"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 48 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 25 баптарына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы негізінде Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов

  Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген

"Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 25.09.2026 № 501 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де жағынан қамтамасыз ететін, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Мәслихатының аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарғалы аудандық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде шығуға құқылы.

      7. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өз құзыретi шегінде заңнамада белгiленген тәртiппен Қарғалы аудандық мәслихаты төрағасының өкімдерін және Қарғалы аудандық мәслихаты аппараты басшысының бұйрықтарын және өзге де актілермен рәсімделетін шешiмдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 030050, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі, 38 үй.

      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. 11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мәслихат аппаратына мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерімен міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

      13. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде: "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде: государственное учреждение "Аппарат Каргалинского районного маслихата".

2-тарау. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      Аудандық мәслихаттың және оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсету;

      мәслихат қабылдайтын шешімдер мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдемдесу және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын дайындау және өткізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобалары, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптама кеңестерінің қорытындылары, аудандық мәслихат шешімдерінің енгізілген жобалары бойынша қажетті келісулер және өткізілетін сессиялардың және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша өзге де құжаттамалар сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға қатысуға тарту, тиісті шешімдер әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      аудандық мәслихат депутаттарынан олардың қызметі туралы мәліметтерді, ақпараттарды сұрату;

      аудандық мәслихаттың қызмет барысында туындайтын ұсыныстарды аудандық мәслихат басшылығының қарауына енгізу;

      аудан әкіміне, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларына азаматтардың депутаттық сауалдарын, өтініштері мен шағымдарын мәні бойынша қарау үшін жіберу;

      2) Міндеттері:

      бекітілген лимит пен қаражат шегінде мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық жағынан қамтамасыз етуге;

      өтініштер мен петицияларды қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ҚР ӘРПК) нормаларын қатаң сақтауға;

      петицияларды мәслихат сессияларының қарауына шығару рәсімін жүргізуді қамтамасыз ете отырып, олардың сапалы қаралуын бақылауды жүзеге асыруға;

      мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан аудандық мәслихаттың жоспарланатын сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұрату;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты (уақытша) комиссиялары актілерінің орындалу мерзімдері мен нәтижесіне мониторинг жасау және бақылауды жүзеге асыру;

      аудандық мәслихатқа жіберілген заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдері мен нәтижесіне бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссиялары отырыстарының хаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету.

      мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы халықтың ашықтығын, жариялылығын және хабардар болуын қамтамасыз етуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

      3) Функциялары:

      аудандық мәслихаттың регламентіне сәйкес аудандық мәслихат сессияларын, тұрақты (уақытша) комиссиялардың және аудандық мәслихаттың басқа да органдарының отырыстарын өткізу бойынша дайындық және ұйымдастыру-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етеді;

      депутаттарды сессиялардың, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешім жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз етеді;

      тұрақты комиссиялардың ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларын жасайды, оның қызметі туралы есептерді дайындайды.

      мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға қолдау көрсетеді, консультациялық және әдістемелік көмек береді, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін қарау мен іске асырудың уақтылылығын бақылайды;

      депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде енгізілген ұсыныстар мен ескертулердің есебін жүргізеді және жинақтайды, оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және орындалуын бақылайды;

      сессияларда қаралатын мәселелерді тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылауды ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер мен қорытындылардың жобаларын сапалы дайындауға көмек көрсетеді;

      аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда, оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіп пен жағдайларда аудандық мәслихаттың шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;

      аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының тиісті органдарға таратуын қамтамасыз етеді;

      аудандық мәслихаттың сессия және оның органдары отырыстарының хаттамаларын жүргізеді, олардың есепке алынуын және мұрағатта сақталуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес құрылатын Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мәслихат аппаратына басшылықты өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болып табылатын аппарат басшысы (бұдан әрі - мәслихат аппаратының басшысы) жүзеге асырады.

      17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері:

      1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

      2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады, сондай – ақ, мәслихат аппаратының штаттан тыс және өзге де қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне баға береді және лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

      4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      6) мемлекеттік қызметшілерді, сондай – ақ, мәслихат аппаратының штаттан тыс және өзге де қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу мәселелерін шешеді;

      7) мемлекеттік қызметшілердің, штаттан тыс және мәслихат аппаратының өзге де қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

      10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

      11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі ic-шараларды ұйымдастырады;

      12) мәслихат аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4-тарау. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. Заңнамада көзделген жағдайларда, мәслихат аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Қарғалы аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады