Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026 жылғы 6 қазандағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 9 қазанда № 40135 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 389 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырғанын растайтын құжатты беру, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасында өндірілген көлік құралын сатып алуға жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Ұлытау облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс – Қазақстан
облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс – Қазақстан
облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік – Қазақстан
облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қарағанды облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Шымкент қаласының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Алматы облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Жетісу облысының әкімдігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының әкімдігі

  2026 жылғы 6 қазандағы
№ 252 бұйрығына
қосымша

Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 389-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23867 болып тіркелген) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштарымен жабдықталған) және олардың компоненттерін, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына (бұдан әрі – Ынталандыру қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі оператордың (бұдан әрі – Оператор) пайдаланудан шыққан көлік құралын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын құжатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын алу құқығын көздейтін құжатты беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ пайдаланудан шыққан көлік құралдарын (бұдан әрі – ПШКҚ) және (немесе) пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі – ПШӨЖ) қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын сатып алуға жеңілдік алу құқығын көздейтін жеңілдік сертификатын беру, беру (қайта ресімдеу) және (немесе) пайдалану тәртібін айқындайды.

      3. ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ тапсырғаны үшін берілетін жеңілдік сертификаттарының жалпы сомасы мен саны тиісті күнтізбелік жылға арналған Оператордың инвестициялық саясатымен Ынталандыру қағидаларында көзделген тәртіппен белгіленеді.

      4. Күнтізбелік жылы жеңілдік сертификаттарының шекті сомасы мен санына қол жеткізілген жағдайда, Оператор Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және Оператордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жаңа сома мен сан бекітілгенге дейін ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға қабылдау процесін тоқтата тұрады.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) ААЖ - ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ қабылдауға, кейіннен қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға, сондай-ақ жеңілдік сертификатын беру, қайта ресімдеу және (немесе) пайдалану процестерін автоматтандыруға, есепке алуға және мониторингтеуге арналған Оператордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      2) ӨЖАШТ - техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы;

      3) дилер - көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдік сертификаттарын пайдалана отырып өткізуге өндіруші уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға;

      4) ЖАО - өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;

      5) жеңілдік сертификаты - пайдаланудан шыққан көлік құралын немесе өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген көлік құралын немесе ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде жеңілдік алу құқығын көздейтін құжат;

      6) қайта өңдеу - қалдықтардан өндірісте (дайындауда) кейіннен пайдалануға жарамды пайдалы компоненттерді, шикізатты және (немесе) өзге де материалдарды алу мақсатында жүзеге асырылатын механикалық, физикалық, химиялық және (немесе) биологиялық процестер;

      7) қабылдау пункті - қайта өңдеушінің меншік құқығында немесе мүліктік жалдау (жалға алу) құқығында болатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін, пайдаланудан шыққан көлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауға және оларды қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға дайындауға арналған өндірістік база;

      8) қабылдау пунктінің қызметкері - қайта өңдеуші болып табылатын заңды тұлғаның пайдаланудан шыққан көлік құралдарын және (немесе) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауды, тексеруді және қайта өңдеуге дайындауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген жұмыскері;

      9) кәдеге жарату - қалдықтарды қайта өңдеуден өзге мақсаттарда пайдалану процесі, оның ішінде жылу немесе электр энергиясын алу үшін қайталама энергетикалық ресурс ретінде, отынның әртүрлі түрлерін өндіру үшін, сондай-ақ құрылыс мақсаттарында, жердегі немесе жер қойнауындағы өндірілген кеңістіктерді (қуыстарды) толтыру (салу, көму) үшін не ландшафттарды жасау немесе өзгерту кезінде инженерлік мақсаттарда қайталама материалдық ресурс ретінде пайдалану;

      10) қайта өңдеуші - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін әрі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттармен ПШКҚ мен ПШӨЖАШТ қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      11) КҚ - экологиялық таза автомобиль көлік құралы (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін, электр қозғалтқышымен жабдықталған);

      12) Оператор - өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      13) өндіруші - Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      14) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      15) ПШКҚ - бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеуде тұрған, кейіннен кәдеге жарату мақсатында мемлекеттік тіркеуден шығарылған пайдаланудан шыққан көлік құралы;

      16) ПШӨЖАШТ - бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеуде тұрған, кейіннен кәдеге жарату мақсатында мемлекеттік тіркеуден шығарылған пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы;

      17) ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ меншік иесі - өзіне тиесілі ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      18) ЭҚАЖ - электрондық құжат айналымы жүйесі;

      19) ЭЦҚ - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы.

2-тарау. ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға тапсырылғанын растайтын жеңілдік сертификатын беру (қайта ресімдеу) және (немесе) пайдалану шарттары

      6. ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ қайта өңдеуге және (немесе) кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін жеңілдік сертификаттары жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығымен бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі оператордың өндірушілер мен импорттаушылардан оның банктік шотына келіп түскен ақшаны өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауар) тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға төлемдер арқылы жіберу қағидаларында белгіленген тәртіппен және шарттармен беріледі.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген КҚ немесе ӨЖАШТ сатып алуға берілетін жеңілдіктің мөлшері Ынталандыру қағидаларында белгіленген тәртіппен айқындалады және Оператор оны жеңілдік сертификатында көрсетеді.

      8. Автомобиль көлігі құралдарының санаттары, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының түрлері бөлінісінде жеңілдіктердің мөлшерін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Ынталандыру қағидаларының 21-тармағына сәйкес жыл сайын айқындайды.

