1. "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі хатшысы – аппарат басшысының 2024 жылғы 10 қазандағы № 1-9/43 өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда айтылған өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларында:
3-тармақты мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) ғылыми мақалаларды Академияның ғылыми басылымдарында жариялау және баспа қызметін жүзеге асыру.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден түскен мынадай бағытта жұмсалады:
1) оқу және материалдық-техникалық базаны нығайтуға;
2) ақылы қызмет пен жұмыстарды өткізуге қатысқан профессорлық-оқытушы құрамның, мамандар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
3) профессорлық-оқытушылық құрамның, мамандардың қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
4) форумдар, семинарлар, конференциялар, оқыту тренингтері, дөңгелек үстелдер және имидждік іс-шаралар өткізуге арналған қызметтерге ақы төлеуге;
5) ғылыми-зерттеулер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін қызметке арналған шығыс материалдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
6) зерттеулер бойынша қызметтерге ақы төлеуге, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау, оның ішінде ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын редакциялау;
7) оқыту, зерттеулер және онымен байланысты іс-шаралар үшін үй-жайларды, жабдықтарды және техниканы жалдауға;
8) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәдесыйлар, турнирлер, жарыстар аясында кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімдерін сатып алуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шеңберінде ғылыми конференцияларға, семинарларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу бойынша зерттеу сипатындағы іссапарларға баруға;
10) аударма қызметтерін сатып алуға;
11) тауарларды сатып алуға арналған қосымша шаруашылық шығыстар (ағымдағы шаруашылық мақсаттарға арналған заттар мен материалдар, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу, отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу), жұмыстар (ғимаратқа қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу) және қызметтер (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу);
12) қызметкерлерге қосымша ақы, сыйақы беруге, әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге жұмсалады;
13) "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын қызметтік автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік мекеменің аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы №1-9/68 өкімімен бекітілген заттай нормаларына сәйкес көлік құралдарын сатып алу;
14) баспа және полиграфиялық өнімдерді дайындау мақсатында қызметтерді, шығыс материалдары мен жабдықтарды сатып алу
15) Академияның ғылыми еңбектері мен журналдарын басып шығаруына байланысты шығындар.".
2. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппаратының сот оқуы және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімі осы өкімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы |
Д. Мұратбеков |