Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 187 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5629 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 21 мамырда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2, 3 тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қуандыққа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Г. Құрманбекова |
