1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 "Шектеу шараларын енгізе отырып ветеринарлық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3647 санымен тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінде 2013 жылдың 19 қыркүйегінде № 55 санда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды әкім аппаратының бас маманы Баймешов А.М. жүктеймін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Құдықсай ауылдық округінің әкімі | Н.С. Ізтлеуов |
