Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 211-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәтібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

      124-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери жиындарға шақыру кезеңінде әскери міндетін орындағаны үшін жұмыскерге жалақы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілген міндетті орындайтын жері бойынша төленеді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жергілікті әскери басқару органдарына шақыру кезінде әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал әскерге шақыру бойынша әскери қызметті (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметті қоспағанда) өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.".

      2. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы "және әскери-патриоттық тәрбиені" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;";

      "6-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;";

      3) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-4), 7-5) және 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-4) Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      7-5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрады және олар туралы ережені бекітеді;

      7-6) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды іске асырады;";

      4) 4-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету

      Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жүзеге асырады және ол:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарында патриотизм мен қазақстандық біртектілікті;

      2) барлық білім беру деңгейі мен барлық әлеуметтік топта әскери-патриоттық тәрбие жүйесін;

      3) әскери қызметтің, әскери қызметшінің, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мәртебесінің оң имиджін қалыптастыру үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауға бағытталған.";

      5) 22-баптың 2-тармағында:

      9) тармақшадағы "әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да білім беру ұйымдарының" деген сөздер "ведомстволық әскери оқу орындарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9-1) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "16-5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      26-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      26-20) тармақшадағы "білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы" деген сөздер "ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-23) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 26-35), 26-36) және 26-37) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-35) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;

      26-36) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдіктерін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;

      26-37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".

      3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу;".

      4. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 38-3) тармақшасы "дамытуға" деген сөзден кейін ", әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 6-бапта:

      2-тармақта:

      4) тармақша "дарынды балаларды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      13) тармақша "ауқымдағы конкурстар" деген сөздерден кейін ", облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:

      14) тармақша "дарынды балаларды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      15) тармақша "мектеп олимпиадаларын," деген сөздерден кейін "бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы "арналған" деген сөзден кейін "немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі "Дарынды адамдардың" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әскери іске қызығушылық пен қабілет танытатын адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 18-баптың екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде" деген сөздер "әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 23-баптың 3-тармағы "бекітетін білім беру бағдарламаларын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 26-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "50-1-бабының 2) тармақшасына" деген сөздер "50-1-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери-патриоттық тәрбие білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.";

      9) 43-1-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) білім алушыларды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;";

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, босанған, бала асырап алған жағдайларда бала үш жасқа толғанға дейін, сондай-ақ әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыстар беру;";

      10) 47-баптың 17-2-тармағы 4) тармақшасындағы "адамдарға беріледі." деген сөздер "адамдарға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;

      6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға беріледі.";

      11) 59-1-бапта:

      2-тармақта:

      13) тармақша "дарынды балаларды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) тармақша "шеберлік конкурстарын" деген сөздерден кейін ", бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың 9) тармақшасы "шеберлік конкурстарын" деген сөздерден кейін ", бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар" деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 10-баптың 12-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген

      азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

      Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.";

      2) 51-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.";

      3) 52-баптың 2-тармағында:

      1) тармақшадағы "қатардағы" деген сөз "курсанттарды қоспағанда, қатардағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-1) тармақша "тыңдаушылар қатарынан" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      5) тармақшадағы "әскери есепке алынғанға" деген сөздер "әскерге шақыру жасына толғанға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақшадағы "органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген" деген сөздер "органдарында әскери есепте тұратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшаның үшінші абзацындағы ", әскери оқу орындарына түскен кезде әскерге шақырылушыларды және әскери кафедралардың студенттерін" деген сөздер алып тасталсын;

      14) және 25-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) әскери кафедра (әскери факультет) – запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;";

      "25-2) әскери-оқу практикасы – әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;";

      мынадай мазмұндағы 25-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-3) әскери резидент-дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын әскери қызметші;";

      26) және 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) бастапқы әскери даярлық – орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде әскери іс негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);";

      "30-1) жас айбын – әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын адам;";

      мынадай мазмұндағы 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-2) жас сарбаз – әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тәрбиеленетін және білім алатын адам;

      30-3) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар – резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша өткізілетін іс-шаралар;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) курстық даярлық – белгілі бір әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери білім мен дағдыларды алуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған, мыналарда:

      әскери қызметшілер үшін әскери оқу орындарында, әскери басқару органдарының оқу орталықтарында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында немесе халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында;

      әскери міндеттілер үшін әскери оқу орындарында, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында жүзеге асырылатын әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерге қосымша білім беру нысаны;";

      мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-2) қатардағы жауынгерлер (матростар) – қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы – азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды, қайта даярлауды, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді курстық даярлықты, оның ішінде көлік құралдарын басқару бойынша даярлауды өтеусіз, өтеулі негіздерде жүзеге асыратын ұйым;";

      44) және 46) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:

      "52) штаттан тыс құрамның әскери лауазымы – әскери кафедраның (әскери факультеттің) студенттерді әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі лауазымдық өкілеттіктер жүктелген штат бірлігі.";

      2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы "біліктілігін арттыруда," деген сөздерден кейін "курстық даярлықта," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Әскери міндеттілердің жалпы міндеттері

      1. Әскери міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) әскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауға;

      3) әскери білім мен дағдыларды алу, сақтау және жетілдіру үшін, оның ішінде кезекті әскери атақтар алу үшін әскери жиындардан не әскери міндеттілердің курстық даярлығынан өтуге;

      4) әскери даярлық кезеңінде тәртіпті, қырағы болуға;

      5) әскери даярлық кезеңінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) әскери даярлық кезеңінде әскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге міндетті.

      2. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің лауазымдық және арнаулы міндеттері жалпыәскери жарғыларда айқындалады.

      3. Әскери міндеттілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.";

      4) 2-тараудың тақырыбы "және әскери-патриоттық тәрбиелеу" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 9-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:

      1) мыналар:

      қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық;

      мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық;

      бастапқы әскери даярлық;

      запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықты;

      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери даярлықты;

      3) әскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды әскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы және білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (әскери факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.

      Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленеді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы әскери даярлықты, оның ішінде әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады.";

      6) 10-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Алғашқы әскери даярлықты:

      1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының әскери кафедрасында (әскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен;

      2) офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарында әскери қызмет өткерген (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар азаматтар жүзеге асыра алады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған азаматтардың кәсіптік дағдылары бастапқы әскери даярлық бейіні бойынша кәсіптік білімге сай келеді және олар бастапқы әскери даярлық қағидаларына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда бастапқы әскери даярлықты жүзеге асыруға құқылы.";

      2-тармақтағы "Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылар алдында" деген сөздер "әскери қызмет өткеру кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтағы "тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды" деген сөздер "тәртібі бастапқы әскери даярлық қағидаларында айқындалады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық

      1. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылады.

      2. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру және одан өту тәртібі мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларында айқындалады.

      3. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.

      4. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына бірінші басшылар мен педагогтер лауазымдарына тағайындау және оларды лауазымдарынан босату тәртібі, сондай-ақ олардың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.

      5. Әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылады.";

      8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

      "11-1-бап. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық

      1. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жас айбындар сыныптарында, топтарында жүзеге асырылады. Сондай-ақ жас айбындарды әскерге шақыруға дейінгі даярлық балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда және әскери бөлімдердің (мекемелердің) қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Әскерге шақыруға дейінгі даярлықты ұйымдастыру және одан өту тәртібі қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларында айқындалады.";

      9) 13-бапта:

      1-тармақ "тапсырысына сәйкес" деген сөздерден кейін "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Әскери-оқу практикасы әскери бөлімдердің (мекемелердің), әскери оқу орындарының оқу-материалдық, техникалық базасы пайдаланыла отырып жүргізіледі.";

      2-тармақтағы "запастағы кіші сержант" деген сөздер "запастағы сержант" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтарды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі:

      1) әскери кафедра (әскери факультет) қызметінің қағидаларын;

      2) әскери кафедрадағы (әскери факультеттегі) әскери даярлық бағдарламаларының тізбесін;

      3) әскери кафедрада (әскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.";

      10) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы

      1. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы жұмылдыру қажеттілігіне және әскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес өтеулі негізде жүргізіледі.

      2. Әскери міндеттілердің курстық даярлығы бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақ әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен беріледі.

      3. Әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу тәртібі Қорғаныс министрлігі бекітетін әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      11) 2-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Әскери-патриоттық тәрбие

      1. Әскери-патриоттық тәрбие – әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға әзірлікті қалыптастыру және осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты және үйлестірілген қызметі.

      2. Әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің үздіксіз болуын қамтамасыз ететін, өзара байланысты құралдардың, әдістердің, құжаттардың, іс-шаралардың, әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің жиынтығын білдіреді.

      Әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері қызметінің бағыттарын үйлестіру мен айқындауды, сондай-ақ мұндай қызметті ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді қамтиды.

      3. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілері болып табылады.

      Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін үйлестіруді әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері жүзеге асырады, олар:

      Қорғаныс министрлігі жанынан – республикалық;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан – аумақтық болып құрылады.

      Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

      Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруы және олардың қызмет тиімділігін арттыру;

      2) әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тәжірибені зерделеу және тарату;

      3) әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.

      Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құрамы, өкілеттіктері мен қызмет тәртібі тиісінше Қорғаныс министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелерде айқындалады.

      Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені Қорғаныс министрлігі әзірлейді және бекітеді.

      4. Шетелдік заңды және жеке тұлғалар, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, әскери-патриоттық тәрбие бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      12) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әскери есепке алу";

      13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу

      1. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу – азаматтарды бастапқы әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдары жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.

      2. Жергілікті әскери басқару органдарына тіркелуге мыналар жатады:

      1) он жеті жасқа толған ер азаматтар;

      2) бұрын әскери есепте тұрмаған ер азаматтар;

      3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;

      4) әскери-есептік мамандығы бар әйел азаматтар.

      3. Азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарына тіркеу әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      14) 17-бапта:

      тақырыптағы ", әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтың 4) тармақшасындағы "әскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген және" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігінде:

      "жерінің өзгеруі туралы;" деген сөздер "жерінің, жұмыс (оқу) орнының өзгеруі туралы; білімінің болуы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "танылғандығы;" деген сөзден кейін "стационарлық емделуде болуы және динамикалық байқауда тұратындығы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "болуы не болмауы туралы" деген сөздерден кейін "; оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқаны; сот оларға қатысты қылмыстық істерді қарап жатқаны, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      15) 18-бапта:

      3-тармақта:

      "Мерзімді қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндізгі оқу бөлімдерінде оқыған уақыты" деген сөздер "Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың арнаулы оқу орындарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты" деген сөздер "не осы мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған, бұрын мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтар оқудан шығарылған жағдайда, белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар оқудан шығарылған жағдайда келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.";

      4-тармақта:

      екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер оны әскери жиындарға (әскери міндеттілердің курстық даярлығы аяқталғаннан кейін) және жұмылдыру бойынша шақырылған кезде қабылдайды.

      Әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері әскери антты запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына сәйкес Отан қорғаушы күні қарсаңында қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде білім алатын әскерге шақырылушылар әскери антты әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау қағидаларына сәйкес оқуды бітіргеннен кейін қабылдайды.";

      16) 20-бап мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:

      "Ескертпелер.

      1. Осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген "лейтенант" әскери атағында еңбек сіңірген мерзім, егер әскери қызметші:

      курсант бола тұра, бес және одан көп жыл бойы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше әскери оқу орнында білім алса;

      техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының әскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары әскери оқу орнына түссе және курсант бола тұра, төрт және одан көп жыл бойы білім алса, бір жылға дейін қысқартылады.

      2. Егер әскери қызметші курсант бола тұра, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше әскери оқу орнында алты жыл бойы білім алса немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының әскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары әскери оқу орнына түссе және курсант бола тұра, бес жыл бойы білім алса, онда осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген "аға лейтенант" әскери атағында еңбек сіңірген мерзім де қысқартылады және екі жылды құрайды.";

      17) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:

      "4-3. Штаттан тыс құрамның әскери лауазымына Қарулы Күштердің әскери қызметшісі әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес тағайындалады.";

      18) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде бастапқы әскери даярлық қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру ерекшеліктерімен әскери киім нысанын киіп жүруге де рұқсат етіледі.";

      19) 26-баптың 10-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кірген, мерзімді әскери қызметпен қоса жиынтығында он екі айдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен шығарылған қатардағы және сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін, бірақ кемінде үш айға әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада (әскери факультетте) немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтпеген, келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кірген, он екі айдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен шығарылған азаматтар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген және әскери, арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген, жиырма алты жасқа толмаған курсанттар мен кадеттер әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен мерзімді әскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы.";

      үшінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;

      20) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "әскери кафедраларға" деген сөздерден кейін "(әскери факультеттерге)" деген сөздермен толықтырылсын;

      21) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері

      Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар көрсетілген күні мен уақытында жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша (медициналық куәландыруға немесе зерттеп-қарауға, зерделеу жүргізуге, әскерге шақыру комиссиясының отырысына немесе әскери қызмет өткеру үшін әскери бөлімге (мекемеге) жіберу, сондай-ақ әскери қызметке қатыстылығын айқындау үшін) келуге міндетті.

