Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тереңкөл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшаға сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы |
| Р. Габидулин |
| Тереңкөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 1/44 шешіміне қосымша |
Тереңкөл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 "Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6833 болып тіркелген);
2. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 3/9 шешімі "Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 "Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24408 болып тіркелген);
3. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 наурыздағы № 6/27 "Тереңкөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 мамырдағы № 3/57 "Тереңкөл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7643-14 болып тіркелген).
