Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру, орындарын айқындау, олардың орнату, жұмыс істеуі және демонтаждау қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 19 наурыздағы | |
| № 50 | |
| Маңғыстау облысы | |
| әкімдігінің қаулысына | |
| қосымша |
Маңғыстау облысы аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, олардың орнату, жұмыс істеуі және демонтаждау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" туралы Заңының 27-бабы 1-8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақтандырылған мамандандырылған автокөлік құралы;
2) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
3) дүңгіршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделі емес тасымалданатын құрылыс;
4) жұмыс органы – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімшесі;
5) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орнатылатын, сауда орнын білдіретін, тасымалданатын уақытша құрылыс (конструкция);
6) ішкі сауда субъектісі − Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) сәулеттік келбет – бұл тұтас эстетикалық сәулет, жайлы, қол жетімді және қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған қалалық кеңістік элементтерінің міндетті көрнекі құрамдас бөлігін: ғимараттар мен құрылымдардың қасбеттерін, көркейтуді, маңдайшаларды, көрсеткіштерді, шағын сәулеттік нысандар мен қала инфрақұрылымының басқа да элементтерін реттейтін ұсынымдар жиынтығы;
8) стационарлық емес сауда объектісі – сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық қосылу) болуына неиесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы;
9) шатыр (павильон) – құрастырмалы-жиналмалы конструкциялардан, бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қорына арналған алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын жеңіл құрастырылатын құрылыс;
10) эскиз (эскиздік жоба) – жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi;
2-тарау. Стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау тәртібі
3. Стационарлық емес сауда объектілеріне мыналар жатады:
1) автодүкен;
2) автомат (сауда автоматы);
3) дүңгіршек;
4) жылжымалы сөре;
5) шатыр (павильон).
4. Стационарлық емес сауда объектілеріндегі сауда Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты ҚР СТ 3675 "Сауда қызметтері. Шағын бөлшек сауда желілері объектілеріне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Автокөлік дүңгіршектері арқылы тауарларды өткізу кезінде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы №862 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10056 болып тіркелген) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікте белгісі болуы тиіс.
6. Автокөлік дүкендері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №329 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11333 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жәрмеңкелерде сауда жасау үшін көрсетілген көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен міндетті техникалық байқаудан өту шартымен пайдаланылады.
7. Пайдаланылатын көлік құралдары және (немесе) контейнерлер тамақ өнімдерін тасымалдау және (немесе) сақтау жағдайларын ұстап тұру мүмкіндігін қамтамасыз ететін тасымалдаудың қажетті температурасын ұстап тұратын жабдықпен және ішкі беті тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын, ластану, жануарлардың, соның ішінде кеміргіштер мен жәндіктердің енуі, тамақ өнімдерін тамақ өнімдерінен қорғауды қамтамасыз ететін жуу және уытты емес материалдардан жасалған температуралық режимдердің тиісті параметрлерін өлшеудің бақылау құралдарымен жарақтандырылған болуы қажет.
3-тарау. Cтационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі, жұмыс істеуі және оларды бөлшектеу
8. Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және маршруттарын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарымен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлік саласындағы уәкілетті органның келісімі арқылы бекітіледі.
9. Стационарлық емес сауда объектілерін орнату орындарын айқындау кезінде көрсетіледі:
1) нақты орналасқан жері
2) маршрут сызбасы;
3) алып жатқан алаң;
4) кемінде бір жыл және бес жылдан аспайтын сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі;
5) жақын маңдағы инфрақұрылымды ескере отырып қызмет саласы (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері);
10. Кәсіпкерлік субъектісі стационарлық емес сауда объектілерін орнату кезінде:
1) жаяу жүргіншілердің еркін қозғалысын (жаяу жолдардың жаяу жүргіншілері бөлігінің ені кемінде 1,5 метр), мүгедектігі бар тұлғалар мен халықтың өзге де аз қозғалатын топтары үшін жағдайлар жасауды;
2) өрт сөндіру бөлімшелерінің, авариялық-құтқару техникасының қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарға кедергісіз кіруін қарастыру қажет.
11. Қоғамдық тамақтану саласындағы стационарлық емес сауда объектісінің орналасқан жерінен инженерлік желілерге (сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау) қосылу нүктесіне дейінгі арақашықтық 20 метрден аспауы тиіс.
12. Ішкі сауда субъектілері қызметін жүзеге асыру шеңберінде:
1) жердi оның нысаналы мақсатына немесе елді мекендердегі жерлерде функционалдық аймаққа сәйкес, уақытша жер пайдалану кезiнде – оның ішінде, жалдау шартына (уақытша өтеусiз жер пайдалану шартына) сәйкес пайдаланады;
2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолданып, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермейді;
3) жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын уақтылы төлейді;
4) жер учаскесiнде шаруашылық және өзге де қызметтi жүзеге асыру кезiнде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтайды;
5) басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбайды.
13. Cтационарлық емес сауда объектісін орнату кезінде ішкі сауда субъектісінің маңдайшасы болуы ұсынылады.
14. Демонтаждау мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жер учаскесін жалға алу мерзімі аяқталған кезде;
2) кәсіпкерлік субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
3) пайдалану шарттары бұзылғанда.
15. Демонтаждау жұмыстары меншік иесінің есебінен бір ай ішінде жүзеге асырылады.
16. Меншік иесі өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда мәжбүрлі демонтаждау жүргізіледі.
