"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген мәслихаттың Үлгілік регламентінің 79-тармағына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы № 106 "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Искаков |
| Мәслихаттың | |
| 2023 жылғы 7 сәуірдегі | |
| № 8 шешімімен | |
| бекітілді |
"Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қалалық мәслихатының 19.08.2026 № 303 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Рудный қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Рудный қалалық мәслихатын және оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарғаөз атынан түседі.
6. Мәслихат аппаратының, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарыменжәне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95.
10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
13. Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасау;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат өткізетін өзге де іс-шараларға қатысу;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, құжаттамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай-ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс-шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс-қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды және мәслихаттың қызметі туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды архивтік сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары жоқ.
19. Мәслихат аппаратының басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асырады.
20. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін ол болмаған кезеңде орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйке жүзеге асырылады.
4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі
21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Мәслихат аппаратыныңөзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
