ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 13-баптың 4-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды кен орнында уран өндіруге арналған келісімшарт немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.";
2) 28-1-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
3) 35-баптың 3-тармағындағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 36-бапта:
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) уранды барлауға арналған үлгілік келісімшарт;";
2-тармақтың бірінші бөлігінің 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"11) жер қойнауын пайдаланушының өзінің және мердігерлерінің көмірсутектер және уран саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын, көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауы жөніндегі міндеттемелері;
12) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен келісімшарттық міндеттемелерге жатқызылатын көмірсутектерді барлау және өндіру, уранды барлау немесе өндіру бойынша базалық жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бұзылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру, уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін сақтауы бойынша міндеттемелерді бұзушылығын қоса алғанда, келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;";
5) 40-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "уран өндіруге" деген сөздер "уранды барлауға немесе өндіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 41-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "уран өндіруге" деген сөздер "уранды барлауға немесе өндіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 42-баптың 3-тармағы "соттың" деген сөзден кейін "(арбитраждың)" деген сөзбен толықтырылсын;
8) 44-бапта:
5) тармақшадағы "бір пайыздан" деген сөздер "жиырма бес пайыздан" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы "жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда талап етілмейді." деген сөздер ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) иеленушісіне дауыс беру құқығын және жер қойнауын пайдаланушыны (немесе жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғаны) басқаруға қатысу құқығын бермейтін, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты тиесілі акциялар, пайлар және өзге де бағалы қағаздар (қаржы құралдары) ауысқан жағдайда талап етілмейді.
Бұл ретте, егер қандай да бір пассивті инвестор жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды, соның ішінде оның таза табысының жиырма бес пайызынан астамына құқық ала отырып иеленетін болса, осы Кодекстің 47-бабына сәйкес құзыретті органды хабардар ету талабы сақталады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құзыретті органның рұқсатынсыз, сол сияқты рұқсаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін жасалған, жер қойнауын пайдалану құқығының, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша мәмілелерді құзыретті органның талап-арызы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.";
9) 45-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 60-бапта:
бірінші бөліктегі "атқарушы" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац "пайдалы қатты қазбалар" деген сөздерден кейін ", уран" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау және өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
11) 61-бапта:
5) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау және өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "уранды және" деген сөздер "уранды барлау және өндіру," деген сөздермен ауыстырылсын;
6-2) тармақшадағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
12) 62-баптың 11-2) тармақшасындағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
13) 63-бапта:
тақырыптағы, бірінші абзацтағы, 1) және 2) тармақшалардағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
3) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уран" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-1) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2) уран саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізіліміне енгізу үшін оларды бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда, аталған тізілімді қалыптастыру және жүргізу;";
4) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "уран өндіру жөніндегі" деген сөздер "уран жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "уран өндіру кезінде" деген сөздер "уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы "уран өндіру" деген сөздер "уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 67-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы "және уран өндіру" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы "саласында жүзеге асырады." деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу саласында жүзеге асырады.";
15) 70-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы "көмірсутектер мен" деген сөздер "көмірсутектер, пайдалы қатты қазбалар және" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац "көмірсутектер" деген сөзден кейін ", пайдалы қатты қазбалар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияны беру үшін – жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында тиісті аумақ аукциондық санаттан пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға ғана жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аумақ санатына ауыстырылған күннен бастап қатарынан үш жылмен;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уранды барлауға арналған келісімшарт жасасу үшін – уранның кенденуі және (немесе) уран кенжатыны бар аумақпен;";
3) тармақшадағы "уран өндіруге" деген сөздер "уранды барлауға немесе өндіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 74-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобасы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кешенді сараптамаға жатады.
Кешенді сараптама нәтижелері бойынша берілген сараптамалық қорытындылар жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің қаралған жобаларын бекітуге негіз болуға тиіс.
Кешенді сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарының жобаларын бекітуге және іске асыруға жол берілмейді.";
17) 79-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
18) 116-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "кен орындарын сынап пайдалануды қоса алғанда, оларды" деген сөздер "бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды және сынамалап пайдалануды қоса алғанда, кен орындарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі "табылған кенжатынды (кен орнын) сынап пайдалануды қоса алғанда,", "сынап пайдалануды қоса алғанда," деген сөздер "бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды және сынамалап пайдалануды қоса алғанда, табылған кенжатынды (кен орнын)", "бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды және сынамалап пайдалануды қоса алғанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 121-бапта:
4-тармақтағы "олардың сынамалап пайдаланылуын қоса алғандағы" деген сөздер "олардың уақытша және сынамалап пайдаланылуын қоса алғандағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "жұмыстар бағалау жұмыстары деп танылады." деген сөздер "жұмыстар, сондай-ақ бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалану бағалау жұмыстары деп танылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Барлау кезеңінде тоқсан күннен астам мерзімге жүргізілетін бұрын бұрғыланған ұңғымаларды пайдалану ұңғымаларды уақытша пайдалану деп танылады.
6-2. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында көзделген технологиялық өлшемшарттарға сәйкес жер қойнауын ұтымды әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін, бұрын бұрғыланған ұңғыманың барлау кезеңіндегі жұмыс режимі оның бапталған жұмыс режимі деп танылады.";
20) 123-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Көмірсутектер кенжатыны табылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ішінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы сынауды тоқсан күннен астам мерзімге ұзарту арқылы оны уақытша пайдалануды жүргізуге құқылы.
