Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
| 2023 жылғы 19 қазандағы | |
| № 8/68 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталған орташа жылдық нормасы, м3 |
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 2,85 |
1.2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 2,45 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,8 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,904 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,67 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,42 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,55 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,64 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,45 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,37 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,67 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,335 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары |
Жоба бойынша | 0,51 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,22 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер |
Сауда алаңы | 1,13 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер |
Сауда алаңы | 0,86 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,421 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,9 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар |
Сауда алаңы | 0,62 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,67 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,89 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,335 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,47 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,84 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,37 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,335 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,714 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | - |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЖС – автожанармай құю станциялары;
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр.
