Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 18/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6741-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай ауданының әкімі | А. Аманжолов |
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 40/01 қаулысына қосымша |
|
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 18/01қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3 бабының 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
2) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
3) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) - кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және (немесе) қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.
2-тарау. Елді мекендерде бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
3. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Ақтоғай ауданның елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін сыртқы қабырғаларға, шатырларын реконструкциялауға, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.
4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлім" мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін Ақтоғай ауданның елді мекендеріне бірыңғай сәулет келбетін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.
5. Ақтоғай ауданының әкімдігі мынадай жұмыстарды ұйымдастырады:
1) көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында Ақтоғай ауданының елді мекендерінің бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасымен таныстыру;
2) көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;
3) көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасына, шатырын реконструкциялауына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (бар болса) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.
6. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы жиналысқа қатысқанда жиналыс шешім қабылдайды.
7. Жиналыс теріс шешім қабылдаған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасын, шатырын реконструкциялау, жөндеу бойынша бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.
8. Жиналыс оң шешім қабылдаған кезде Бөлім құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) анықтау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.
9. Жұмыс көлемін, жөндеу типін (ағымдағы немесе күрделі) айқындау үшін әрбір көп пәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру жөніндегі ұйымды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Көп пәтерлі тұрғын үй сыртқы қабырғасының, шатырының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша Бөлім бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған сыртқы қабырғаларды, шатырды күрделі жөндеуге ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.
11. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
12. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау,ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып Бөлім жүзеге асырады.
13. Ақтоғай ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
