ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 577, 581, 582-баптарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Қарағанды қалалық мәслихатының 25.02.2026 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таратылады) шешімімен.1. Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды қаласының жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арттырылсын.
3. Қарағанды қалалық мәслихатының "Салық салу мақсаттары үшін Қарағанды қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 388 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5326 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің күшіне енуімен бір мезгілде қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын салық міндеттемелеріне қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қарағанды қалалық мәслихатының 25.02.2026 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған қатынастарға таратылады) шешімімен.
| Қалалық мәслихат хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
| 23.11.2022ж. VІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XXVIII сессияның № 218 шешіміне № 1 қосымша |
Қарағанды қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

| 23.11.2022ж. VІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XXVIII сессияның № 218 шешіміне № 2 қосымша |
Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы
Аймақ нөмірлері | Жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы |
I | +50% |
II | +45% |
III | +20% |