Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 және 69-баптарына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қоса берілген жоспарға сәйкес шекараларда 2033 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзіммен газ бөлу қондырғысын салу және пайдалану үшін "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жерді пайдаланушыдан алып қоймай, Жылыой ауданы Теңіз кен орнының аумағында орналасқан жалпы ауданы 114,9429 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
Ескерту. 1-тармакқа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 30.01.2025 № 27 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Шәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |