1. Шарбақты ауылында ірі қара малдың құтырма ауруы бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық ветеринария зертханасы" ШЖҚ РМК Павлодар облыстық филиалының сараптамасының негізінде, Ленин көшесінен бастап Орджоникидзе көшесімен қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 май көшесінің оңтүстік жағына дейін, сондай-ақ Вокзальная көшесінде 1 май көшесінің батысынан қиылысына дейін және Садовый көшесінің шығысына дейін ветеринарлық режим және шектеулі іс-шаралары жойылсын.
2. Шарбақты ауылы әкімінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы "Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 09 ақпанда № 4920 тіркелген, "Трибуна" және "Маралды" № 6 газеттерінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шарбақты ауылы әкімі | Қ. Мүскенов |
| КЕЛІСІЛДІ | |
| Ауылшаруашылық Министрлігі | |
| бақылау және қадағалау комитетінің | |
| Шарбақты аудандық аймақтың | |
| Испекциясының басышысы | Г. Фисенко |