Егер ұңғыманы сынау нәтижелері бойынша мұнай құрамында шикі газдың бар екені анықталса, осы Кодекстің 147-бабына сәйкес шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын әзірлеу және бекіту шартымен уақытша пайдалануға жол беріледі.
Ұңғыманы сынау нәтижелері бойынша мұнай құрамында шикі газ болмаған кезде ұңғыманың барынша бапталған (көмірсутектерді өндірудің ең аз көлемімен) және қауіпсіз жұмыс режимін қолдану шарттарымен оны уақытша пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер саласындағы уәкілетті органды ұңғыманың жоспарланып отырған жұмыс режимін көрсете отырып, ұңғыманы уақытша пайдаланудың басталғаны туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламаға ұңғыманы сынау нәтижелері туралы есеп қоса беріледі.
Уақытша пайдалану кезінде ұңғыманың жұмыс режимін белгілеу ерекшеліктері жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларында айқындалады.
Егер бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалану шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын және (немесе) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларының талаптарын бұза отырып жүргізілсе, көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган оған тыйым салуға құқылы.";
21) 125-бапта:
1-тармақ "сынамалап пайдалану жобасына" деген сөздерден кейін ", барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасына" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "кен орнын игеру жобасында" деген сөздерден кейін ", барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүргізуге арналған барлау жұмыстарының жобасында" деген сөздермен толықтырылсын;
22) 147-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі "Көмірсутектерді өндіруді" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ барлау кезеңінде бұрын бұрғыланған ұңғымаларды уақытша пайдалануды" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушылар шикі газды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету мақсатында көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге міндетті. Шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасы:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген оң қорытынды алынған базалық жобалау құжатының сараптамалары немесе əзірлеменің талдауы негізінде;
2) мұнай құрамында шикі газ болған жағдайда, бұрын бұрғыланған ұңғыманы уақытша пайдалануды жүзеге асыру кезінде әзірленеді. Бұл жағдайда шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында ұңғыманың барынша бапталған (көмірсутектерді өндірудің ең аз көлемімен) әрі қауіпсіз жұмыс режимі қолданылатын жұмыс режимі көзделуге тиіс.";
4-тармақтың екінші бөлігіндегі "әзірлеу жобасында және" деген сөздер "әзірлеу жобасында және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "әзірлеу жобасында және" деген сөздер "әзірлеу жобасында және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кен орнын әзірлеу жобасында және (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасында көзделмеген, сондай-ақ кен орнын әзірлеу жобасын және (немесе) шикі газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бұза отырып жүзеге асырылатын, шикі газды қабатқа айдауға тыйым салынады.";
23) VIII бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"VIII бөлім. Уранды барлау және өндіру";
24) 22-тараудың тақырыбындағы "Уран өндіруге арналған" деген сөздер "Уран бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 1-параграфтың тақырыбындағы "уран өндіруге арналған" деген сөздер "уран бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 160-бапта:
тақырыптағы "уран өндіруге арналған" деген сөздер "уран бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "өндіруге" деген сөз "барлауға немесе өндіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі "өндіруге арналған" деген сөздер "жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен игере қазуға жарамды кен орнында өндіруге арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілген ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға ғана берілуі мүмкін.
Кез келген келесі беру кезінде мұндай заңды тұлға алынған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тек уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғаға ғана беруге құқылы.";
27) 161-баптың 1-тармағындағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
28 ) 162-бапта:
1-тармақтағы "өндіруге арналған" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы "уран өндіруге" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы "Уран өндіруге" деген сөздер "Жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уран өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сәйкес уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік немесе өнеркәсіптік өндіру жобасын әзірлеуді және оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша осы Кодекске сәйкес барлау жұмыстарының жобасын әзірлеуді және оның сараптамасын қамтамасыз етуге міндетті;";
3) тармақшадағы "уранды өндіруге арналған типтік", "уран өндіруге" деген сөздер "уранды барлауға немесе өндіруге арналған үлгілік", "уранды барлауға немесе өндіруге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты және қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт жасасады және оның данасын (даналарын) уран саласындағы ұлттық компанияға жібереді.";
29) 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-параграф. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының тоқтатылуы";
30) 163-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"163-бап. Құзыретті органның уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуы
1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны жол берілген бұзушылық туралы мынадай:
1) осы Кодекстің 180-бабында көзделген есептілікті ұсынбаған не көрінеу анық емес есептілікті ұсынған;
2) жер қойнауын пайдаланушы уран өндіруге арналған келісімшартта белгіленген қаржылық міндеттемелерді есепті жыл үшін отыз пайыздан кем орындаған;
3) белгіленген графикке сәйкес қамтамасыз ету сомасын қалыптастырмай не қамтамасыз ету сомасын қалыптастыру графигін бұза отырып, жер бетінің тұтастығын бұзумен байланысты уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізген;
4) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген міндеттемелерді бұзған өзге де жағдайларда жазбаша хабардар етеді.
Жер қойнауын пайдаланушы жол берілген бұзушылық туралы хабарламаны алған күннен бастап үш ай ішінде – осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтарды жоюға, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелерді бұзушылықтарды – хабарламада көрсетілген мерзімде жоюға және жоюды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, құзыретті органға бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтардың біреуін үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта белгіленген өзге де міндеттемелердегі екіден астам бұзушылықты құзыретті органның хабарламасында көрсетілген мерзімде жоймаған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
2. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мынадай:
1) егер уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау жұмыстарының нәтижелерінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган растаған уранның кенденуін және (немесе) уран кенжатынын анықтамаған;
2) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт қолданысының мерзімі өткенге дейін бүкіл жер қойнауы учаскесін қайтарған;
3) құзыретті орган осы бапта көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайларда өзінің қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады.
3. Құзыретті орган:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
2) жер қойнауын пайдаланушының тиісінше бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарынсыз уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген;
3) осы Кодекстің 176-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында немесе жобалау құжатында көзделген уранның алынатын қорларын толық игере қазған;
4) осы Кодекстің 173-бабының 5-1-тармағында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған;
5) жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына қатысты осы Кодекстің талаптарын жер қойнауын пайдаланушы бұзған жағдайларда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуды жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы жүргізеді.
Жер қойнауын пайдаланушы мұндай хабарламаны алған күннен бастап екі ай өткеннен кейін келісімшарттың қолданысы тоқтатылады.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын құзыретті органның мерзімінен бұрын тоқтатуының заңдылығын олар хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде сотта даулауға құқылы. Жер қойнауын пайдаланушы сотқа жүгінген жағдайда, осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құзыретті орган, егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын біржақты тәртіппен тоқтатуға құқылы.
Келісімшарттың қолданысы көрсетілген негіз бойынша біржақты тәртіппен тоқтатылған жағдайда құзыретті орган бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға кемінде екі ай бұрын ескертуге тиіс.
7. Егер жер қойнауын пайдаланушының стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелеріне қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі әрекеттері ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін өзгертуге алып келетін жағдайда, құзыретті орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру мақсатында келісімшарттың, оның ішінде осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттың талаптарын өзгертуді және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.
Құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған мұндай келісімшарттың қолданысын, егер:
1) құзыретті органнан келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екі айға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдаланушы жазбаша түрде келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге өз келісімін растамаса не оны жүргізуден бас тартса;
2) келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келіссөздер жүргізуге жер қойнауын пайдаланушының келісімін алған күннен бастап төрт айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша келісімге қол жеткізбесе;
3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қалпына келтіру бойынша келісілген шешімге қол жеткізілген күннен бастап алты айға дейінгі мерзімде тараптар келісімшарттың талаптарына өзгеріске және (немесе) толықтыруға қол қоймаса, біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.";
31) 164-бапта:
тақырыптағы "Уран өндіруге арналған" деген сөздер "Уран бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
1, 2, 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап осындай келісімшартта бекітілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
2. Барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап барлау немесе өндіру учаскесі (учаскелері) мемлекетке қайтарылған болып саналады.
Егер уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта екі және одан да көп барлау немесе өндіру учаскесі бекітілген болса, онда барлау немесе өндіру учаскелерінің бірі бойынша барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған күннен бастап мұндай учаске мемлекетке қайтарылған болып саналады.
3. Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысы тоқтатылған кезде құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыны мына шешімдердің бірі:
1) осындай жер қойнауы учаскесіндегі жер қойнауын пайдалану салдарын жою;
2) жер қойнауы учаскесін консервациялауды жүргізу;
3) жер қойнауы учаскесін уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру туралы хабардар етеді.
4. Хабарлама мынадай мерзімдерде жіберіледі:
1) барлау немесе өндіру кезеңі аяқталған соң жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда – осындай аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын;
2) құзыретті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда – жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламаны жібере отырып, бір мезгілде;
3) тараптардың келісімі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты бұзған жағдайда – келісімшартты бұзу туралы келісімге қол қоя отырып, бір мезгілде.
5. Құзыретті органның жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жою не жер қойнауы учаскесін консервациялау шешімі туралы хабарламасын алған тұлға:
1) дереу тоқтатылуы төтенше жағдайлардың туындау қатерімен байланысты болатын операцияларды қоспағанда, жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатуға міндетті. Мұндай операцияларды тоқтату хабарламаны алған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс;
2) осы Кодексте көзделген жою немесе консервациялау жобасы сараптамаларының оң қорытындылары бекітілгеннен және алынғаннан кейін осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі жұмысты дереу бастауға міндетті;
3) хабарламаны алған күннен бастап алты ай ішінде өзі өндірген уранды, сондай-ақ өзінің меншігі болып табылатын жабдық пен өзге де мүлікті шығаруға құқылы. Көрсетілген мерзімде шығарылмаған жабдық пен өзге де мүлік осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес жойылуға немесе консервациялауға жатады.
6. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда, жер қойнауын пайдалану салдарын жою немесе жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізу қамтамасыз ету қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте уран саласындағы уәкілетті орган осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кепіл нысанын толық көлемде, ал осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда жер қойнауы учаскесін консервациялау бойынша жұмыстарды жүргізуге іс жүзінде шеккен шығындар көлемінде өндіріп алуға құқылы.";
"8. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, осы баптың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жабдық пен өзге де мүлік уран өндіруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап жаңа жер қойнауын пайдаланушының меншігіне ауысады, ол бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осындай жабдық пен мүліктің құнын салықтық есепке алу деректері бойынша берілетін тіркеп-белгіленген және амортизацияланатын активтердің құны негізінде мынадай тәртіппен айқындалатын мөлшерде төлейді:
берілетін тіркеп-белгіленген активтердің құны жер қойнауын пайдаланушының мүлкін беру жүргізілетін салықтық кезең алдындағы салықтық кезеңнің соңындағы салықтық есепке алуда көрсетілген, осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн мөлшерінде айқындалады. Берілетін тіркеп-белгіленген активтердің көрсетілген құны жер қойнауын пайдаланушының мұндай жабдығы мен өзге де мүлкін осындай беру жүргізілетін салықтық кезеңде шығып қалған тіркеп-белгіленген активтердің сомасына да азайтылады;
коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен уран өндіруге пайдалану блоктарын (полигондарын) дайындау кезінде құрылған, берілетін амортизацияланатын активтер тобының құны уранды өндіруге және (немесе) барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күнге салықтық есепке алуда көрсетілген құн мөлшерінде айқындалады.
Берілетін тіркеп-белгіленген және амортизацияланатын активтердің құны болмаған немесе осы Кодекстің 173-бабы 5-1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, жабдық пен өзге де мүлікті беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.";
32) 23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"23-тарау. Уранды барлау және өндіру учаскелері мен аумақтары";
33) 166 және 167-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"166-бап. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілетін жер қойнауы учаскелері
1. Жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде уранды барлау немесе өндіру үшін беріледі.
2. Уран саласындағы ұлттық компания уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес уранды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары мыналар ескеріле отырып, оның ажырамас бөлігі болып саналатын осындай келісімшартқа қосымшада белгіленеді:
1) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша уранды барлау немесе өндіру учаскесінің бастапқы кеңістіктік шекаралары мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына сәйкес айқындалады;
2) уран өндіру учаскесінің (учаскелерінің) кеңістіктік шекаралары (жоғары шекараны қоспағанда) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есепке сәйкес айқындалатын кен орны контурларының негізінде белгіленеді.
Егер барлау учаскесінің шегінде бірнеше жекелеген кен орны ашылса, жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары әрбір жекелеген кен орны үшін белгіленеді;
3) уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша бастапқы жер қойнауы учаскесін ұлғайту мақсаттары үшін сұралатын жер қойнауы учаскесінің кеңістіктік шекаралары жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған, табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) болжамды контурларын белгілейтін тиісті жобалық құжатқа толықтыруға сәйкес жер қойнауын зерттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша (жер қойнауының сұратылған учаскесінің жер қойнауын пайдаланудан бос болуы тұрғысынан) айқындалады;
4) осы Кодекстің 170-бабына сәйкес мемлекетке қайтару арқылы жер қойнауы учаскесі азайғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыда қалатын, уранды барлау немесе өндіру учаскесінің кеңістіктік шекараларын жер қойнауын пайдаланушы айқындайды.
3. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауы учаскелері олардың шегінде табылған кенжатынның және (немесе) уранның кенденуінің жатқан тереңдігімен шектеледі.
4. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартта бірнеше жер қойнауы учаскесі көзделуі мүмкін.
5. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей келіссөздер негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің көлемі жиынтығында екі жүз блоктан аспауға тиіс.
6. Жерасты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен игере қазуға жарамды, барлауға арналған жер қойнауы учаскелері уран саласындағы ұлттық компанияға ғана беріледі.
7. Ашық (карьерлік) немесе жерасты (шахталық) тәсілмен игере қазуға жарамды жер қойнауы учаскелерінде уранды барлауды уран саласындағы уәкілетті орган бекіткен геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламасы негізінде уран саласындағы ұлттық компания жүзеге асырады.
167-бап. Жер қойнауы учаскесін беру
1. Уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап жер қойнауы учаскесі жер қойнауын пайдаланушыға пайдалануға берілген болып саналады.
2. Учаскені және (немесе) тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңі мен өндіру кезеңін бекітуді көздейтін уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартты немесе уранды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшартқа қосымшаны жасасу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға өзіне қажетті жер учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін негіз болып саналады.";
34) 169-бапта:
бірінші абзацтағы "Уран өндіруге" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануында болған жағдайды қоспағанда, сұралатын жер қойнауы учаскесі уран бойынша жер қойнауын пайдаланудан бос болса;
3) жер қойнауы учаскесі контур шегінде жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте көзделген сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалау құжатында белгіленген, табылған уран кенденуінің және (немесе) уран кенжатынының контурлары орналасатын контур бойынша сұратылса;
4) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болмаса, жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі.";
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "уран өндіруге" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сұралатын учаскеге құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі не қорларды есептеу немесе ресурстар бойынша есеп;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) барлау учаскесі ұлғайтылатын жағдайда – жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және сұралатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдаланушы орындауға міндеттенетін, өтініш беруші жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде белгіленген барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша ең төмен талаптарға пропорционалды сәйкес келетін жұмыстардың көлемін, сипаттамасы мен орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы қоса беріледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, егер жер қойнауының барлық кеңейтілетін учаскесі немесе оның бір бөлігі уран бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша сол бір тұлғаның пайдалануындағы жер қойнауының басқа учаскесінің шекаралары шегінде орналасса, өтінішке жер қойнауы учаскесін мөлшерлес азайтуды көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру да қоса беріледі.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құзыретті орган өтініш берушіден қол қою бонусының төленгенін растауды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымшаны жасасады және өтініш берушіге оның бір данасын жібереді.
