Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Сарысу, Байзақ аудандарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 377 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2082 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 қаңтарында № 6 (17863) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танығаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымовқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
