Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № а-9/495 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2014 жылғы 23 қазандағы № 4418 Тізілімінде тіркелген, "Ереймен" және "Ерейментау" аудандық газеттерінде 2014 жылғы 1 қарашада жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Е.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е.Нұғыманов |
