Ескерту. Күші жойылды - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 26.09.2023 № 8-12 (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 24-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31578 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С. Баумағанбетов |