      Шақыру келу күніне дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын ұялы байланыстың абоненттік нөміріне және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мәтіндік хабар арқылы шақыру қағазын жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Ұялы байланыстың, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы қолма-қол жеткізіледі не тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша пошта арқылы жіберіледі. Жергілікті әскери басқару органдарының уәкілетті адамдары, ұйым басшысы не пошта операторының курьері шақыру қағазын әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа оның қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етеді.

      Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан кезде оны табыс ететін адам шақыру қағазына тиісті белгі жасайды, ол жергілікті әскери басқару органына қайтарылады. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан азамат тиісті түрде хабарланған болып табылады.

      Қажет болған кезде қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа жергілікті әскери басқару органында табыс етіледі, бұл ретте келу күні келесі күннен кешіктірілмей белгіленуге тиіс.

      Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат шақыру қағазын мынадай жағдайларда:

      1) өзі жергілікті әскери басқару органына берген не азаматтың атына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша алса, жеткізілгенін растайтын есеп алынған кезде;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жіберіле отырып, "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетінде;

      3) тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша алса, сондай-ақ шақыру қағазын жергілікті әскери басқару органында алған кезде тиісті түрде хабарланған болып табылады.

      Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарды, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгеруіне байланысты оқымаған жағдайда, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.

      Әскерге шақырылуға жататын азамат шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дәлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған жергілікті әскери басқару органын хабардар етуге міндетті.

      Әскери қызметке шақырылуға жататын, шақыру туралы тиісті түрде хабарланған азаматтың келмеуінің дәлелді себептері мыналар болып табылады:

      1) адамды келу мүмкіндігінен айыратын сырқат;

      2) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы;

      3) дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер;

      4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;

      5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу.

      Әскери қызметке шақырылуға жататын азамат жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша келмеген жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

      2. Әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті әскери басқару органдарына шақырылған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.";

      22) 33-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылуға жататын әскери міндеттілер әскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламасы бойынша әскери даярлық курсынан өтеулі негізде өтуге құқылы.";

      23) 35-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға мынадай негіздер бойынша:";

      екінші бөліктің бірінші абзацы алып тасталсын;

      3 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру тиісті білім беру деңгейіндегі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын азаматқа азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес бүкіл оқу кезеңіне беріледі.

      Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтарға, егер осы ұйым Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметін жүзеге асырған жағдайда беріледі.

      Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру білім берудің әрбір деңгейі үшін бір рет беріледі.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан азаматқа әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру резидентурада, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде тиісінше бір рет беріледі.

      Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру шет мемлекеттердің оқу орындарында қашықтан оқытуды қолдану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.";

      "6. Осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес запасқа қойылған азаматтарға осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.";

      9-тармақта:

      "өтiнішін және" деген сөздер "өтінішін, ал осы баптың 2-тармағына сәйкес кейінге қалдыруға құқығы болған кезде –" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан нотариат куәландырған тиiстi құжатты ұсынған кезде азаматтар" деген сөздер "адамдардан нотариат куәландырған тиiстi құжат ұсынылған кезде азаматтар азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 36-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған азаматтарды қоспағанда, әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен өздерінің қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

      Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, әскери жиындарға шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында және әскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен тиісінше өздерінің қалауы бойынша әскери жиындарға шақырылуы мүмкін не әскери міндеттілердің курстық даярлығынан өте алады.";

      25) 38-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      3) тармақша бесінші абзацындағы "бес жыл қалғанға дейін;" деген сөздер "бес жыл;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кемінде он екі жыл және алты ай үздіксіз әскери қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі барлар үшін – үш жыл қалғанға дейін;";

      4) тармақшада:

      үшінші абзацтағы "ерлерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс." деген сөздер "ерлерді;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "кемінде екі жыл әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өткен жас сарбаздарды;

      кемінде төрт жыл кезең ішінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен жас айбындарды;

      оқудың бір жылы өткеннен кейін әскери оқу орындарынан, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген адамдарды, ал оқудың екі жылы өткеннен кейін – оқудан шығарып жіберілген ұландарды қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада (әскери факультетте) оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі 11) тармақшасының екінші бөлігі үшінші абзацындағы "адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл

      өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы." деген сөздер ", осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы болатын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзғаны үшін қызметтен шығарылған, осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге құқылы болатын адамға қолданылмайды.";

      26) 39-бапта:

      1-тармақта:

      екінші бөлікте:

      "Әскери" деген сөз "Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қабылдау" деген сөз "оқуға қабылдау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөлікте:

      бірінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда:";

      "жас сарбаз, жас айбын ретінде кемінде екі жыл кезең ішінде әскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен азаматтардың;";

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "еңбек сіңірген жылдары кемінде он бес жыл болатын әскери қызметшілердің, сондай-ақ теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма және одан көп жыл болатын әскери қызметтен шығарылған адамдардың балаларының;";

      5-тармақтың екінші бөлігіндегі "кіші сержант" деген сөздер "сержант" деген сөзбен ауыстырылсын;

      27) 39-1-бапта:

      1-тармақтағы "жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы" деген сөздер "әскери оқу орны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақ "университетіне" деген сөзден кейін "жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      28) 40-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "– келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақшадағы ", кадеттер" деген сөз алып тасталсын;

      7) тармақшадағы "үш жылға жасалады." деген сөздер "үш жылға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) кадеттер үшін – әскери оқу орнында оқу мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметтің бес жылына жасалады.";

      29) 40-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы "әскери кафедрада" деген сөздерден кейін "(әскери факультетте)" деген сөздермен толықтырылсын;

      30) 41-бапта:

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында (әскери факультеттерінде) запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлықтан өткен;";

      4-тармақ "органдары" деген сөзден кейін "әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Запаста болу әскери жиындардан (әскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өтуді, әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын орындауды және әскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауды білдіреді.";

      8-тармақта:

      "жиындардан" деген сөзден кейін "(әскери міндеттілердің курстық даярлығынан)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кезде" деген сөз "жағдайда" деген сөзбен ауыстырылсын;

      31) 43-бапта:

      1-тармақтағы ", сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады" деген сөздер "немесе өтеулі негізде курстық даярлықтан өтеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери міндеттілердің курстық даярлық бағдарламасы бойынша толық курстан өтуі әскери оқу-жаттығу жиындарынан өтумен теңестіріледі.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға бюджет қаражаты есебінен орташа, бірақ республика бойынша орташа жалақыдан жоғары емес жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төмен жалақы төленеді.";

      32) 44-баптың 7-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, әскери оқу орындарына түсу кезінде әскерге шақырылушылар, сондай-ақ оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және әскери колледждерде казармалық жағдайда тұратын кандидаттар бюджет қаражаты есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өз жанында тиісті әскери кафедралар (әскери факультеттер) жұмыс істейтін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.";

      33) 48-бапта:

      тақырыптағы "тәрбиеленушілерін," деген сөз алып тасталсын;

      бірінші бөліктегі ", тәрбиеленушілері" деген сөз алып тасталсын;

      34) 48-1-баптағы "тәрбиеленушілерін,", "тәрбиеленушілері," деген сөздер алып тасталсын;

      35) 50-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Әскери қызметтен шығарылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында Қорғаныс министрлігі білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді.

      Әскери оқу орындарында өтеусіз негізде педагогикалық қайта даярлаудан офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдары лауазымдарында әскери қызмет өткерген, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және кемінде он жыл сіңірген еңбегі бар, әскери қызметтен шығарылатын немесе шығарылған (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен шығарылған адамдарды қоспағанда), адамдар өтуге құқылы.";

      36) 50-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызмет міндеттерін орындауы кезіндегі кепілдіктер

      1. Мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының:

      1) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде мерзімді әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес мерзімді әскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;

      3) мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқудың бірінші жылында жатақханадан орынды басымдықпен алуға;

      4) қызметтен шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихандардың нәтижелері ескерілместен ақылы негізде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсуге;

      6) әскери қызметтен шығарылған кезеңмен тұспа-тұс келетін академиялық кезең ішінде білім беру грантын жоғалтпай, жеке оқу жоспарлары бойынша оқуды жалғастыруға (білім алуды жалғастыру үшін әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бұрын бас тартқандарға және әскери қызметке өз қалауы бойынша шақырылғандарға);

      7) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алуға байланысты және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті бюджет қаражаты есебінен жұмсалған, білім алуға байланысты шығыстарды өтемей тоқтатуға құқығы бар.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 6) және 7) тармақшаларының күші әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запастағы офицерлерге де қолданылады.

      2. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейінгі алпыс күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз және (немесе) микрокредит бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру беріледі.

      3. Әскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қоспағанда) немесе әскери жиындарға шақырылған азаматтардың әскерге шақыру бойынша әскери қызметті өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған азамат әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.";

      37) 52-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Жас ұлан" республикалық мектебіне" деген сөздер "әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

      7. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      161-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік" деген сөздер "Мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын.

      8. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "2)," деген цифрдан кейін "2-1)," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес әскери есепке алуды жүзеге асырған;".

      9. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ерекше мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін (бұдан әрі – әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктері) беруді жүзеге асырады;";

      2) 73-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "74-бабында" деген сөздер "74 немесе 74-1-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 74-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аталған адамдарға олар жиырма бір жасқа толғанға дейін берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға ғана тиесілі "С" санатындағы көлік құралдарын және олар әскери қызмет өткерген кезеңде ғана басқару құқығын растайды.";

      4-тармақ алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:

      "74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары

      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығы ұлттық жүргізуші куәлігінің немесе әскери қызметшінің жүргізуші куәлігінің болуымен расталады.

      2. Әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру, сондай-ақ әскери қызметшілер үшін жасына және еңбек өтілі мен көлік құралдарын басқару өтілінің болуына қойылатын талаптар әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында айқындалады.

      3. Әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі әскери қызметшінің әскери қызметті өткеру кезеңіне жарамды деп саналады.

      4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралдарының қосымша санаттары енгізілуі мүмкін.

      5. Осы Заңның 74-бабының 2-тармағында белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдар әскери қызметшінің жүргізуші куәлігі болған кезде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында даярлықтан өтпей, тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.".

      10. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын" деген сөздер "тапсырыс саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      12-баптың 3) тармақшасы "мәдениет" деген сөзден кейін "және әскери-патриоттық тәрбие" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      40-бапта:

      "мерзімді әскери қызметке" деген сөздер "әскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қоспағанда) немесе әскери жиындарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мерзімді әскери қызмет" деген сөздер "әскери қызмет (әскери жиындар)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      6-баптағы "және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс" деген сөздер алып тасталсын.

      14. "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      38) тармақшадағы "және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";

      3) 5-баптың 8) тармақшасындағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 6-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қорғаныс өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;";

      3) тармақшадағы "және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс" деген сөздер алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысады;";

      19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 35) және 36) тармақшалар алып тасталсын;

      5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

      "6-1-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның функциялары

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган:

      1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

      3) Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарымен, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қару-жарақтың, әскери, автомобильдік және арнаулы техниканың, техникалық және арнаулы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;

      5) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;

      8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;

      9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлейді;

      10) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлейді;

      11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді және жүргізеді;

      12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;

      13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;

      14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;

      15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;

      16) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;

      17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;

      18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;

      20) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың нәтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 7-бапта:

      9) тармақшадағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сәйкестігін қамтамасыз етеді;

      14-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;";

      7) 15-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "уәкілетті орган," деген сөздер алып тасталсын;

      8) 20-бапта:

      2-тармақта:

      үшінші бөліктегі "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші бөліктегі "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 22-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "Уәкілетті" деген сөз "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "Уәкілетті" деген сөз "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақтағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 24-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "Уәкілетті" деген сөз "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 25-баптың 7) тармақшасындағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 26-бапта:

      1) тармақшадағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) және 7) тармақшалардағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 27-баптың 2-тармағындағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 29-бапта:

      1-тармақтағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 12-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі "және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс" деген сөздер алып тасталсын.

      16. "Әскери полиция органдары туралы" 2023 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ерекше мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беруді жүзеге асыруға;".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 25) тармақшасының бірінші – төртінші, он бірінші және он екінші абзацтарын, 26) тармақшасының бірінші және он екінші абзацтарын, 28) тармақшасының бірінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 7, 10, 13, 14 және 15-тармақтарын;

      2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 5) тармақшасының сегізінші және он бесінші абзацтарын, 4-тармағы 2) тармақшасының үшінші және алтыншы абзацтарын, 3) – 6) тармақшаларын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 6-тармағы 1) тармақшасының он екінші және он төртінші абзацтарын, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші – он жетінші абзацтарын, 7) және 8) тармақшаларын, 25) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 26) тармақшасының тоғызыншы абзацын және 37) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық – орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);".

      3. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 6) тармақшасы үшінші және төртінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады