Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысы регламентінің 3-тармағында:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
оныншы абзац алып тасталсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастырылуын және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы |
С.Баумағанбетов |