      9. Жеңілдік сертификатының иелеріне Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілетін КҚ немесе ӨЖАШТ сатып алу кезінде жеңілдік алу құқығы беріледі.

      10. Жеңілдік сертификаты тапсырылған ПШКҚ немесе ПШӨЖАШТ санатына қарамастан, кез келген санаттағы КҚ немесе АШТ сатып алуға жеңілдік алуға мүмкіндік береді.

      11. Оператор жеңілдік сертификатына автоматты түрде бірегей нөмір береді.

      12. Жеңілдік сертификатында ол және оның иесі туралы ақпаратты оқуға мүмкіндік беретін QR-код болады.

      13. Кәдеге жаратуға тапсырылатын бір ПШКҚ немесе ПШӨЖАШТ үшін бір ғана жеңілдік сертификаты беріледі.

      14. Жеңілдік сертификаты берілген күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде қолданылады және берілген сәттен бастап басқа тұлғаларға 3 (үш) реттен аспайтын мөлшерде берілуі (қайта ресімделуі) мүмкін. Жеңілдік сертификатын басқа тұлғаға беру оның қолданылу мерзімін өзгертпейді.

      15. Жеңілдік сертификатын беру (қайта ресімдеу) жеңілдік сертификаты иесінің Оператордың ААЖ арқылы жеңілдік сертификатын беру туралы өтінім беруі жолымен жүзеге асырылады. Беру баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылады.

      16. Баға ұсыныстарын жинау жеңілдік сертификатын беру туралы өтінім берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      17. Баға ұсыныстарын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалар ұсына алады.

      18. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеңілдік сертификатының иесі жеңілдік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.

      Жеңілдік сертификатының иесі белгіленген мерзімде шешім қабылдамаған жағдайда, жеңілдік сертификатын беру туралы өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, ал келіп түскен бағалық ұсыныстардың күші жойылады.

      19. Жеңілдік сертификатын беру жеңілдік сертификаты иесінің және сертификат берілетін тұлғаның Оператордың ААЖ тиісті келісімге ЭЦҚ қол қоюы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте жеңілдік сертификаты иесіне және жеңілдік сертификаты берілетін тұлғаға қатысты мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүзеге асырылады:

      1) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер (анықтама), өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар, өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      20. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген КҚ немесе ӨЖАШТ сатып алу кезінде берілетін жеңілдік бір сатып алынатын КҚ 2 (екі) жеңілдік сертификатынан, не ӨЖАШТ бір бірлігіне 4 (төрт) жеңілдік сертификатынан аспайтын мөлшерде жинақталуы мүмкін.

      21. КҚ немесе ӨЖАШТ сатып алу кезінде жеңілдік беретін өндірушілердің тізбесін Оператор қалыптастырады және өзінің корпоративтік www.recycle.kz. интернет-ресурсында орналастырады.

      22. Жеңілдік сертификатын пайдалану үшін оның иесі КҚ немесе ӨЖАШТ сатып алу кезінде өндірушіге жүгінеді.

      23. Жеңілдік сертификатын пайдалану туралы өтінімді дилер Оператордың ААЖ сатылатын КҚ немесе ӨЖАШТ туралы тиісті мәліметтерді енгізу арқылы қалыптастырады. Бұл ретте жеңілдік сертификаты бұғатталады.

      24. Жеңілдік сертификатын пайдалану туралы өтінімге дилер және жеңілдік сертификатының иесі ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес қол қойылғаннан кейін пайдаланылған жеңілдік сертификатының қолданылуы тоқтатылады.

      26. КҚ және ӨЖАШТ сатып алу кезінде өндіруші ұсынған жеңілдікті қаржыландыру Ынталандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Әкімшілендіру

      27. ААЖ тіркелу кезінде пайдаланушылар дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.

      28. Дилерге, ЖАО қызметкеріне және қабылдау пунктінің қызметкеріне ААЖ қол жеткізу құқығын беру үшін өндіруші, ЖАО және қайта өңдеуші тиісінше Оператордың атына электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сенімхат пен сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады.

      29. Дилер, ЖАО қызметкері немесе Қабылдау пунктінің қызметкері туралы ақпараттық жүйедегі деректерді өзгерту үшін Өндіруші, ЖАО және Қайта өңдеуші тиісінше электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Операторға тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынады.

      30. Дилер, ЖАО қызметкері немесе қабылдау пунктінің қызметкері жұмыстан босатылған жағдайда, өндіруші, ЖАО және қайта өңдеуші Оператордың ақпараттық жүйесіне рұқсатсыз қол жеткізуді шектеу мақсатында бұл туралы Операторды дереу хабардар етеді.

      31. Жеңілдік сертификаттарын беру және пайдалану, сондай-ақ ПШКҚ мен (немесе) ПШӨЖАШТ қабылдау мәселелері бойынша Оператормен өзара іс-қимыл Оператордың жұмыс уақытында: аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 17:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда жүзеге асырылады.

      32. Жеңілдік сертификатын қайта ресімдеу аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 17:30-ға дейінгі жұмыс уақытында, демалыс және мереке күндерін қоспағанда жүзеге асырылады.

      33. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауында көзделген тәртіппен осы Қағидалар шеңберінде қабылданған оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және (немесе) шешімдеріне шағымдануға құқылы.

      34. Оператор автоматтандырылған ақпараттық жүйеде оларды тапсыру, беру (қайта тіркеу), пайдалану, бұғаттау, қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті операцияны жүзеге асырған күні, уақыты және пайдаланушысы туралы ақпаратты қамтитын жеңілдікті сертификаттары бар операцияларды есепке алудың электрондық журналын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады