БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
Т. Султангазиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 7 қазандағы № 137 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20556 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб-порталының төлем шлюзі арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі-сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен:
"трансплантология: ағзалардың трансплантологиясы (ағзалардың бөліктері)", "тіндердің трансплантологиясы (тіндердің бөліктері)", "консервіленген мөлдірқабық тінінің трансплантологиясы", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша медициналық қызметке лицензия және лицензияға қосымшалар туралы;
көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
сервис арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын қайта ресімдеу не алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;
адамның ағзаларын (орган бөлігін) және (немесе) тіндерін (ұлпа бөлігін), қанын және оның компоненттерін транспланттау мәселелері жөніндегі халықаралық шартты Қазақстан Республикасы ратификациялау туралы мәліметтер алады.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.
11. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді:
адам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды және мәліметтерді тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 1 жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20809 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 73, 91-баптарына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын цифрлық жүйе.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "цифрлық үкіметі" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЦҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 10-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы "www.egov.kz", "www.elicense.kz" (бұдан әрі –портал) жібереді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "цифрлық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;
2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы және иондаушы сәуле шығаратын аспаптар мен қоңдырғыларды пайдалануға арналған лицензияның (тиісті объектіге арналған лицензияға қосымшаның) болуы туралы (қажет болған жағдайда);
4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ("цифрлық үкімет" шлюзінде (бұдан әрі – ЦҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;
5) ЦҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;
6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;
7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;
9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;
10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;
11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЦҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);
12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЦҮШ болған жағдайда) мәліметтер алады.
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің цифрлық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 10-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Рұқсаттық бақылау аудио, фото-немесе бейнефикасацияны қолдана отырып жүргізіледі, жазбалар көрсетілетін қызметті берушінің "лицензиялау порталы" ішкі цифрлық жүйесінде сақталады.";
21 және 21-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:
"22-1. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы Тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21592 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары, мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшада бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының, гемопоэздік дің жасушаларының, сүйек кемігінің, донорлық лимфоциттердің, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) жібереді.
Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары) Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының шекаралы арқылы бір рет өтуге беріледі.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін 1 (бір) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім Тізбенің 3-тармағында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызмет көрсетуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызмет көрсетудің цифрлық мониторинг жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және көрсетілетін қызметті берушілерге, "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 9) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 9) тармақшасына, 25-бабына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комитет денсаулық сақтау субъектілерін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталынан алады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы және портал арқылы келіп түскен цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтер құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қарауға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін түрде) береді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Егер Денсаулық сақтау субъектісі осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";
10, 11, 12, 13, 14-тармақтар алынып тасталсын;
22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Аккредиттеу туралы куәлік алу үшін білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – бағалау бойынша ұйым) Комитетке "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жібереді немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің (бұдан әрі –Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 10-тармағына сәйкес құжаттар тапсырады.
Комитет тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден, сондай-ақ "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы және электрондық құжаттар сервисінен әділет органында бағалау бойынша ұйымының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді алады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тізбенің 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және портал арқылы келіп түскен сервистен алынған мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Комитет басшысының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысандағы) хатты жолдайды.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Егер бағалау бойынша ұйым аккредиттеу шарттарына сәйкес келмесе және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";
29, 30, 31, 32, 33 – тармақтар алынып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және бағалау бойынша ұйымға электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы оның жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштасына немесе қағаз түрінде жіберіледі.";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Комитет мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";
44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Қызметтердің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін медициналық ұйымдар "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы Комитетпен (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) аккредиттелген ұйымға "Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 10-тармағына сәйкес осы Қағидалардың (бұдан әрі – Тізбе) 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды береді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Аккредиттеу өлшемшарттары бойынша өзін – өзі бағалау нәтижелері тиісті цифрлық жүйеге (бұдан әрі – ЦЖ) енгізіледі. ЦЖ-ге өзін-өзі бағалау нәтижелерін енгізу үшін медициналық ұйым аккредиттеуші органнан логин мен пароль алады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Аккредиттеуші орган цифрлық үкімет шлюзінен (бұдан әрі – ЦҮШ) мәліметтерді алады:
1) заңды тұлғаны және (немесе) филиалдарды (өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
2) медициналық қызметке лицензияның және оған қосымшалары бар екендігі туралы;
3) меншік құқығын немесе жалдау шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шартын немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЦҮШ-да мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын құжаттар.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Аккредиттеуші орган құжаттарды қабылдауды және тіркеуді түскен күні жүзеге асырады.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері медициналық ұйым жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінің мәліметтері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілген уақыт ішінде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді бас тартуды (еркін нысанда) жолдайды.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Сараптама тобы ЦЖ-ге медициналық ұйымның, оның ішінде осы медициналық ұйыммен жасалған қосалқы мердігерлік шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде қызметтер көрсететін ұйымның сыртқы кешенді бағалау нәтижелерін енгізеді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Сыртқы кешенді бағалау нәтижелері ЦЖ–ге енгізілгеннен кейін аккредиттеу шарттарының бөлімдері (блоктары) бойынша толтырылған бағалау парақтарын сараптама тобының мүшелері топ басшысына береді.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Аккредиттеудің әрбір өлшемшарты бойынша балдардың нақты сомасын ЦЖ аккредиттеу стандарттары дәрежелерінің кестесіне сәйкес есептейді:
І дәреже – "1,0" салмақтық коэффициентімен;
ІІ дәреже – "0,9" салмақтық коэффициентімен;
ІІІ дәреже – "0,8" салмақтық коэффициентімен.";
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) аккредиттеуші орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы медициналық ұйымның уәкілетті тұлғасының жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштаға немесе қағаз түрінде жіберіледі.";
91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"91. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес аккредиттеуші орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеуден өту үшін Комитетке "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы немесе Комитеттің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет тізбесі) 10-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Комитет денсаулық сақтау субъектілерін әділет органында немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкімет" www.egov.kz веб-порталынан алады.";
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"99. Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінің мәліметтері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті көрсетушімен тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысанда) хабарлама жібереді.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Егер субъект аккредиттеу шарттарына сәйкес келмесе және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде, Комитет мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізібейді.";
102, 103 – тармақтар алынып тасталсын;
106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және электрондық құжат түрінде "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы оның жеке кабинетіне немесе өтініште көрсетілген электрондық поштаға немесе қағаз түрінде жіберіледі.";
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"107. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Комитет мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізеді.";
113-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"113-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және ақпаратты "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Құрылымдық бөлімше менеджерлердің және (немесе) оның филиалдарының (өкілдіктерінің) дайындығын растау жөніндегі ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы алады.";
118- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Комитет 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидалардың 115-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығы бөлігінде менеджерлердің дайындығын растау жөніндегі ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда қызмет көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысанда) хабарлама жібереді.";
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"119. Ұйымға құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда ішкі құжат айналымының цифрлық жүйесі жөніндегі Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметіне жетекшілік ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) береді.";
122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"122. Егер менеджерлердің дайындығын растау бойынша ұйым осы Қағидалардың 20-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет бас тартуды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
123, 124, 125, 126, 127, 128, 129 – тармақтары алынып тасталсын;
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"144. Комитет КМҚ мен ҚБ және (немесе) олардың филиалдарын (өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы алады.";
146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"146. Осы Қағидалардың 143-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың және цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкессіздігінже, көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін - 2 (екі) жұмыс күні мерзім белгіленеді, көрсетілген мерзім мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне кірмейді.
Кемшіліктер жойылған жағдайда мемлекеттік қызмет алуға өтініш пен (немесе) құжаттар қабылданған күн көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні деп есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің барысы анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта жаңғырылады.";
147 және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"147. Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті көрсетуші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Комитет басшысының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы (еркін нысандағы) хатты жолдайды.
148. КМҚ және ҚБ құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда ішкі құжат айналымының цифрлық жүйесі жөніндегі Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды құрылымдық бөлімшеге береді.";
151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Егер КМҚ және ҚБ осы Қағидалардың 24-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда Комитет бас тартуды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
152, 153, 154, 155, 156, 157 және 158 - тармақтары алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаға 2-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 4-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 9-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 15-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесі
"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Медициналық қызметке лицензия беру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы |
1. 1. Лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру. |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www. elicense.kz (бұдан әрі -Портал) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі |
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні; |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі | медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады: |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
__________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауын көрсету) жүзеге асыруға
___________________________________________________________
___________________________________________________________
қағаз жеткізгіште (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда тиісті ұяшықты көрсетіңіз Х лицензия және (немесе)лицензияға қосымша беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы___________________________
______________________________________________________________
(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, (стационарлық үй-жайлар) нөмірі.
Электрондық почтасы______________________________________________
Телефондары_____________________________________________________
Факс____________________________________________________________
Банктік шоты____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің
мекенжайы__________________________________________________________
(почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
___________парақта қоса беріледі.
Осымен:
1) көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін екендігі;
2) өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
3) қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
4) өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны қарайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға____________ ____________________________________
(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты (бар болса))
Толтырылған күні:20__жылғы "___" _____
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініші
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(Заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда). Келесі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын_____________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
(Қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (кіші түрлерінің) толық атауы)
_______________________________________________________________________
(лицензияны қағаз тасымалдағышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қойыңыз)
Заңды тұлғаның мекенжайы_______________________________________ (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимарат))
Электрондық пошта_______________________________________
Телефон нөмірі___________________________________________
Факс___________________________________________________
Банктік шот_____________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы_______________________________________________________________
(пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимарат))
Қосымша_____парақта.
Осымен келесілер расталады:
1) барлық көрсетілген мәліметтер ресми байланыс деректері болып табылады және оларға лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту және (немесе) лицензияға қосымша беру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдалуы мүмкін;
2) өтініш берушіге сот тарапынан лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) қызметтің кіші түрімен айналысуға тыйым салынбаған;
3) барлық қоса берілетін құжаттар шындыққа сәйкес келеді және қолданыста;
4) өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген кезде цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын шектеулі қолжетімділіктегі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы _____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "___" _________
"Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік бағаналы жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы | жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі | 1 (бір) жұмыс күн. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | электрондық (ішінара цифрландырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі | Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары) немесе еркін нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 6-қосымша |
|
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
|
| нысан |
Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар
№ | Шарт | Құжат | Қосымша ақпарат |
1 | Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің басқа да бағыттары қызмет түрлерінің бірі болып табылуына сәйкес денсаулық сақтау субъектісінің құқық белгілейтін құжаттарының болуы. | Жарғы (заңды тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін). | |
2. | Үй-жайдың болуы. | Үй-жайға меншік құқығы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз). | |
3. | Медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы, оның ішінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқудан өту, конференцияларға қатысу, медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын (семинарлар, кездесулер, симпозиумдар) жүргізу жөніндегі қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы. | 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспар. Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспар. | |
4. | Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы. | Бекітілген қаржы-шаруашылық қызмет жоспары / Даму жоспары. | |
5. | Аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттың болуы. | Комиссия туралы ереже. | |
6 | Ұжым жұмысшыларының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 "Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін бекіту туралы" (бұдан әрі – ар-намыс Кодексі) бұйрығымен танысқаны туралы растайтын құжат болуы. | Ар-намыс Кодексімен танысқанын растайтын құжат. | |
7. | Сыртқы кешенді бағалау барысында медициналық ұйымнан алынған ақпаратты қорғау және сыртқы кешенді бағалау жүргізудің құпиялылық қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы. | Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат. | |
8. | Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтардың болуы. | Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар. | |
9. | Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу). | Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар. | |
10. | Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы. | Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже. | |
11. | Аккредиттелген медициналық ұйымдардың сақталатын деректерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы. | Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат. Бағдарламалық қамтамасыз ету тізбесі. | |
12. | Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет-ресурстың (веб-сайттың) болуы. | Веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты). | |
13. | Тараптардың нысанасын, талаптарын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көрсете отырып, субъект пен медициналық ұйым арасындағы шарт нысанының болуы. | Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі мен медициналық ұйымдар арасындағы сыртқы кешенді бағалау жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысаны. | |
14. | Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың болуы. Осы Қағидалардың 58-тармағының критерийлеріне сәйкес келетін кемінде 40% жоғары медициналық білімі, кемінде 30% жоғары және (немесе) орта медициналық білімі бар "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша, денсаулық сақтаудағы сапа және аккредиттеу саласындағы тәжірибе жөніндегі халықаралық ұйым аккредиттеген оқыту бағдарламалары негізінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқыту жөніндегі мәліметтерді көрсете отырып, кемінде 20 сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жұмыс орынын көрсетіп сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар тізімі. |
Субъектінің веб-сайтында орналастырылған электрондық деректер базасы/ сарапшылар тізілімі. | |
15. | Медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін сарапшыларды оқытуды растайтын құжаттар. | Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша оқытуды растайтын құжаттар. | |
16. | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымнан аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы (бұрын аккредиттеуші орган ретінде аккредиттелген субъектілер үшін). | Аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификат. | |
17. | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәліктің болуы (аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеуге алғаш үміткер субъектілер үшін). | Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәлік. | |
18. | "Е-лицензиялау" порталы арқылы "Медициналық ұйымдарды олардың қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін растайтын құжат. | Азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған және "Е-лицензиялау" порталына қолжетімділіктің бар екендігін растайтын құжат. |
Ескертпе:
"Қосымша ақпарат" бағанында шартқа сәйкес ұсынылатын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі.
*Уақытша иелену және пайдалану шарты 5 жылдан кем емес мерзімге жасалады.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 7-қосымша |
|
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша |
|
| нысан |
"Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (болған кезде) атауы | жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері |
1) "цифрлық үкіметтің" www. egov. kz www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-Портал) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі | Өтінішті Комитетте тіркеген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі |
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім алушылардың, түлектердің білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды жүзеге асыратын ұйымды аккредиттеу туралы куәлік; |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) қызмет беруші -дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін келесі құжаттар ұсынылады: 1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 8-қосымша |
|
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша |
|
| нысан |
Білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар
№ | Шарт | Құжат | Қосымша ақпарат |
1 | Білім алушылардың, кәсіби даярлығы бойынша түлектердің және денсаулық сақтау саласы мамандарының білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі – білім мен дағдыларды бағалау) ұйым қызметінің түрлерінің бірі болып табылатынын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы. | Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін). | |
2. | Білім мен дағдыға бағалау жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен (аудиожазба және бейнежазба) жабдықталған үй-жайдың болуы. | Үй-жайға меншік құқығындағы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығындағы (ақыға немесе өтеусіз) білім мен дағдыға бағалау жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен (аудиожазба және бейнежазба) жабдықталған үй-жайды растайтын құжат. | |
3. | Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін білім мен дағдыларды бағалау рәсімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету. | Астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда білім мен дағдыларды бағалауды жүзеге асырғанын растайтын құжат. | |
4. | Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы. | 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспар. Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспар. | |
5. | Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы. | Бекітілген қаржы-шаруашылық қызмет жоспары /даму жоспары. | |
6 | Ұжымда, сондай-ақ сарапшылармен, мүдделі тараптармен және халықпен өзара іс-қимыл кезінде субъект қызметкерлері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы. | Бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмелері. | |
7. | Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындай отырып, лауазымдық нұсқаулықтардың болуы. | Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар. | |
8. | Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу). | Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар. | |
9. | Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы. | Ішкі аудит қызметі туралы бекітілетін ереже. | |
10. | Киберқауіпсіздіктің тиісті деңгеймен цифрлық үкімет порталымен интеграциялау мүмкіндігі бар бағалаудың біріңғай автоматтандырылған цифрлық жүйесінің болуы. | Жұмыс істейтін бірыңғай автоматтандырылған цифрлық жүйенің (платформаның) болуын растайтын құжат. | |
11. | Қызметтік ақпараттың құпиялығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы. | Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат. | |
12. | Білім мен дағдыларды бағалауды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) комутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы. |
Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат*. | |
13. | Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдылардын бағалау мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде жаңартылған ақпараттың мазмұны бар жеке-меншікті жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы. | Веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты). | |
14. | Анықтама үшін жұмыс істейтін телефонның болуы. | Ұйымның веб-сайтында көрсетілген жұмыс істейтін телефон нөмері. | |
15. | Тестілеу кезінде жеке басын сәйкестендіру жүйесімен (бейнесахатпен) білім және дағдыға бағалау жүргізу үшін цифрлық жүйенің болуы. | Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) білім және дағдыға бағалау жүргізу үшін цифрлық жүйенің болуыы растайтын құжаттар*. | |
16. | Білім және дағдыға бағалау жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің сапасын қамтамасы етуге арналған компьютерлік техниканың және және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуы. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданған жағдайда онлайн прокторинг жүйесінің болуы. | Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) компьютерлік техниканың және және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуын растайтын құжаттар*. | |
17. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 тіркелді) (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) білім және дағдыларды бағалауды жүргізуге сәйкес клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы. |
Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуын растайтын құжат*. | |
18. | Бағалау ережелеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге араналған симуляциялық жабдықтардың (манекендер, фантомдар, муляждар не автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту, компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) және шығыс материалдары болуы. | Симуляциялық жабдықтар, аппаратуралар мен медициналық құрал-саймандар тізімі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау жөніндегі ұйымдар. Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) симуляциялық жабдықтар мен шығыс материалдарын растайтын құжаттар*. | |
19. | Денсаулық сақтау, медициналық білім беру, бизнес және құқық, цифрлық жүйелер мен технологиялар саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесу бар және білім беру дағдылардын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша оқытылған мамандардың болуы. | Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымның мамандары туралы мәліметтер. Оқуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері. | |
20. | Білім мен дағдыларды бағалауды, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдардың білім алушылары мен түлектерінің тәуелсіз бағалауын жүргізу үшін емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау жөніндегі сарапшылардың болуы. | Мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың тізімі. Емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша оқытуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері. | |
21. | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрлардың, медициналық білім және ғылым ұйымдарының білім алушылары мен түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалауды және тәуелсіз бағалауды жүргізу үшін әзірленген тест тапсырмаларының, әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 тест тапсырмаларының болуы. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 тіркелді) бұйрығына сәйкес тест тапсырмалары (әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 тест). | |
22. | Білім мен дағдыларға бағалау жүргізу үшін әзірленген клиникалық сценарийлер банкінің болуы: медициналық мамандықтардың негізгі бейіндері (терапия, хирургия, педиатрия, акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология, стоматология) бойынша кемінде 10 клиникалық жағдай. | Клиникалық сценарийлердің электронды базасы (негізгі медициналық мамандықтар бойынша кемінде 10 клиникалық жағдай). |
Ескертпе:
"Қосымша ақпарат" бағанында шартқа сәйкес ұсынылатын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі.
* Уақытша иелену және пайдалану шарты 5 жылдан кем емес мерзімге жасалады.
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 9-қосымша |
|
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 9-қосымша |
|
| нысан |
"Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Медициналық ұйымдар қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында оларды аккредиттеу |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы. | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) аккредиттеген ұйым). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" www. egov. kz www. elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал). |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі | Аккредиттеуші орган өтінішті тіркеген күннен бастап 27 (жиырма жеті) жұмыс күні. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі |
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлік; |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Қызметтердің құны аккредиттеуші органның ресми сайтында орналастырылады. |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалаудан өтуге өтініш. |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарына Тізбеге 10-қосымша |
|
| Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына 15-қосымша |
|
| нысан |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі "Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу"
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ. |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) ұсыну тәсілдері |
1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz www. eli cens e. kz (бұдан әрі-портал) |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету мерзімі | Өтінішті Комитетте тіркеген сәттен бастап 13 (он үш) жұмыс күні |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету нәтижесі |
1) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлік; |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде). |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болған кезде) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін келесі құжаттарды ұсынады: |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (болғанкезде) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |