БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, өтінішті және (немесе) құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы беру жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде жояды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, мемлекеттік қызметті алуға өтінішті және (немесе) құжаттарды қабылдау күні көрсетілетін қызметті алушының алғашқы жүгінген күні болып есептеледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған сәттен бастап қайта басталады.
Құжаттарды қайта ұсынуды көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін тоқтата тұру мерзімі шегінде жүзеге асырады.
Тоқтата тұру мерзімі осы тармақта белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауы тиіс.
Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын толық және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін рәсімдеуі және оған қол қоюы;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
үшінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде кезеңдер осы тармақтың 1) тармақшасына ұқсас болады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді коммуналдық тұрғын үй қорына беру тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды тұлғаларының тұрғын үйді қабылдау-беру актісіне (тапсыру актісіне) қол қоюы және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тіркеуші органда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) мен тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы.
3) республикалық мемлекеттік мекеменің немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру кезінде:
бірінші кезең – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы;
екінші кезең – тұрғын үй комиссиясының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім қабылдауы, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толықтығына және олардың Заңның, Қаулының және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауы;
көрсетілетін қызметті берушінің дауыс беру және тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін қабылдау не дәлелді бас тарту туралы шешім шығару үшін жергілікті атқарушы органның (мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің) тұрғын үй комиссиясының құрамын қалыптастыруы;
көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін рәсімдеуі және оған қол қоюы;
үшінші кезең – тұрғын үйді республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру, оның ішінде:
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның атына қолдаухатты жолдау;
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің қолдаухаты негізінде теңгерімінде берілетін тұрғын үй бар республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешім қабылдауы;
тапсырушы және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдарының тапсыру актісіне қол қоюы және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары) басшысының және коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысының тапсыру актісін бекітуі;
тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды тіркеуші органда мемлекеттік тіркеу;
көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді алуы;
төртінші кезең – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу.";
10-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
И. Шархан |
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы | Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: бірінші және екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі; үшінші кезең: көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жекешелендіру туралы шарт жасасу. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) және (немесе) қағаз. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан, коммуналдық мемлекеттік мекеменің не коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде: |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Ақысыз |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш; |
11 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
12 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |