БҰЙЫРАМЫН:
1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.
Осы тармақтың қолданылуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Осы тармақта көзделген ден қою шарасы бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайларда қолданылмайды.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген шығыс операцияларын қоспағанда мемлекеттік аудит объектілерінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26715 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сәйкестік аудиті" ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылау рәсімдік стандартында:
17-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"қолайлылық (көрсеткіштер Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен немесе сарапшылардың пікірімен келісілген);";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мемлекеттік аудитор аудит нысанасын толық көлемде дұрыс көрсету үшін қолдануға жоспарланған өлшемдерді пайдаланады. Аудит жоспары мен бағдарламасына сәйкес аудит көлемі шектелген және Қазақстан Республикасының заңнаманың кейбір салаларын ғана қамтыған кезде мемлекеттік аудит саласындағы мұндай шектеулер мемлекеттік аудитордың есебінде анық көрсетіледі.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамада құқықтық олқылықтар анықталған кезде мемлекеттік аудитор аудиторлық есепте анықталған құқықтық олқылықтар туралы пікірді көрсетеді.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Мемлекеттік аудитор аудиторлық дәлелдемелерді жинау процесін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік аудит материалдары түрінде (цифрлық жүйеде және/немесе қағаз жеткізгіште) құжаттайды.";
көрсетілген рәсімдік стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
| Қазақстан Реcпубликасының | |
| Қаржы министрі | |
| 2026 жылғы 4 тамыздағы | |
| № 523 бұйрығына | |
| 1-қосымша | |
| Камералдық бақылау | |
| жүргізу қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі
№ | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің атауы | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің деректерін таңдау шарттары | Камералдық бақылау тәуекел бейінінің бұзылуы |
1. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптарын және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген шарттарды белгілеуі. |
1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
2. | Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі. |
1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде, тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес уәкілетті орган бекіткен Заңды және 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалар) бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі. |
3. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы |
1. Нысанасы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері болып табылатын мемлекеттік сатып алу. | Ұйымдастырушының/тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы. |
4. | Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу. |
1. Конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Мемлекеттік сатып алу туралы заңды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, лоттарға бөлмеуі. |
5. | Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ) бойынша жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының тиісті оң қорытындысында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейді. |
1. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз. | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 17-бабының 6-тармағын бұза отырып өткізілді. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 119-тармағын бұза отырып жүргізілді. |
6. | Ұйымдасытырылуы мен өткізілуін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабының 13-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабының 13-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
7. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу. | Веб-порталда орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық емес және/немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалармен көзделген мерзімдерді бұзылған. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық орналастырмау және/немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мерзімдерін бұзу. |
8. | Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып лоттарға бөлмеуі. |
9. | Техникалық ерекшелікте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар қамтылады. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына және сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады. |
10. |
Мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу – мемлекеттік сатып алудың тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану. |
1. Тапсырыс беруші тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберді. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау. |
11. | Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада не конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделмеген біліктілік талаптарын және (немесе) шарттарын белгілеуі. |
1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. |
Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі: |
12. | Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 10-бабының 4-тармағын бұза отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды. |
13. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар. |
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде біліктілік талаптарын белгілеу. |
14. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру талаптарын Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының бекітілген күнімен салыстыру. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырмау. |
15. | Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту (нақтылау). |
16. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. |
Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында): |
17. | Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізу | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау. | Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу. |
18. | Демпингтік баға есебін құқыққа сыйымсыз қолдану/қолданбау. |
1. Конкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13-бабын және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзу. |
19. | Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру |
1. Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен бұзу талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру |
20. | Тиісті Ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде мемлекеттік саты алу нысанасы болып табылатын сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тиісті мемлекетаралық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу Техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптардың көрсетілмеуі және/немесе дұрыс көрсетілмеуі. |
1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу Техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптың көрсетілмеуі және/немесе дұрыс көрсетілмеуі. |
21. | Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу. | Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
22. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа және (немесе) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсынысқа өзгерістер енгізу. | Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша келісім жобасы. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа және (немесе) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстары бар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосымша келісім жасасу. |
23. | "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – рұқсаттар туралы Заң) және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабына 4-тармағының талаптарын бұза отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
1. Тиісті рұқсаттың немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуын талап ететін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың рұқсаттар туралы Заңының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабына 4-тармағының талаптарын бұза отырып жүргізілуі. |
24. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау |
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. |
25. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану. | 2024 жылғы 15 қазандағы № 853 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген ұлттық режимнен алынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес сатып алуға жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу нысанасының түрін және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын құқыққа сыйымды айқындамау. |
26. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін қолдану | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдауы. |
27. | Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің кодтарын сатып алу нысанасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сыныптауышының коды (бұдан әрі - ТЖҚС) | ТЖҚС сатып алу нысанасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде, егер осындай біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін, егер біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, айлық есептік көрсеткіштің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жүз еселенген мөлшерінен асады. | Сатып алу нысанасына және біртекті тауарлардың жылдық көлеміне сәйкес келмейтін және құндық мәнде біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемінің белгіленген мөлшерінен асқан кезде ТЖҚС-ны құқыққа сыйымсыз таңдау. |
28. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 39-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстардың ҚМЖ-ны мемлекеттік сатып алу туралы шарт талаптарына сәйкес келмеуін, оның ішінде өзге контрагенттерден сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді (көлемдерінің сәйкестігі бөлігінде) растауды анықтау | 1. Тараптар веб-портал арқылы бекіткен ҚМЖ саласындағы орындалған жұмыстардың актілері | Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұза отырып орындалған жұмыстардың актілерін бекіту |
29. | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 585-тармағын бұза отырып, ҚМЖ саласындағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ақы төлеу алдындағы растайтын құжаттарда анықталған сәйкессіздіктер | 1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 585-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тараптар бекіткен құжаттар |
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 585-тармағына сәйкес ҚМЖ саласындағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша ақы төлеу алдындағы растайтын құжаттардың болмауы; |
30. | Мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу кезінде (оның ішінде жеңімпаз деп танылған өнім берушінің бағаны шартты азайтуын ескере отырып) қаржыландыру көздерін (жергілікті бюджеттің қатысу үлесін) негізсіз көрсету |
1. ҚМЖ белгісі бар шарттар мен лоттар; |
1. Қаржыландыру көздерінің тепе-тең азаюының болмауы (республикалық бюджет, жергілікті бюджет); |
31. | Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алудан бас тарту/күшін жою |
1. Қорытынды шығарылғаннан кейін "Күші жойылды" мәртебесі бар мемлекеттік сатып алу; |
1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабының 10-тармағын бұза отырып, мемлекеттік сатып алудан бас тарту; |
| Қазақстан Реcпубликасының | |
| Қаржы министрі | |
| 2026 жылғы 4 тамыздағы | |
| № 523 бұйрығына | |
| 2-қосымша | |
| "Сәйкестік аудиті" ішкі | |
| мемлекеттік аудитінің және | |
| қаржылық бақылаудың | |
| рәсімдік стандартына | |
| 1 – қосымша |
Сәйкестік аудит бағыттары бойынша сәйкестік аудитін жүргізуге қойылатын талаптар
Мемлекеттік аудитор мынадай бағыттар бойынша сәйкестік аудитін жүзеге асырады:
1) техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ТЭН), қаржылық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – ҚЭН) және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстар.
ТЭН-ді және ҚЭН-ді түзетуге байланысты шығыстардың сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:
мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларын және (немесе) іс-шараларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде негіздеменің, жобаны іске асыру көздері мен тәсілін айқындау өлшемшарттарының болуы;
салалық қорытындының болуы;
бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының болуы;
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, белгіленген тәртіппен бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаның ТЭН-інің болуы;
тиісті бюджет комиссиясының оң қорытындысының болуы;
республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есеп негізінде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне байланысты жүргізілетін аудит шеңберіндегі өзге де мәселелер;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны атқару тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар, байланысты гранттар бойынша алынған қаражат;
белгіленген талаптарды сақтау:
"Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдер бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығымен;
"Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекеттік кепіргерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) бұйрығымен;
"Бюджеттік кредиттеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 325 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36331 болып тіркелген) бұйрығымен;
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 229 бұйрығымен;
"Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен;
"Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидалары) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығымен.
бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және уақтылы бекіту;
консультанттардың еңбекақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуі, олардың жұмысын талдау;
келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу;
бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету;
мемлекеттік тапсырма бойынша алынған қаражат, оларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес пайдалану;
мемлекеттік тапсырыс бойынша алынған қаражат, оларды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және шарттық міндеттемелерге сәйкес пайдалану тәртібін сақтау, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу;
мемлекеттік бюджеттен алынған басқа да қаражат, оларды басқару және пайдалану тәртібі;
3) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ бюджеттік кредиттерді пайдалану.
Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ бюджеттік кредиттердің пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:
қарыз алушыларға кредит беру кезінде қаражатты мақсатты пайдалану (қарсы бақылау жүргізіледі);
қарыз берген кредитор, қарыздың мөлшері мен талаптары (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), мақсатты пайдаланылуы, өтеу көздері;
келісімшарттарда көзделген жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды және қызметтерді уақтылы және толық жеткізу;
бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтерді, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерді көрсету;
бақылау объектісінің кепіл шарты бойынша міндеттемелерді орындауы;
бақылау объектісі кепілдік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын шаралар;
бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігі;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мамандандырылған ұйымдарға бюджеттік кредиттер беруге Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсаты бар әзірленген талаптардың болуы (тиісті бюджет қабылданғаннан кейін екі айдан аспайтын мерзімде);
бағдарламаның әкімшісіне қатысушы банктер бойынша жіберілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ақпараттың болуы;
нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде кредиттер алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар қатысушы банктер арасында конкурс өткізу;
жасалған кредиттік шарт бойынша бақылау объектісі кепілге берген немесе міндеттемелерді кепілдікпен қамтамасыз ету ретінде ұсынатын мүліктің болуы және жай-күйі;
жасалған кредиттік шартқа сәйкес бақылау объектісі қабылдаған міндеттемелерді орындау;
мамандандырылған ұйымдардың конкурстық рәсімдерін сақтау;
конкурсты өткізудің дұрыстығы;
бюджеттік бағдарлама әкімшісі мамандандырылған ұйыммен жасасқан кредиттік шарт талаптарын орындау (мақсатты пайдалану, түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру мерзімдері, кредитті өтеудің уақтылығы мен толықтығы, сыйақы мөлшерлемелері мен есептеу тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарт талаптары орындалмаған кездегі санкциялар);
мамандандырылған ұйым бюджеттік бағдарлама әкімшісімен кредиттік ұсыныстардың сараптамасын және түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді келіскенін;
кредит бойынша төлемдер кезектілігінің сақталуын (есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар, есептелген сыйақы, негізгі борышты өтеу);
түпкілікті қарыз алушыда мерзімі өткен берешек пайда болған кезде қабылданатын шараларды;
кредиттік шарт шеңберінде жеткізілген жабдықты жеткізу толықтығын және оның кіріске алынуын;
жабдықты пайдаланудың негізділігін;
ұсынылған бюджеттік кредиттердің мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалардың, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының және орта мерзімді фискалдық саясаттың іс-шараларына сәйкестігін;
нормативтік құқықтық базаның болуын (Қазақстан Республикасының Үкімет шешімі, бюджеттік кредиттер беру тәртібі/қағидалары);
қарыз алушылардың жасалған кредиттік шарттар шеңберінде негізгі шарттар мен міндеттемелерді орындауын;
бюджеттік кредиттердің негізді, заңды және уақтылы пайдаланылуын;
іске асырылып жатқан жобаның ашықтығы тұрғысынан жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді;
кредит қаражатының игерілмеу себептерін (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаны іске асыру кезіндегі кемшіліктерді жою үшін қандай шаралар қабылдады);
соңғы үш жылда аудиттелген есептіліктің болуын;
қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметі жоспарының болуын;
жоба бойынша қамтамасыз етудің болуы тұрғысынан кепіл туралы шартты тексереді;
4) шарттар мен рәсімдерді сақтау, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Шарттар мен рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ байланысты гранттар қаражатының пайдаланылуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
тиісті қаржы жылға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған байланысты гранттар бойынша алынған қаражатты;
жобаны байланысты гранттар қаражаты мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын;
байланысты грант қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын;
төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын;
бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді;
қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес тиісті органдарға байланысты гранттар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептілікті уақтылы және толық беруін;
келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін лимит шегінде берілетін мемлекет кепілгерлігін;
жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген және байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдар жүзеге асыратын байланысты гранттардың пайдалануын;
алынған байланысты гранттардың негізді, заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуді;
байланысты гранттар есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың теңгерімге қойылуын қамтамасыз етуді;
гранттар есебінен сатып алынатын тауарлардың импорты кезінде кедендік ресімдеудің уақтылы жүзеге асырылуын;
ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттардың пайдаланылуы туралы ақпараттың ұсынылуын;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға грантты пайдалану туралы ұсынылған есептің дұрыстығын;
5) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатын пайдалану, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауы.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың қаражатының пайдаланылуына, оның ішінде мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алу шарттарын сақтауына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор мыналарды тексереді:
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 қаулысымен бекітілген Қағидаларынның талаптарын сақталуын;
үкіметтік сыртқы қарыз, байланысты грант және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске асырылатын жобаның қаржылық сипаттамаларын талдауды, жобаны қаржыландыру схемаларын (нысан, қарыз алушылар, кредиторлар, шектеулер, шарттар);
тиісті қаржы жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджетте көзделген және оны орындау тәртібімен пайдаланылған сыртқы үкіметтік қарыздар бойынша алынған қаражатты;
үкіметтік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен жобаны қаржыландырудың пайыздық арақатынасының сақталуын, сондай-ақ олардың уақтылы қаржыландырылуын;
қарыз қаражаты есебінен жобада көзделмеген жұмыстарды қаржыландыру жағдайларының болуын;
жоба консультанттарының еңбегіне ақы төлеу тәртібін, олармен еңбек келісімшарттарының болуын;
консультанттардың еңбегіне ақы төлеу қорының қарыз туралы келісімде және/немесе тиісті нормативтік құқықтық актілерде көзделген лимиттен асып кетуін, олардың жұмысын талдауды;
қарыз қаражаты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен сатып алынған жабдықтың нысаналы пайдаланылуын: бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жабдықты өзге мақсаттарда пайдалану жағдайларының бар-жоғын;
төлеуге берілетін шоттың және бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімнің болуын;
бірлесіп қаржыландыру қаражатын алуға өтінімді;
қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес тиісті органдарға қарыздар бойынша атқарушы агенттіктердің (бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, сенім білдірілген өкілдердің (агенттердің), қарыз алушылардың) жобаларды іске асыруы туралы ақпарат пен есептіліктің уақтылы және толық бұсынылуын;
капиталдардың ішкі нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанында үкіметтік қарыз алуды тексереді. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздарды шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің заңдылығын тексеру қажет;
қарыз берген кредиторды, қарыздың мөлшері мен талаптарын (пайыздық мөлшерлеме, қарыздың қолданылу мерзімдері, қарыз шартының талаптарынан туындайтын өзге де міндеттемелер), нысаналы пайдаланылуын, өтеу көздерін;
келісімшарттарда көзделген жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және көрсетілетін қызметтердің уақтылы және толық жеткізілуін;
қарыз қаражаты есебінен келісімшарттардың талаптарында көзделмеген, қарыздың нысаналы мақсатына сай келмейтін мүлікті және көрсетілетін қызметтерді алу фактілерін;
демеушілік және қаржылық көмек көрсетуге, өз мұқтаждарына қарыз қаражатын бөлу фактілерін;
қарыз бойынша алынған мүлікті пайдаланудың негізділігі мен заңдылығын;
бақылау объектісінің балансында қарыз бойынша алынған мүлік пен қызметтердің, сондай-ақ кредитор банк және/немесе республикалық бюджет алдындағы міндеттемелердің көрсетілуін;
негізгі қорларды және қарыз қаражатына сатып алынған басқа да мүлікті пайдаланудың негізділігін;
бақылау объектісінің есебінде көрсетілген қарыздар бойынша борышты және негізгі борыштың қалдығын өтеу және қызмет көрсету бойынша нақты төлемдерді салыстырып тексеруді жүргізу;
қарыз бойынша бөлінген бюджет қаражатын қайтару бойынша бақылау объектілері қолданатын шараларды;
мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына кодексіне сәйкес мемлекет кепілгерлігін беру шарттарының және мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың сақталуын;
мемлекет кепілгерлігін орындау кезінде талаптардың сақталуын;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, сондай-ақ оларды пайдалану.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің іске асырылуын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарын қалай өтелгенін және қандай шарттарда жүргізілгенін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қойылатын нормалар талаптарының сақталғанын;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
қарыз қаражатын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау рәсімін;
қарызды тарту, пайдалану, өтеу және оған қызмет көрсету тәртібі мен шарттарының айқындалуын;
келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдендіру, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдерін тексереді;
8) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманы сақтау.
Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
алдыңғы аудит анықтаған бұзушылықтардың жойылуын;
ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер енгізетін веб-порталдағы деректердің дұрыстығын;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының болуы және уақтылы бекітілуі, жасалған өзгерістердің дұрыстығын, енгізілген өзгерістердің негізділігін;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (бөлінетін сома, номенклатура мен көлемдер бойынша, жеткізу орны, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету бойынша бөлу) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер көлемдерінің бюджеттік сұранымда белгіленген көлемдер мен көрсеткіштерге сәйкестігі және негізділігі тұрғысынан талдау;
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларының мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы орналастырылуын және оларға енгізілген өзгерістерді;
сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерінің мемлекеттік сатып алу жоспарында көрсетілген мерзімдерге сәйкестігін;
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы Заң) 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22) және 24)-тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларының болуын;
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 10-тармағында 10-тармағында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту жағдайларының болуын;
өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 16-бабының нормасын қолданудың негізділігін;
мемлекеттік сатып алуды өткізу тәсілін таңдау заңдылығын:
конкурс тәсілімен (ашық конкурс, екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, негіздемелік келісімдер пайдаланылатын конкурс, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс);
бір көзден алу тәсілімен;
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
аукцион тәсілімен;
тауар биржалары тәсілі арқылы;
электрондық дүкен арқылы;
көрсетілген тәсілдермен жүзеге асырылған мемлекеттік сатып алу саны мен көлемін (жеке-жеке);
мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерге енгізу үшін ақпаратты жіберу туралы талаптардың орындалуын;
әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап қою туралы талаптардың орындалуын;
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнаманың сақталуын;
мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау қағидаттарының сақталуын;
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 26-бабына сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібінің қолдануын;
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 9-бабына сәйкес ұлттық режимді қолдану тәртібінің сақталуын;
Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 27-бабына
сәйкес әлеуетті өнім берушілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысу тәртібінің сақталуын;
мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасалуы мен орындалуын;
мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қосымша келісімнің жасалуын тексереді;
9) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнаманы сақтау.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
бухгалтерлік есептің жай-күйін, бухгалтерлік құжат айналымын ұйымдастырудың және сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бастапқы есепке алудың дұрыстығын;
жасалған операцияларды есепке алуға қабылданған деректердің, тиісті операцияларды жасау бөлінісінде мемориалдық ордерлер-жинақтау ведомостерінің дұрыстығын тексереді. Айналым ведомостерінің талдамалық шоты бойынша айналымдар мен қалдықтарды "Бас Журнал" кітабындағы осы қосалқы шоттардағы қалдықтар бойынша айналымдар қорытындыларымен салыстырып тексеру. Осы бақылау "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде жүзеге асырылады;
Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жүргізілетін сәйкестік аудиті мәселелері бөлігінде бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес бюджеттік есептілікті толық, дұрыс, негізді және уақтылы жасауын және ұсынуын;
мемлекеттік мекемелердің жылдық есебі деректерінің Сәйкестік аудиті бағдарламасының мақсаты мен мәселелеріне қатысты тиісті құжаттармен расталған бухгалтерлік жазбалардың деректеріне сәйкестігін;
жүргізілген түгендеу нәтижелерімен есепті жылдың соңына баланс баптарының деректерінің расталуын және Сәйкестік аудиті бағдарламасында осы мәселе болған кезде жылдық есеп ұсынылғанға дейін анықталған алшақтықтардың реттелуін;
олардың пайда болу себептерін көрсете отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектер туралы есептердің дұрыстығын, оның ішінде: мемлекеттік мекемені қаржыландырудың бекітілген жеке жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін кредиторлық берешектің пайда болу себептерін, сәйкестік аудиті мәселелері бойынша тексеру кезінде дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру фактілерінің бар-жоғын тексереді;
10) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау.
Бұл бағыттың өлшемшарттары: сенімділік, негізділік, адалдық болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасының сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор:
қамтамасыз етудің заттай нормаларының сақталуын "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен, кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен бекітілген;
жол парақтарына сәйкес автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының маркалары бойынша жүрудің 100 км белгіленген нормаларға сәйкес бензинді, дизель отынын және сұйытылған газды есептен шығару тәртібінің сақталуын тексереді. Бұл ретте автомобильдерге жанар-жағармай материалдарын есептен шығару көлік құралдарын дайындаушы зауыттар белгілеген қабылданған нормалар бойынша көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдерде жүргізілетінін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін 100 км жүріске арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларының (бұдан әрі – нормалар) дұрыстығын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысы басшылыққа алынсын;
белгіленген жүріс нормаларына сәйкес автомобиль шиналарын есептен шығару дұрыстығы және пайдалану мерзімі өтпеген автомобиль шиналарын жүріс нормаларына қарсы есептен шығару негізділігі;
ақаулы актілерге сәйкес қосалқы бөлшектерді есептен шығарудың дұрыстығы. Бұл ретте мемлекеттік аудитор есептен шығарылған қосалқы бөлшектердің сәйкестігін және оларды қосалқы бөлшектермен есептен шығаруға арналған ақаулы актілерде бекітілген сәйкес қоймаға кіріске алуды салыстырады;
қызметтік жеңіл автокөлік ретінде арнайы автомобильдерді пайдалану фактілерінің болуы. Арнайы автомобильдерді арнайы жабдықпен жарақтандыру. Қызметтік және арнайы автомобильдерді автомобиль теңгерімін ұстаушылардың жоғары тұрған басқару органдары пайдаланатынын тексереді;
аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ғимараттарды, көлік құралдарын есептен шығаруға рұқсатының болуы. Ғимараттарды, көлік құралдарын қоғамдық және бөгде ұйымдарға өтеусіз беру жағдайларының болуы;
тиісті өткізу рәсімдерін (уәкілетті органның рұқсаты, нарықтық құнын анықтау бойынша сараптама) жүргізбестен, жеке тұлғаларға көлік құралдарын қалдық теңгерімдік құны бойынша өткізу жағдайларының болуын тексереді. Тексерілетін мемлекеттік мекеме аумақтық мемлекеттік мүлікті және жекешелендіруді емес, оның теңгерімінде тұрған көлік құралдарын сату жағдайларының болуы;
көлік құралдарын жалға алуға көзделген бюджет қаражатын пайдаланудың негізділігі мен заңдылығы;
қызметтік телефондарды пайдалану: қызметкерлердің халықаралық және қалааралық сөйлесулері жеке мақсатта жүргізілмеді ме, осы келіссөздер үшін ақы төленді ме, қызметтік телефондарды пайдалану бойынша лимиттер бар ма (қалааралық келіссөздер, ұялы байланысқа шығу туралы келіссөздер ескерілген бе);
мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;
материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және есептен шығару, материалдық жауапты тұлғалардың жұмысын бақылауды ұйымдастыру бойынша негізгі ережелерді сақтау, материалдық құндылықтардың нақты болуы;
11) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң) сақтау. Осы бағыт бойынша сәйкестік аудитін ведомство және оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуына сәйкестік аудитін жүргізу кезінде мемлекеттік аудитор аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың, кәсіби аудиторлық ұйымдардың және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде аудиторлық қызмет туралы заңның сақталуын тексереді;
12) ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның салалық Қазақстан Республикасының заңнаманы сақтауы.
Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудиторы:
жарғыда көзделген мақсаттардың, функциялар мен міндеттердің іске асырылуын;
мемлекеттік аудит объектілерінің ішкі құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына, жоғары тұрған органның (мемлекеттік басқару органының) құқықтық құжаттарына сәйкестігін;
мемлекеттік аудит объектісінің ішкі құқықтық құжаттарды сақтауын;
жалақыны және басқа да ынталандырушы төлемдерді есептеу мен аударудың қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаға, оның ішінде ішкі құқықтық құжаттарға және Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларына "Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме" 5-15а нысанына сәйкестігін тексереді;
13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарлық материалдық қорларының (бұдан әрі – ТМҚ) және активтерінің сақталуын тексереді.
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ТМҚ және өзге де активтерінің сәйкестігіне аудит жүргізу кезінде аудитор:
ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ТМҚ және активтерді (негізгі құралдар, меншікті ақша қаражаты, жалға алынатын негізгі құралдар) есепке алуды;
ведомстволық бағынысты ұйымдарда ТМҚ мен активтерді пайдалану тәртібін;
ақылы қызметтер көрсету рәсімдерін сақтауды тексереді.