Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 18, 67, 69-4-баптарын басшылыққа алып және "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы басшысының өтінішін қарап, қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына (190341004451) телефондық кәріздік байланыс жүйелерінің құрылысын салу және пайдалану үшін Атырау қаласы аумағынан қосымшаға сай көлемі 0,1482 гектар жер учаскесіне жаңа 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Учаскелер бөлінбейді, инженерлік жүйелердің қорғау аймағын сақтаумен шектеулі.
2. "Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер пайдаланушының өтініші бойынша жер иеленушімен тиісті келісім-шарт жасасын.
3. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы жер учаскесін пайдалану барысында есептелген сервитут төлемін Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес төлесін.
4. Жер асты байланыс желісін пайдалану жұмыстарын жүргізу мерзімдері,орны, шығындарды өтеу және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды жағдайға келтіру жөніндегі міндеттемелері "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының "Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жасалатын келісім-шартында белгіленсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкін |