Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
"Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 – тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Жанкеге жүктелсін.
|
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Орынбеков |
| Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы "2" қарашадағы № 265 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулыларының тізімі
1. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2012 жылғы 5 қарашада № 1835 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қарашасында "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).2. "Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "С" желісінің құрылысын жүргізу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 297 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 398 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2014 жылғы 20 қаңтарда № 2104 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 ақпанындағы "Ақ жол" облыстық газетінде жарияланған).
