"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 қазанда № 40049 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Өтінішті қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;

      2) уәжді бас тарту.";

      көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
Р. Исакулов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 488 Бұйрыққа
қосымша
  Жеке тұрғын үй қорынан жалға
алынған тұрғынжай үшін
жалдау ақысының бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5- қосымша

"Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (бұдан әрі – "Отбасы банк" АҚ).

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Отбасы банк" АҚ ресми интернет-ресурсы Орталық мемлекеттік орган айқындаған www. otb asyb ank. kz цифрлық объектісі арқылы.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Төлемдерді тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметтерді көрсетуші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұма күндерін қоса алғанда көрсетіледі.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметтерді алушының куәландырылған ЭЦҚ арқылы жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекеленген санаттарына төлем тағайындау туралы өтініші Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат цифрлық жүйелерге сұрау салуларға сәйкес "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рәсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекетік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 8-800-080-7777.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады