"KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 2161 қаулысы

"KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармағына және 69-бабы 4-тармағының 2-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (110740001729) бірыңғай дәлізде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймастан, Атырау қаласы аумағынан жалпы алаңы 49,557 гектар жер учаскесіне 2032 жылдың 31 желтоқсанына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ш. Кейкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады