БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқық қорғау органдарындағы қызметке (оқуға) кандидаттардың, қызметкерлердің денсаулық және даму жағдайы көрсеткіштері (өлшемшарттары) бойынша талаптар, жарамдылық санаттары осы Денсаулық жағдайына талаптарға қосымшаға сәйкес жазылған.
Құқық қорғау органдары бөліністерінің, лауазымдарының атаулары және қызмет түрлері осы Денсаулық жағдайына талаптардың мынадай бағандары бойынша бөлінеді:
1) I баған:
қызметкерлері:
арнайы бөліністердің ("Сұңқар", "Арлан" жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (бұдан әрі - ЖҚАЖ));
полицияның патрульдік қызметінің саптық бөліністерінің;
жедел автокөліктің жүргізушілері;
ішкі істер органдарының жедел қызмет бөліністерінің (ашық ауада қызмет атқаратын);
қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметінің (бұдан әрі – ҚМО ЭТҚ) жедел қимылдау бөліністерінің;
азаматтық қорғау органдарының бөліністерінің (өртті сөндіруге тікелей қатысатын);
жедел қимылдайтын бөліністердің (ұшқыш құрам);
азаматтық қорғау даярлығы, төтенше жағдайларда қорғау және азаматтық қорғаныс бағыттары бойынша оқуға түсуге кандидаттар;
2) II баған:
І, ІІ бағандармен белгіленген әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын бөліністердің және қызметтердің басшылары (осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілгендерден басқа);
қызметкерлері:
ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет қызметінің саптық бөліністерінің;
криминалдық полиция, жедел-іздестіру қызметтерінің, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің;
әкімшілік полиция бөліністерінің;
кезекші бөлімдердің;
өзіндік қауіпсіздік, көші-қон қызметі, "Интерпол", кинологиялық қызмет бөліністерінің;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бөліністерінің;
қылмыстық-атқару жүйесі органдары (мекемелері) бөліністерінің;
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет (бұдан әрі – МФҚ) бөліністерінің;
жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығына оқыту нұсқаушылары;
кавалерист полицейлер;
жедел-іздестіру, қылмыстық-атқару, әкімшілік-құқықтық бағыттардағы даярлық бойынша оқуға түсуге кандидаттар;
3) III баған:
мемлекеттік органдардың, комитеттердің, департаменттердің, мемлекеттік органдардың орталық және аумақтық бөлімшелері дербес басқармаларының (бөлімдерінің) әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары;
III бағанмен белгіленген бөліністердің және қызметтердің басшылары;
қызмет түрлерінің қызметкерлері:
құрылыс, өндірістік-экономикалық, жабдықтау, материалдық-техникалық, шаруашылық, әскери қамтамасыз ету;
медициналық, қаржы-экономикалық, ревизиялау-бақылау;
ақпараттық, ақпараттық-техникалық, ұйымдастыру-аналитикалық, штаб, кадр, заң;
тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, жедел-техникалық;
қызметкерлері:
киберқауіпсіздік және киберқылмыспен күрес саласындағы қызмет бөліністерінің;
профилактикалық жұмысты үйлестіру жөніндегі бөліністерінің;
ғылыми-зерттеу және оқу орындарының;
қабылдау-тарату орындарының;
екінші арнайы бөлімдердің (топтардың), арнайы тасымалдау бөлімдерінің;
қылмыстық-атқару жүйесі арнайы есеп бөлімшелерінің;
автошаруашылық және арнайы автокөлік мекемелерінің;
жүргізуші-қызметкерлер (жедел автокөліктің жүргізуші-қызметкерлерінен басқа);
қызметкерлері:
прокуратура органдарының;
ҚМО ЭТҚ (I бағанда көрсетілгеннен басқа);
азаматтық қорғау органдары бөліністерінің (І бағанда көрсетілгендерден басқа);
даярлаудың тергеу, криминалистикалық, педагогикалық-психологиялық, ақпараттық және техникалық бағыттары бойынша оқуға кандидаттар.
Осы Денсаулық жағдайына талаптардың III бағанында көрсетілген қызмет түрлері бойынша куәландыру лауазымы штатқа енгізілген ішкі істер органдары бөлінісінің жалпы атауына қарамастан аталған бағандар бойынша жүргізіледі.
3. Осы Денсаулық жағдайына талаптарда қызметке, оқуға, әскери қызметке жарамдылық санаты тұжырымдарының мынадай белгілері келтірілген:
А – "әскери қызметке жарамды"; "______қызметке жарамды" (лауазымы көрсетілсін); "___оқуға түсуге жарамды" (факультеттің және оқу орнының атауы көрсетілсін);
В – "әскери қызметке шектеулі жарамды";
В-жеке – қызметке жарамдылығы "әскери қызметке жарамды" (немесе лауазымы көрсетіле отырып "_____қызметке жарамды"), не болмаса "әскери қызметке шектеулі жарамды" тұжырымдамалардың бірімен жеке анықталады;
Г – "кейіннен куәландырылып тексеруге (емдеуге) жатады";
Д – "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды";
Д-жеке - қызметке жарамдылығы "әскери қызметке шектеулі жарамды" не болмаса "бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды" тұжырымдамалар бірімен жеке анықталады;
Е – "әскери есептен шығарыла отырып, әскери қызметке жарамсыз";
ЖЕКЕ – куәландырылатын адамның функционалдық жай-күйін ескере отырып, кандидаттардың қызметке жарамдылығы жеке анықталады;
ЖС – "____қызметке жарамсыз" (лауазымы көрсетілсін); "____оқуға түсуге жарамсыз" (факультеттің және оқу орнының атауы көрсетілсін); "құқық қорғау органдарындағы (азаматтық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіндегі) қызметке жарамсыз".
Осы Денсаулық жағдайына талаптардың II бағаны бойынша МФҚ бөліністеріне, III бағаны бойынша прокуратура органдарына, I немесе III бағаны бойынша ҚМО ЭТҚ-ға қызметке кандидаттардың және қызметкерлердің жарамдылығын шығару кезінде "МФҚ-ға қызметке жарамды(сыз)", "прокуратура органдарында қызметке жарамды(сыз)", "ҚМО ЭТҚ-ға қызметке____бағаны бойынша жарамды(сыз)" (баған көрсетілсін), тұжырымдары қолданылады.";
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарға қосымшада:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
2. | Өкпе, бронхылар, плевра және кеуде ішіндегі лимфалық түйіндер туберкулезі А15-16, В90-90.9: | к | с | к | с | к | с |
1) микробактериялардың бөлінуі немесе ыдырауы бар белсенді; | жз | Е | жз | Е | жз | жз | |
2) микробактериялардың бөлінуінсіз және ыдырауынсыз белсенді; | жз | Д | жз | Д | жз | жз | |
3) бәсеңдеген белсенді; | жз | В | жз | В | жз | жз | |
4) негізгі емдеу курсы аяқталғаннан кейін және динамикалық бақылау алынып тасталған соң 3 жылдан астам өршу белгілері болмаған кездегі өршімеген; | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жеке | жз | |
5) стационарлық емдеуді қажет етпейтін туберкулезді этиологияның өткерілген экссудатты плевритінің және басқа серозиттердің қалдықты құбылыстары. | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | жз | |
Осы Талаптардың 2-тармағының 1) тармақшасы қайтпайтын бактерия бөлінуі немесе ыдырауы (каверна) бар тыныс алу мүшелерінің белсенді туберкулезінің барлық нысандарын; плевра эмпиемасын; көкірек қуысының жылжуы бар өкпе мен плеврадағы үлкен қалдықты өзгерістерді, сондай-ақ ішкі тыныс алу, ІІІ дәрежелі тыныс алу (өкпемен) жетіспеушілігі бар хирургиялық емдеудің зардаптарын; бронхылардың фистулалық (жыланкөздік), сол жақ өкпенің екі сегментін не болмаса оң жақ өкпенің екі және одан көп сегменттерін алып тастаумен ілескен ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, тыныс алу функциясының жағдайына қарамастан өкпенің бір және одан астам бөлігін алып тастау операциялық қатысуларынан кейінгі залалдануын көздейді.
Осы Талаптардың 2-тармағының 2) тармақшасында куәландыру сәтінде ыдыраусыз және микобактериялардың бөлінуінсіз тыныс алу мүшелерінің асқынған туберкулезінің барлық нысандарын көздейді; емдеу процесінде трансформацияланған жұқа қабырғалы киста тәріздес қуыстар (кавернаның ашық түрде бітелуі); өкпе мен плеврадағы үлкен қалдықты өзгерістерді, сондай-ақ сол жақ өкпенің екі сегментін не болмаса оң жақ өкпенің екі және одан көп сегменттерін алып тастаумен ілескен ІІ дәрежелі тыныс алу (өкпемен) жетіспеушілігі бар зардаптары, және Кодекстiң 98-бабы 2-тармағында көзделген құзыретке сәйкес бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен айқынталатын тыныс алу органдары туберкулезінің "сезімтал туберкулез" тіркеу санаты бойынша "рецидив", "емдеу сәтсіздігі", "үзілістен кейінгі емдеу", "басқа" типтері (оларды емдеудің зардаптарын) және "дәрі-дәрмекке тұрақты туберкулездің" тіркеу санаты бойынша барлық типтерін (оларды емдеудің зардаптарын) көздейді.
Үлкен қалдықты өзгерістер болып: көптеген (5-тен астам) ұсақ 1 сантиметрге (бұдан әрі – см.) дейінгі және бірлі-жарым (5-ке дейінгі) ірі (1 см. астам) алғашқы туберкулездік (1 сегменттен астам) фиброздық-цирроздық өзгерістері; шомбал (қалыңдығы 1 см. астам) плевралық қатпарлануы саналады.
Осы Талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасы ұзақ стационарлық емделу нәтижесінде белгіленген (кемінде 3 ай) клиникалық-рентгенологиялық салауаттылыққа қол жеткізген кезде тыныс алу органдарының белсенділігі саябырланған туберкулезі: интоксикация симптомдарының жоғалуы, бактериялар бөлінуінің тоқтауы, кавернаның жазылуы, өкпедегі инфильтраттың сорылуы және плевра қуысындағы сұйықтың сіңуі көзделеді. ІІ, ІІІ бағандары бойынша бұдан әрі қызметке қызметкерлердің жарамдылығы "В-жеке" анықталады (ІІ баған бойынша куәландырылатын ҚАЖ қызметкерлерінен басқа).
Осы тармақша бойынша қызметке рұқсатты ӘДК туберкулезге қарсы күрес ұйымының Орталықтандырылған дәрігерлік-кеңестік комиссиясынан (бұдан әрі – ТҚҰ ОДКК) берілген туберкулезбен ауырғандарға жұмысқа және оқуға рұқсат беру туралы медициналық қорытындысын алғаннан кейін шешіледі. ӘДК әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындыларын қабылдау кезінде ТҚҰ ОДКК еңбекке жарамдылығы туралы қорытындысы есепке алынбайды.
Осы тармақша бойынша сол жақ өкпенің екі сегментін не І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар оң жақ өкпенің екіден көп сегментін алып тастау салдары бар адамдар куәландырылады.
Осы Талаптардың 2-тармағының 4) тармақшасы бойынша емдеудің негізгі курсы (негізгі емдеу курсы жалпы ұзақтығы 8 айға дейінгі қамтиды, қолайлы дәрігерлік-сарапшылық болжам болғанда - 10 айға дейінгі) аяқталғаннан және динамикалық бақылаудан алғаннан кейін 3 жылдан аса өкпе мен плеврада кенеттен-емделген туберкулездің қалдықты өзгерістері болған немесе болмаған кезде қызметке орналасушы кандидаттар және 3 жыл ішінде қызметкерлер; сондай-ақ сол жақ өкпенің екі сегментін не болмаса оң жақ өкпенің екі және одан көп сегменттерін алып тастаумен ілескен І дәрежелі тыныс алу (өкпемен) жетіспеушілігі бар немесе жетіспеушілігі жоқ зардаптары; шеткі немесе үнемді резекциясы (сол жақ өкпенің бір немесе екі сегменті немесе оң жақ өкпенің екі сегменті) ілескен І дәрежелі тыныс алу (өкпемен) жетіспеушілігі бар адамдар куәландырылады.
Осы тармақшаға сондай-ақ клиникалық емделген туберкулездің тобындағы бақылау аяқталғаннан кейін және экссудативтік плевритпен және цитологиялық, иммунологиялық, микробиологиялық зерттеу әдістерімен, ал көрсетілген жағдайларда пункциялық биопсия және бронхологиялық зерттеулермен расталған, басқа да туберкулез этиологиясының серозиттерімен (перикардит, полисерозит) ауырғандарды динамикалық бақылаудан шығарылған соң тыныс алу органдарының өткерілген туберкулезінен кейінгі шағын қалдық өзгерістер де жатады. Құрғақ плевриттердің туберкулез этиологиясы туберкулиндік-иммудиагностика әдістерімен, сынамалы емдеумен және зертханалық зерттеулер қарқынымен дәлелденуі тиіс.
Өкпеде немесе кеуде ішіндегі лимфалық түйіндерде бірлі-жарым ұсақ петрификаттардың болуы осы тармақты қолдану үшін негіз болып табылмайды;
Белсенділігі күмәнді туберкулез диагнозы белгіленген жағдайда (диспансерлік есепке алу тобы "О") немесе туберкулезге шалдығу қаупі жоғары байқау кезінде ("ІІІ" диспансерлік есепке алу тобы) қызметке (оқуға) кандидаттар диспансерлік есептен шығарылғанға дейін жарамсыз деп танылады, қызметкерлерге өзіндік процестің бар немесе жоқ екені туралы фтизиатрдан қайтадан түпкілікті қорытынды ұсынылғанға дейін "тексеріліп, кейіннен куәландырылуға жатады" қорытындысы шығарылады.
Осы Талаптардың 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша экссудатты плеврит пен этиологиясы туберкулездік (перикардит, полисерозит) басқа да серозиттердің диагнозы цитологиялық, иммунологиялық, микробиологиялық зерттеу әдістерімен, ал көрсетілген жағдайларда пункциялық биопсиямен расталады. Міндетті түрде бронхологиялық зерттеу қажет. Құрғақ плевриттердің туберкулездік этиологиясы туберкулиндік-иммунодиагностика әдістерімен, сынамалы емдеумен және зертханалық зерттеулердің қарқынымен дәлелденуі қажет.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
10. | Қатерсіз жаңа өспелер D10-31, D34-42 (D35.2, D35.4 коспағанда), D44-48, N60: | к | с | к | с | к | с |
1) функцияларының елеулі бұзылулары бар; | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
2) функцияларының әлсіз бұзылулары бар; | жз | Д-жеке | жз | Д-жеке | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының елеусіз бұзылулары бар; | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) уақытша функционалдық бұзылыстар. | жз | Г | жз | Г | жз | Г | |
Талаптардың осы тармағы нерв жүйесі ісіктерінен басқа қатерсіз жаңа өспелерді қарастырады (Д-48.2).
Қызметкерлерде осы Талаптардың 10-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген сырқаттар анықталған кезде хирургиялық емдеу ұсынылады. Көрсетілген тармақшалар бойынша қорытынды хирургиялық емдеу нәтижелері қанағаттанарлықсыз, операциялық жолмен емдеуден бас тартқанда не болмаса хирургиялық емдеуге қарсы көрсетімдер болған кезде шығарылады. Операциялық жолмен емдеу жоспарланған кезде қызметкерлерге "Кейіннен куәландырылып, емделуге жатады" қорытындысы қабылданады.
Осы Талаптардың 10-тармағының 1) тармақшаға тіндерге, қан жүретін, лимфатикалық тамырларға жататын, нысанды киім киюге немесе жарақтарды тағып жүруге мүмкіндік бермейтін, терінің, жоғарғы тыныс алу жолдарының, елеулі клиникалық көріністерімен (қозғалу, басу, айналасындағы және оларға іргелес мүшелердің бұзылуы), қан түкірумен, бронхостенозбен немесе ателектазбен ілесе жүретін бронхоөкпелік аппараттың жаңа өспелері, жұту актісін, астың өтуін елеулі қиындататын және тамақтанудың төмендеуімен ілесе жүретін ас қорыту мүшелерінің жаңа өспелері, жақын орналасқан мүшелер функцияларының бұзылуын тудыратын эндокриндік бұзылуларсыз ішкі секреция бездерінің жаңа өспелері (қозғалу, бастырылу), айқын дизуриялық бұзылулары бар немесе қан кетумен ілесе жүретін қуық мүшелерінің қатерсіз жаңа өспелері жатады.
Осы Талаптардың 10-тармағының 2) тармақшасына тіндерге жататын терінің, нысанды киім кию немесе жарақтарды тағып жүруге қиындық туғызатын қан жүретін және лимфатикалық тамырлардың жаңа өспелері; жақын орналасқан мүшелер функцияларының бұзылуы бар аралықтардың жаңа өспелері, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхоөкпе аппаратының әлсіз клиникалық құбылыстары бар жаңа өспелері, функциясының бұзылуымен және тамақтанудың төмендеуімен ұласатын ас қорыту мүшелерінің жаңа өспелері; қуық мүшелерінің әлсіз дизуриялық бұзылулары бар қатерсіз жаңа өспелері, сүт безінің, жатырдың, аналық бездің және онкологтың қорытындысы бойынша операциялық емдеуді қажет ететін әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да әлсіз клиникалық көріністері бар жаңа өспелері жатады.
Көрсетілген тармақшаға сондай-ақ көлеміне қатыссыз анемияға әкеп соқтыратын қан кетумен ілесе жүретін, көршілес органдар функцияларының орташа немесе едәуір дәрежеде бұзылуына әкелетін, тез өсетін (бір жыл ішінде 5 аптадан асатын жүктілікке сәйкес келетін көлемге дейін ісіктің ұлғаюы) жатырдың миомалары жатады.
Сондай-ақ осы тармақшаға гистологиялық расталған эндометрияның гиперпластикалық процесі, эндометрий полиптері бар, әртүрлі ауырлық дәрежедегі анемияға әкеп соқтыратын жатыр қан кетумен ілесе жүретін, аналық бездің кистомасы (D27), гистологиялық расталған аналық бездердің (муцинозды, папиллярлық, эндометриоидты кисталар) шекаралық ісіктері жатады.
Осы Талаптардың 10-тармағының 3) тармақшаға диспептикалық бұзылулары бар ас қорыту органдарының тамақтанудың төмендеуінсіз жаңа өспелері, гинекомастия (нағыз), қатерсіз жаңа өспелер немесе мүшелер мен жоғарғы тыныс алу жолдарының функцияларының елеусіз бұзылулары бар оларды радикалды емдеудің салдарлары, консервативтік емдеуді қажет ететін әйелдер жыныс органдарының жаңа өспелері, диффуздық және фиброзды-кистозды мастопатия жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ клиникалық көріністерсіз 7 апталық (және одан да көп) жүктілікке сәйкес келетін жатыр миомалары жатады;
Сондай-ақ осы тармақшаға ерлердің сыртқы жыныс мүшелерінің сыртқы жай-күйі және ісу алдындағы аурулары: атрофия, дисплазия, аталық ұрықтың гипоплазиясы және гиперплазиясын; фиброма кистасын және аталық ұрықтың, шәуһет бауының және ұманың қатерсіз өсімдерін жатқызған жөн.
Осы Талаптардың 10-тармағының 4) тармақша бойынша функцияларды толық қалпына келтіру үшін арнайы емдеуді қажет етпейтін стационарлық емдеу аяқталған соң кеуде немесе ішперде қуысының, кіші жамбастың қатерсіз жаңа өспелеріне байланысты хирургиялық емдеуден кейін Г санаты ұсынылады.
Осыған алғашқы рет анықталған ас қорыту органдарының жаңа өспелері (өттің, асқазанның, ішектің полиптері) жатады. Осындай жағдайларда қызметке және оқуға кандидаттар жарамсыз, қызметкерлердің жарамдылығы 3 айдан кейін қайтадан бақылау тексеруі кезінде жаңа өспенің өсу үрдісі болмаған және мүшенің қызметі бұзылмаған кезде анықталады. Жаңа өспе өскен және органның тиісті бұзылулары анықталған жағдайларда медициналық куәландыру осы Талаптардың 10-тармағының 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Нысанды киім, аяқ киім кию немесе жарақтарды тағып жүруге қиындық туғызбайтын, онкологтың қорытындысы бойынша операциялық емдеуді қажет етпейтін қатерсіз жаңа өспелер: липоматоз, гемангиомалар, невустар, дермоидті кисталар, хондромдар, остеомалар, остеобластомалар; клиникалық көріністерсіз 7 апталық жүктіліктің көлеміндегі жатыр миомалары осы Талаптардың осы тармағын қолдану үшін негіз болып табылмайды және қызмет өткеруге және оқу орындарына түсуге кедергі болмайды.
Бір немесе көптеген жалпы көлемі 3 шаршы санитиметрден (бұдан әрі - шар. см.) асатын бет терісінің гемангиомалары болған кезде қызметке және оқуға кандидаттар жарамсыз деп танылады.
Бас миының және жұлынның қатерсіз жаңа өспелері бар адамдар осы Талаптардың 25-тармағы бойынша, ал перифериялық жүйке жүйесі - осы Талаптардың 26-тармағы бойынша куәландырылады.
