Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын және күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Н.Ноғаев |
| 2016 жылғы 23 ақпандағы №42 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жойылған және күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
1. 2014 жылғы 14 қаңтардағы №10 "Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3424 тіркелген, 2014 жылы 6 наурызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;2. 2015 жылғы 5 қазандағы №290 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы №126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4089 тіркелген, 2015 жылы 30 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылсын;
3. 2016 жылғы 26 қаңтардағы №15 "Батыс Қазақстан облысының ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 328 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы жойылсын.
