Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы №94 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1612 болып тіркелген, 2005 жылдың 28 мамырында "Ақ жол" газетінде жарияланған);
2) "Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы" Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы № 94 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 қарашадағы №390 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1736 болып тіркелген, 2009 жылдың 31 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған).
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актілердің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуовқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
