13. | № 237 "Ақтөбе – Ойыл" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 2990,15 | 1500 |
14. | № 245 "Ақтөбе – Т.Жүргенева" | ауданішілік (қалааралықоблысішілік) | 3988,0 | 2000 |
кестенің жалғасы
Әдістемеге сәйкес анықталған тарифпен жергілікті атқарушы орган белгілеген тарифтер айырмасы (теңге) | Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынасының 3 жылға жылдар бөлінісінде субсидиялау көлемі | |||
6 | 7 | |||
2024 | 2025 | 2026 | барлығы | |
539,78 | 51 161 762 | 51 161 762 | 51 161 762 | 153 485 286 |
1348,85 | 18 937 869 | 18 937 869 | 18 937 869 | 56 813 607 |
865,27 | 24 801 722 | 24 801 722 | 29 903 583 | 79 507 027 |
638,17 | 46 572 225 | 46 572 225 | 46 572 225 | 139 716 675 |
630,03 | 20 866 653 | 20 866 653 | 20 866 653 | 62 599 959 |
912,75 | 25 537 256 | 25 537 256 | 31 544 680 | 82 619 192 |
781,42 | 143 355 665 | 143 355 665 | 143 355 665 | 430 066 995 |
869,54 | 146 395 468 | 146 395 468 | 146 395 468 | 439 186 404 |
910,42 | - | 54 193 226 | 68 172 102 | 122 365 328 |
1130,14 | - | 18 127 480 | 18 127 480 | 36 254 960 |
868,45 | - | 25 285 863 | 30 013 527 | 55 299 390 |
2329,4 | - | 36 513 372 | 36 513 372 | 73 026744 |
1490,15 | - | - | 27 359 234 | 27 359 234 |
1988,0 | - | - | 29 772 117 | 29 772 117 |