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
11. | Қан және қан жасау органдарының аурулары D50-89, E61.1: | к | с | к | с | к | с |
1) функцияларының елеулі бұзылулары бар жылдам прогресті; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) қан құрамының елеулі өзгерістері және мерзімді асқынулары бар баяу прогресті; | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
3) қан жасау жүйесінің әлсіз бұзылулары мен сирек асқынулары бар баяу прогресті; | жз | В | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) қанның жүйелі емес ауруларынан кейінгі уақытша функционалдық бұзылулар. | жз | Г | жз | Г | жз | Г | |
Талаптардың осы тармағы мамандандырылған стационарда тексеру кезінде анықталған анемияны, қанның ұюының бұзылуын, алқызыл дақтар және басқа геморрагиялық жағдайларды, қан және қан жасау органдарының басқа да ауруларын көздейді.
Осы Талаптардың 11-тармағының 1) тармақшасына жүргізілген емдеуден нәтиже болмаса немесе уақытша сипатта болатын функциясының елеулі бұзылуымен қан және қан жасау органдарының ауыр дәрежедегі аурулары; гипо немесе апластикалық анемия, тромбоцитопатияның, гемофилияның, коагулопатияның тұқым қуалаушылық нысандары, қан кетумен, қан құйылумен ілесе жүретін коагулопатия, сондай-ақ жұқпалы асқынуларымен жиі қайталанатын жүре пайда болған немесе туа біткен тұрақты иммунитет тапшылығы жағдайы (адамның иммунитет тапшылығы жұқпасын туғызатын сырқаттардан басқа) жатады.
Тек глюкокортикоидті терапиямен ремиссияға жеткен кезде ғана қатерлі жаңа өспелерге жатпайтын қан және қан жасау органдарының сырқаттары кезінде қызметкерлер осы Талаптардың 11-тармағының 3) тармақшасы бойынша куәландырылады. Спленэктомияны жақсы нәтижемен өткерген адамдар осы Талаптардың 11-тармағының 3) тармақшасы бойынша, ал жүргізілген емдеу нәтижесі жеткіліксіз болған кезде осы Талаптардың 11-тармағының 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Глюкокортикоидті терапияның немесе спленэктомияның жақсы нәтижесі бар аутоиммунді тромбоцитопениялы алқызыл дақтар эпизодын өткерген қызметкерлер осы Талаптардың 11-тармағының 4) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Геморрагиялық көріністерсіз тромбоцитопения әлсіз байқалған созылмалы баяу прогрессивті ағымы кезінде және гормонды терапия қажеттілігі (спленэктомиядан кейін немесе онсыз) болмаған кезде медициналық куәландыру осы Талаптардың 11-тармағының 3) тармақшасы бойынша, ал спленэктомияның нәтижесі елеусіз болғанда немесе болмағанда осы Талаптардың 11-тармағының 1) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Виллебранд сырқаты кезінде медициналық куәландыру функциялардың бұзылу және сырқат ағымының дәрежесіне байланысты осы Талаптардың 11-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша жүргізіледі.
Медициналық куәландыру кезінде қан немесе қан жасау органдары сырқаттарының белгілері бірінші рет анықталған қызметке және оқуға кандидаттар көрсеткіштері болған кезде гематологқа консультацияға жіберіледі. Сырқат анықталған кезінде медициналық куәландыру стационарлық тексеруді қажет етпейді.
Әйелдерде қандағы гемоглобиннің мөлшері кемінде 120 г/л, еркектерде - кемінде 130 г/л болатын жағдайлар мен сырқаттар, сондай-ақ латентті темір тапшылығы анықталған кезде қызметке және оқуға кандидаттар жарамсыз деп танылады.
Кандидаттарда ауру анықталған кезінде қызметке және оқуға қайта МК гематологтың (учаскелік дәрігердің) емдеу ("анемия" диагнозымен) және динамикалық бақылаудан алу туралы қорытындысы болған кезде МК сәтінен бастап 6 айдан ерте емес жүргізіледі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
13. | Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылулары, зат алмасудың басқа да бұзылулары Е00 – 90 (Е04 қоспағанда): | к | с | к | с | к | с |
1) функцияларының едәуір бұзылулары бар; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының әлсіз бұзылулары бар; | жз | Д | жз | Д | жз | Д–жеке | |
3) функцияларының елеусіз бұзылулары бар; | жз | В-жеке | жз | В -жеке | жз | В-жеке | |
4) уақытша функциялық бұзылулар. | жз | Г | жз | Г | жз | Г | |
Осы Талаптардың 13-тармағына тиреотоксикоз, тиреоидиттер, гипотиреоз, қалқанша безінің болмауы, қант диабеті, қалқанша маңындағы бездер, бүйрек үсті бездері, гипофиз, гипоталамус, гиповитаминоз, семіздік және эндокриндік жүйенің басқа да сырқаттары жатады.