7. Жер қойнауы учаскесін ұлғайту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау немесе өндіру кезеңін ұзартуға негіз болмайды.";
35) 170-бапта:
бірінші абзацтағы "уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "уран өндіруге" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы, 6 және 7-тармақтардағы "уран өндіруге" деген сөздер "жер қойнауын пайдалануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"24-тарау. Уранды барлау және өндіру кезеңдері";
37) 24-тарау мынадай мазмұндағы 170-1 және 170-2-баптармен толықтырылсын:
"170-1-бап. Уранды барлау кезеңі
1. Жер қойнауы учаскесі бойынша уранды барлауға арналған келісімшартты жасасу кезінде барлау кезеңінің ұзақтығы қатарынан алты жылдан аспайды. Көрсетілген кезеңде жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінде кен орындарын іздестіру мен бағалау бойынша кез келген жұмысты жүргізуге құқылы.
2. Барлау кезеңі уранды барлауға арналған келісімшарт тіркелген күннен бастап есептеледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда барлаудың бүкіл учаскесін қайтару арқылы барлау кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.
170-2-бап. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін ұзарту
1. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлаудың бастапқы кезеңі жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге ұзартылуы мүмкін.
2. Жер қойнауы учаскесінде уранды барлауға арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған:
1) барлау кезеңінің жұмыс бағдарламасында көзделген жұмыстар толық көлемде орындалған;
2) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген міндеттемелердің жойылмаған бұзушылықтары болмаған:
3) келісімшарт бойынша барлау мерзімі бұрын осы тармаққа сәйкес ұзартылмаған кезде жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша бір рет ұзартылуы мүмкін.
3. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға барлау кезеңі ішінде береді.
4. Барлау кезеңін ұзарту туралы өтініште мыналар қамтылуға тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) уранды барлауға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) барлау кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) барлау кезеңін ұзартудың негізі мен сұралатын мерзімі;
5) жер қойнауы учаскесі бойынша тиісті жобалау құжаттарының негізінде айқындалған, барлау кезеңін ұзартудың сұралатын, бірақ қатарынан бес жылдан аспайтын мерзімі.
5. Келісімшарттар бойынша барлау кезеңін ұзарту туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңі ұзартылған жағдайда жер қойнауының тиісті учаскесінде орындауға міндеттенетін қосымша жұмыстардың көлемін, сипатын және орындалу мерзімдерін қамтитын қосымша жұмыстар бағдарламасы;
2) жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа:
барлау кезеңін ұзартуды;
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және келісімшартқа оның ажырамас бөлігі ретінде қоса берілетін қосымша жұмыстар бағдарламасын орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндетін көздейтін толықтыру.
6. Егер құзыретті орган жер қойнауы учаскесі бойынша өтінішті қарау кезеңінде өтініште көрсетілген барлау кезеңі аяқталса, онда уранды барлауға арналған келісімшарт мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты өтінішті қарау кезеңінде қолданылуын жалғастырады.
Бұл ретте көрсетілген мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.
7. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган барлау кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе оны ұзартудан бас тартады.
8. Құзыретті орган барлау кезеңін ұзартудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сай келмеген;
2) осы баптың 1 – 3-тармақтарында көзделген барлау кезеңін ұзарту үшін негіздер болмаған;
3) құзыретті органның хабарламасында көрсетілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелердің жер қойнауын пайдаланушы жоймаған бұзушылықтары болған жағдайларда бас тартады.
Құзыретті органның барлау кезеңін ұзартудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
9. Құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш берушімен уранды барлауға арналған келісімшартқа тиісті толықтыруды жасасады және өтініш берушіге оның қол қойылған бір данасын жібереді.";
38) 173-баптың 5-1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, құзыретті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын алғаннан кейін уран өндіруге арналған келісімшарт ережелерінде және жекелеген келісімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген, уран өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорынның шетелдік қатысушысы (акционері) және (немесе) шетелдік үкімет ұсынатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және (немесе) мемлекет үшін жалпыұлттық құндылығы бар стратегиялық жобаларды іске асыруға байланысты мөлшерлес міндеттемелерді бекіту шартымен уран өндіру кезеңін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.";
39) 174-бапта:
тақырыптағы "Уран" деген сөз "Уранды барлау немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уранды барлау мен өндіруді жүргізудің міндетті шарттары:
1) жер қойнауын қорғауды қамтамасыз ету;
2) жоғары технологияларды қолдану және жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауын ұтымды әрі экономикалық тұрғыдан тиімді пайдалану;
3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын ұтымды, қауіпсіз, қажетті және экономикалық тұрғыдан тиімді болып саналатын жалпы қабылданған халықаралық практика жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы болып түсініледі.";
3-тармақтың 1) және 7) тармақшаларындағы "уран өндіру" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жер қойнауын пайдаланушылар уран кен орындарын барлау мен әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жобалау және жүргізу кезінде осы Кодексте белгіленген жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.";
5-тармақтағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы учаскесінің аумағындағы бұрын бұрғыланған барлық ұңғыманы балансқа қабылдауға, олар бойынша мониторинг жүргізуге міндетті.
7. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын әзірлеуге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
8. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, минералдық шикізат базасын ұтымды пайдалану және орнықты дамыту мақсатында уран саласындағы уәкілетті орган уран өндіру көлемін қысқарту туралы шешімді біржақты тәртіппен қабылдауға құқылы. Уран саласындағы уәкілетті органның шешімі ресми жарияланған кезінен бастап күшіне енеді және жер қойнауын пайдаланушының орындауы үшін міндетті болады.";
40) 25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"25-тарау. Уранды барлау және өндіру шарттары";
41) 25-тарау мынадай мазмұндағы 174-1-баппен толықтырылсын:
"174-1-бап. Уранды барлау шарттары
1. Іздестіру және бағалау жұмыстары барлау жұмыстарының жобасына сәйкес жүргізілуге тиіс.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау кезеңінде және осы Кодексте белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлау аумағында уранды барлау жөніндегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге құқылы.
3. Уранды барлау жөніндегі жұмыстар жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес барлау жұмыстары жобасында көзделген әдістермен және тәсілдермен жүргізілуге тиіс.
4. Уранды барлау кезінде барлау жұмыстары жобасында көзделген ұңғымаларды бұрғылауға жол беріледі.
5. Табуды растау туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының атауы;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) табылған кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) орналасқан жеріне және болжамды контурларына нұсқау қамтылуға тиіс.
6. Өтінішке табудың мынадай құжаттамалық растауларының кем дегенде біреуі:
1) құрамында уран бар кендердің болуын растайтын геофизикалық (радиометриялық, гамма-каротаждық) зерттеулердің нәтижелері;
2) уранның өнеркәсіптік құрамын растайтын тау жыныстары сынамаларының зертханалық зерттеулерінің нәтижелері қоса беріледі.
7. Өтініш жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растау туралы шешім қабылдайды немесе растаудан бас тартады.
8. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаудан:
1) өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
2) қоса берілген табуды құжаттамалық растау болмаған немесе анық болмаған жағдайда бас тартады.
9. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның табуды растаудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган табуды растаған күннен бастап бір ай ішінде бұл туралы құзыретті органды жазбаша хабардар етуге және бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін барлау жұмыстары жобасына толықтыруларды әзірлеуді бастауға міндетті.
11. Барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы:
1) барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын техникалық құралдардың зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес оңтайлы болуын;
2) бүкіл жұмыс барысын, алынатын зерттеу деректері мен нәтижелерін геологиялық құжаттамада уақтылы және анық көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.";
42) 176-баптың 9-тармағындағы "5-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "5-1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 177-бапта:
тақырыптағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор жүзеге асырады.
Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасына сәйкес жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекіткен уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Барлау учаскесінде не жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан барлау учаскесінің бір бөлігінде уранды барлау жөніндегі операциялар болмаған кезде не мұндай операциялар жер бетін (су айдындарының түбін) бұзбай жүргізілген кезде, осы барлау учаскесінде немесе оның бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.
Бұл ретте тарату жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ екенін растайтын барлау учаскесін не оның бір бөлігін тексеру актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған адамдар қол қояды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, келісуді, сараптауды және бекітуді келісімшарт мерзімі өткенге дейін кемінде бір жыл бұрын қамтамасыз етуге;
2) осы Кодекстің 163-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, алты ай ішінде уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасын әзірлеуге және осы Кодексте көзделген сараптамалардан өту үшін ұсынуға;
3) осындай тоқтату күнінен бастап он екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға кірісуге;
4) уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жобасында белгіленген мерзімдерде жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану салдарын жоюды аяқтауға міндетті.";
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "өндіру" деген сөз "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушы не тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған, қатысу үлесі уран саласындағы ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі тұлға болмаған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндеттемелер уран саласындағы ұлттық компанияға жүктеледі.";
5-тармақтағы "Уран өндіру" деген сөздер "Жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Барлау салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету уранды барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде барлау жұмыстары жобасында айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы осындай жобалау құжатында көзделген операцияларды жүргізу басталғанға дейін қалыптастырылады.
Барлау жұмыстары жобасына барлау салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнын арттыруды көздейтін толықтыру бекітілген жағдайда, қамтамасыз етудің тиісті қосымша сомасы осындай жобалау құжатында көзделген жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін енгізілуге тиіс.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Өндіру салдарын жою жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы болып саналатын банктік салым жою жоспарында уран өндірудің жоспарланатын көлеміне пропорционалды түрде айқындалған сома мөлшеріндегі ақшалай жарна арқылы қалыптастырылады.
Уран бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға жұмсалған шығындардың жалпы сомасы уран өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстардың нарықтық құны негізінде айқындалады және жою жоспарын әзірлеу шеңберінде кемінде үш жылда бір рет қайта есептелуге жатады.";
9-тармақтағы "уран өндіру" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша уран саласындағы уәкілетті орган, егер жоюды жүргізу ауа райына және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін болмаса немесе айтарлықтай қиындаған болса, уран өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою мерзімін жою жобасында көзделген мерзім өткен күннен бастап бір жылға дейінгі кезеңге ұзартады.
11. Уран өндіру салдарын прогрессивті жою осы Кодекстің 182-3-бабына сәйкес әзірленген уран өндіру салдарын жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.";
44) 178-бапта:
"уран өндіру саласындағы уәкілетті органның", "уран өндіру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "уран саласындағы уәкілетті органның", "уран саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларындағы "бір пайызы" деген сөздер "кемінде бір пайызы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
45) 179-бапта:
тақырыптағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Уран өндіру" деген сөздер "Уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы "Уран өндіруге", "уран өндіру саласындағы" деген сөздер тиісінше "Уранға", "уран саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 2) тармақшасында:
"уран өндіру саласындағы" деген сөздер "уран саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уран өндіру" деген сөздер "уранды барлау немесе өндіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасында аталған жер қойнауын пайдаланушылардың ұлттық басқарушы холдинг айқындаған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін бұза отырып шеккен шығыстары ұлттық басқарушы холдинг құзыретті органға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарынан кешіктірмей ұсынатын сатып алу мәселелері бойынша жылдық есепте (ақпаратта) қамтылған мәліметтер негізінде, құзыретті орган тиісті жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерін орындауы ретінде есепке алатын шығыстардан алып тасталады.";
46) 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"180-бап. Жер қойнауын пайдаланушының уранды барлау, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және өндіру кезіндегі есептілігі
1. Жер қойнауын пайдаланушы уранды барлауға арналған келісімшарттар бойынша мынадай мерзімді есептерді ұсынуға міндетті:
1) келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;
2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп;
3) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп;
4) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп;
5) геологиялық есептер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 4) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша мынадай есептерді ұсынуға міндетті:
1) геологиялық есеп;
2) Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералдық ресурстар және минералдық қорлар туралы жария есептіліктің қазақстандық кодексіне (KAZRC кодексі) сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның қорлар бойынша есебі не қорларды есептеу бойынша есеп;
3) келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есеп;
4) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
5) уран өндіру бойынша жүргізілген операциялар, оларға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
6) кадрлардағы елішілік құндылық туралы есеп;
7) қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша шығыстар туралы есеп;
8) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар туралы есеп;
9) уран өндіру бойынша есеп;
10) сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ олардағы елішілік құндылық көлемі туралы есеп;
11) жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалардың және (немесе) ұйымдардың құрамы туралы есеп.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген есептер жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) – 5) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) – 11) тармақшаларында көзделген есептер уран саласындағы уәкілетті органға оның өзі бекітетін нысандар мен тәртіп бойынша ұсынылады.";
47) 181-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "уран өндіруге", "пайдалану келісімшартында", "уран өндіру" деген сөздер тиісінше "жер қойнауын пайдалануға", "пайдалануға арналған келісімшартта", "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"26-тарау. Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары";
49) 182-бапта:
тақырыптағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) барлау жұмыстарының жобасы.";
2 және 4-тармақтардағы "Уран өндіру" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "уран өндіру" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте өндіру көлемінің артуы келісімшарттың және (немесе) кен орнын әзірлеу жобасының жұмыс бағдарламасында бекітілген уран қорларының ұлғаюына алып келмейді.";
8-тармақтағы "тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және кен орнын әзірлеу жобасы" деген сөздер "жобалау құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 182-2 және 182-3-баптармен толықтырылсын:
"182-2-бап. Барлау жұмыстарының жобасы
1. Барлау жұмыстарының жобасы барлауға арналған келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі ай ішінде жасалады.
2. Барлау жұмыстарының жобасы барлаудың барлық кезеңіне әзірленеді.
3. Барлау жұмыстарының жобасы мыналарды қамтуға тиіс:
1) учаске бойынша уранды барлау жөніндегі жұмыстар түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен орындау мерзімдерінің сипаттамасы;
2) жер қойнауын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
3) уранды барлаудың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды орындаудың мерзімдері, шарттары мен құны туралы ақпарат.
4. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасында мәлімдеген жұмыстардың бүкіл көлемі мен оларды орындау мерзімдерін қамтуға тиіс.
5. Табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, мұндай жұмыстар әрбір табылған кенжатын (кенжатындар жиынтығы) бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы барлау жұмыстарының жобасында көзделеді.
Бұл ретте барлау жұмыстарының жобасына табылған кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) бағалау бойынша жұмыстарды жүргізу түрлерінің, тәсілдерінің, технологияларының, көлемі мен мерзімдерінің сипаттамасы кіреді.
6. Барлау жұмыстарының жобасы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдаланудың бірыңғай қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланудың оң практикасы негізінде әзірленеді.
7. Жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған барлау жұмыстарының жобасында көрсетілмеген, сондай-ақ осындай барлау жұмыстарының жобасы болмаған кезде кен орындарын іздестіру, барлау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
8. Жер қойнауын пайдаланушы уран кен орнын тапқан кезде геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша уран қорларын есептей отырып есеп жасалады. Уран қорларын есептеу жөніндегі есеп жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жер қойнауының мемлекеттік сараптамасына жатады.
9. Барлау жұмыстарының жобасы бекітілгеннен кейін оның көшірмесі уран саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
182-3-бап. Уран өндірудің салдарын жою жобасы
1. Уран өндіру жөніндегі операциялардың салдары жою жоспарының негізінде әзірленген жою жобасына сәйкес жойылады.
2. Жою жоспары – өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылымдық объектілерді пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бүлінген жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралардың, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операциялар салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстардың сипаттамасын, сондай-ақ жою жөніндегі осындай іс-шаралар құнын есептеуді қамтитын құжат.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жою жоспары болмаған кезде уран өндірудің салдарын прогрессивті жоюға тыйым салынады.
4. Уран өндірудің салдарын жою жоспары мен жобасына қойылатын талаптар уран саласындағы уәкілетті орган бекітетін уранды барлау мен өндіруді жүргізу кезіндегі консервациялау және жою қағидаларында белгіленеді.
5. Уран өндірудің салдарын жою жоспары жер қойнауы учаскесінің және жойылуға жататын тиісті технологиялық объектілердің іс жүзіндегі жай-күйі негізге алына отырып, әр үш жыл сайын жасалады.";
51) 183-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы берген оң қорытындысы;";
52) 183-1-бапта:
тақырыптағы "Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға" деген сөздер "Уран бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "әзірлеу" деген сөз "барлау және әзірлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Тәуелсіз сарапшыларды тарту және біліктілік тұрғысынан іріктеу, сондай-ақ тәуелсіз сараптамаға ақы төлеу тәртібін уран саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының және әзірлеме талдауларының тәуелсіз сараптамасына жер қойнауын пайдаланушы ақы төлейді.";
3-тармақтағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы "уран ресурстары мен қорларын бағалау туралы" деген сөздер "жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған қорларды есептеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 184-баптың 3-тармағындағы "өндіру" деген сөз алып тасталсын;
54) 221-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) өндіруге арналған лицензия алынған күннен бастап кен орнын игеру мерзімін екі жылдан артық кешіктіруге алып келген, осы Кодекстің 221-8-бабы 3-тармағының талаптарын бұзушылық.";
55) мынадай мазмұндағы 28-2-тараумен толықтырылсын:
"28-2-тарау. Уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тәртіппен беру
221-6-бап. Уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тәртіппен беру шарттары
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания деп танылады.
2. Осы тарауда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жалпы негіздерде пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания уран мен көмірді қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге құқық алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұсынымы негізінде пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбалар мен уранды қоспағанда) барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығы осы Кодекстің 221-1-бабына сәйкес аукцион негізінде берілетін аумақтарды құзыретті орган пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тәртіппен беруге арналған аумақтар санатына ауыстыруға тиіс.
Бұл ретте көмірді барлау және өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін аумақ пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тәртіппен беруге арналған аумақ санатына ауыстырылуға жатпайды.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органның ұсынымы үшінші тұлғалардың аукционға қатысуға өтініштерін қабылдау басталған күнге дейін шығарылуға тиіс.
Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия беруден бас тартылған жағдайда, құзыретті орган тиісті аумақ бойынша аукционға қатысуға өтініштер қабылдауды бастаудың жаңа мерзімін белгілейді, ол мерзім мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына аумақты пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға жер қойнауын пайдалану құқығын басым тәртіппен беруге арналған аумақтар санатынан аукцион аумағы санатына ауыстыру туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
221-7-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беру тәртібі
1. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға ниеті бар пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания құзыретті органға осы Кодекстің 187-бабының талаптарына сәйкес өтініш жібереді.
2. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтінішті қарау осы Кодекстің 188-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
221-8-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру тәртібі
1. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ниеті бар пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания құзыретті органға осы Кодекстің 204-бабының 3-тармағының 6), 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, 204-бабының талаптарына сәйкес өтініш жібереді.
2. Көмір мен уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтінішті қарау осы Кодекстің 205-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания немесе пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компания жер қойнауын пайдалану құқығын берген бірлескен кәсіпорын өндіруге арналған лицензияны алған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кен орнын игеруге кірісуге міндетті.
221-9-бап. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға басым тәртіппен берілген жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) ауысуы
1. Құзыретті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда инвестицияларды жүзеге асыру, технологияларды беру және өндірісті қаржыландыру жөнінде міндеттемелерді қабылдаған заңды тұлға стратегиялық әріптесі болып саналатын, пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияның акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) кемінде отыз пайызы бар бірлескен кәсіпорынның пайдасына жер қойнауын пайдалану құқығының ауысу жағдайларын қоспағанда, осы тарауға сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығының ауысуына тыйым салынады.
2. Осы тарауға сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің үшінші тұлғаға ауысуы пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияның акцияларының бақылау пакеті тиесілі ұлттық басқарушы холдинг айқындаған тәртіппен өткізілетін бәсекелестік тәсілмен өткізу негізінде жүзеге асырылады.
3. Осы тарауға сәйкес пайдалы қатты қазбалар саласындағы ұлттық компанияға берілген жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуының барлық жағдайында ұлттық компанияның жер қойнауын пайдалану құқығындағы не бірлескен кәсіпорындағы қалған үлесінің мөлшері кемінде отыз пайызды құрауға тиіс, бұл ретте ұлттық компанияның лицензия бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың шешімдер қабылдауын бақылау құқығы міндетті түрде болуы қажет.
4. Осы бапқа сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің ауысуы тәуелсіз консультанттарды тарта отырып жүзеге асырылады.";
56) 249-баптың 2) тармақшасындағы және 258-баптың 3-тармағының 3) тармақшасындағы "және радиоактивті" деген сөздер алып тасталсын;
57) 277-баптың 14-тармағының 13), 13-1) және 14) тармақшаларындағы "уран өндіру" деген сөздер "уран" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 44) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
