Әулиекөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл аудандық мәслихатының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 485 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40053 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төреғасы Д. Койшибаев

  Әулиекөл аудандық мәслихаты
  2026 жылғы 30 қыркүйектегі
  № 485 шешіміне
  қосымша

Әулиекөл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Әулиекөл аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10091 болып тіркелген).

      2. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Әулиекөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 148 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10143-10 болып тіркелген).

      3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Әулиекөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 қазандағы № 210 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10278-10 болып тіркелген).

      4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Әулиекөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 277 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365-10 болып тіркелген).

      5. "Мәслихаттың 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Әулиекөл аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 6 наурыздағы № 300 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10402-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады