Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабы 1) тармағының 1-1) тармақшасы және 69-бабы 2) тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Сужарган ауылының әкімі ШЕШТІ:
1. "Мобайл Телеком-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сужарған ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу және пайдалану үшін, көлемі: 0,2120 гектар жер телімін мерзімі 5 (бес) жылға қауымдық сервитут орналастырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сужарған ауылы әкімінің м.а. | Т. Күнтуар |
