Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Нұрсұлтанұлы |
| Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/13-VIII шешіміне қосымша |
Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,92 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,96 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,59 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,36 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,53 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0055 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,94 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,2 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,36 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,11 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,08 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,06 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,39 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,47 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,56 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,06 |
20 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,66 |
21 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,29 |
