Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 18, 67, 69-4-баптарын басшылыққа алып және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша бастығының өтінішін қарап, қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына (941240000193) телефонды канализациялық байланыс жүйелерінің құрылысын салу және пайдалану үшін Атырау қаласы, "Ахонжиев" жеке кәсіпкерлігі жер учаскесінің шекарасынан және Құрманғазы көшесінен телефонды канализациялық байланыс жүйесіне дейін орналасқан көлемі 0,0990 гектар жер учаскесіне 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Учаскелер бөлінбейді, инженерлік жүйелердің қорғау аймағын сақтаумен ауыртпашылықты,04-066-042-261 кварталда орналасқан.
2. "Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулы шыққан күннен бастап 10 жұмыс күнінен кеш емес мерзім ішінде жер иеленушімен тиісті келісім-шарт жасасын.
3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы жер учаскесін пайдалану барысында есептелген сервитут төлемін Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес төлесін.
4. Жер асты байланыс желісін пайдалану жұмыстарын жүргізу мерзімдері,орны, шығындарды өтеу және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды жағдайға келтіру жөніндегі міндеттемелері "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының "Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалатын келісім-шартында белгіленсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкін |