1. "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Z947000_ жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне Қазақстан
Республикасының заң құжаттарын "Қазақстан Республикасындағы көлiк
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендiру туралы
ұсыныстар табыс ететiн болсын;
- Қазақстан Республикасының көлiк кодекстерiн әзiрлеп,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзсiн;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Заңға
сәйкестендiрсiн.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы
