Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 және "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" 2026 жылғы 3 тамыздағы № 386 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қазанда № 40100 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38737 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден құрылыс материалдарының жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 237 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 386 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39486 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы;

      3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады