1. Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы 1994 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" № 42 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 31 желтоқсанда № 12-4-92 болып тіркелген, 2011 жылғы 15 қаңтарда № 3 "Ауыл тынысы" және № 3 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң аппарат басшысына жүктелсiн.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ж.Ташенев |
