Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылдың 19 қаңтардағы № 6-10/09 ұсынысы негізінде, Сарықобда ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарықобда ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 қарашасындағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4596 болып енгізілген, 2015 жылғы 03 желтоқсанда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 19 қантардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға тарайды.
|
Сарықобда ауылдық округінің әкімі |
Ж. Умбеткулов |