Осы Талаптардың 13-тармағының 1) тармақшасына:
тұрақты, түйіншекті және диффузиялы уытты зобтың сырқат түрлеріне (сырқат басталғаннан бастап дене салмағының көлемі 50% дейін төмендеу, адинамия, айқын экзофтальм, тыныштықта демігу, пульстің соғу жиілігі минутына 120 және одан артық, негізгі алмасудың артуы 50% және одан көп, әртүрлі висцералық асқынулар) негізделген анық байқалатын бұзылулар;
ауырлық дәрежесіне қарамастан қантсыз диабет және І типтегі қант диабет;
қантты төмендететін таблеткалары бар инсулин терапиясын үнемі қажет ететін ІІ типтегі қантты диабеттің ауыр нысаны;
гликемия деңгейіне және емдеу сипатына қарамастан бір және одан көп асқынулары бар: препролиферативті және пролиферативті ретинопатия, СБЖ дамыған диабеттік нефропатия, өте айқын перифериялық нейропатия, аяқтардың трофикалық жаралары бар ангиопатия, өкшенің гангренасы, диабеттік өкшенінің синдромы, рецидивті гипогликемиялық және кетоацидотикалық жагдайлары бар орташа ауырлықтағы ІІ типтегі қант диабеті жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ функциялары айқын бұзылған және алмастыру терапиясының тиімділігі жоқ ішкі секреция бездерінің (гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша маңы бездері және жыныс бездері) сырқаттары; емдеу нәтижелері қанағаттандырылмаған кездегі климактериялық синдромның ауыр түрлеріне негізделген анық байқалатын бұзылулар (тәулігіне 20 реттен астам дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, жүрек соғуы ұстамасы, артериялық қысымның тұрақсыздығы, басқа сырқаттар себепші болмаған экстрасистолия); жыныс органдарының және несеп жолдары кілегей қабаттарының үдемелі атрофиялық өзгерістері; алмастыру терапиясы барысында клиникалық-гормоналдық субкомпенсацияның болмауы кезінде қалқанша безді операция жолымен емдеуден кейінгі жағдай (толық, жартылай алып тастау, сәулемен емдеу).
Осы Талаптардың 13-тармағының 2) тармақшасына ауырлығы орташа дәрежедегі эндокриндік бездерінің сырқаттарына байланысты тұрақты айқын көрінетін бұзылулар жатады.
Ауырлығы орташа дәрежедегі тиреотоксикоз үшін сырқат басталғаннан бастап дене салмағы көлемінің 20%-ға дейін төмендеуі, эмоциялық және вегетативтік бұзылулар, пульстің минутына 110-120 рет соғуы, жұмыс қабілетінің елеусіз төмендеуі, негізгі алмасудың 30-дан 50% дейін артуы тән.
Перифериялық нейропатия белгілері электронейромиография (ЭНМГ) қорытындысымен, ал аяқ ангиопатиясының белгілері аяқ тамырларын міндетті ультрадыбыстық тексерумен (УЗДГ) расталуы тиіс.
Осы тармақшаға ІІ түрдегі, ауырлығы орташа дәрежедегі қант диабеті жатады, онда көміртегі алмасуының компенсациясына қантты азайтатын препараттарды пероральды қабылдау, ұдайы диетотерапиямен ғана қол жеткізіледі, гликемия тәулік ішінде 8,9 ммоль/л асатын және (немесе) гликемияланған (глюкозаланған) деңгейі 7,5% асады, диабеттің бастапқы арнайы белгілері болады (пролиферативті емес ретинопатия, шамалы анықталған шеткі нейропатия, бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі жоқ нефропатия, аяқтың трофикалық бұзылулары жоқ ангиопатия).
Осы тармақшаға ауырлығы орта дәрежелі климактериялық синдромға негізделген тұрақты айқын бұзылулар (нейровегетативті бұзылулар - тәулігіне 20 реттен астам дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, жүрек соғуы ұстамасы, артериялық қысымның тұрақсыздығы, басқа сырқаттар себепші болмаған экстрасистолия); алмастыру терапиясында клиникалық-гормоналдық субкомпенсация қол жеткізілген кезде қалқанша безді операция жолымен емдеуден кейінгі жағдай (толық, жартылай алып тастау, сәулемен емдеу және т.б.), ІІІ дәрежелі алиментарлық семіздік жатады.
Қызметте болудың шекті жасына толмаған қызметкерлер қалқанша безі (басқа эндокриндік орган) болмаған кезде сырқаттар бойынша операциялардан кейін, орган функциясын алмастыру терапиясымен орнын толтыру және қызметтік міндеттерін орындау қабілеті сақталған кезде емдеу нәтижелеріне байланысты 2), 3) тармақшалар бойынша куәландырылады.
ІІІ дәрежелі алиментарлық семіздік айқындалған қызметке қабылданатын кандидаттар жарамсыз деп танылады; қызметкерлер І, ІІ баған бойынша жарамсыз деп танылады, ІІІ бағаны бойынша – емделуге жатады, салмағы ІІ дәрежеге дейін төмендегеннен соң қайта куәландырылады.
Осы Талаптардың 13-тармағының 3) тармақшасына диффузиялы уытты зобтың жеңіл қайтымды формасы (жеңіл невроз тәрізді симптомдар, дене жүктемесіне төзімділігінің төмендеуі, пульс жиілігі минутына 100 рет, қалқанша бездің І-ІІ дәрежелі ұлғаюы кезінде негізгі зат алмасудың 30 пайызға дейін жоғарылауы), субклиникалық бастапқы гипотиреоз, қалқанша бездің функциясының бұзылуынсыз (УДЗ нәтижелері бойынша қалқанша бездің қалыптағы көлемі, бос Т4 және ТТГ-ның қалыптағы көлемі кезінде) қолайлы ағым кезінде (эндокринологтың қорытындысы бойынша) субклиникалық бастапқы гипотиреоз, аутоиммунды тиреоидит (эутиреоз фазасы), ІІ дәрежелі алиментарлық семіздік жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ гликемия тәулік ішінде 8,9 ммоль/л және (немесе) гликемияланған (глюкозаланған) гемоглобиннің деңгейі 7,5% аспайтын ІІ типті қант диабетінің формасы жатады, қантты төмендететін препараттарды пероралды қабылдаумен (қабылдаусыз), диетамен, тамырлардың макро- және микро асқынуынсыз (нейропатия, ангиопатия) жеңіл қалыпқа келеді; клиникалық-зертханалық белгілері бар гипофиздің микроаденомасы және ол белгілерсіз; эндокриндік және неврологиялық бұзылулар жоқ кездегі гипофиз аденомасын эндоскопиялық алып тастаудан кейінгі жағдай жатады.
ІІ дәрежелі алиментарлық семіздігі бар қызметке және оқуға кандидаттар жарамсыз деп танылады. ЭКГ-да өзгерістер болмаған кезде (миокардтағы дистрофиялық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы), артериялық қысымның жоғарылауы, эндокриндік бұзылулар, май гепатозы, сүйек-буын жүйесінің зат алмасу-дистрофиялық өзгерістері кезінде, көрсетілген адамдар ДМИ-дің талап етілетін көрсеткіштеріне жеткеннен кейін қайта куәландырылады.
II, III бағандар бойынша ІІ дәрежедегі алиментарлық семіздігі бар қызметкерлердің жарамдылығы жеке анықталады.
Дене бітімі шыныққан, бұлшықеттері дамыған висцералдық семіздік белгілері жоқ, ВМИ көрсеткіштері семіздіктің ІІ дәрежесіне сәйкес келетін, бірақ салмағы дамыған бұлшықет массасынан болған қызметкерлердің жарамдылығы І баған бойынша жеке анықталады. Қалған жағдайларда І баған бойынша куәландырылатын, ІІ дәрежедегі семіздігі бар қызметкерлер тексерілуге (емделуге) және ДМИ-дың талап етілетін көрсеткіштеріне жеткеннен кейін қайта медициналық куәландырылуға жатады.
І дәрежелі алиментарлық семіздігі бар ІІ, ІІІ бағандар бойынша куәландырылатын қызметке және оқуға кандидаттар, ЭКГ-да (миокардтағы дистрофикалық өзерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы), артериялық қан қысымының жоғарылауы, эндокринологиялық бұзылулар, май гепатозы, сүйек-буын жүйесінің зат алмасу-дистрофикалық өзгерістер болған кезде жарамсыз деп танылады; көрсетілген өзгерістер болмаған кезде қызметке ДМИ 32-ден аспаған кезде жарамды, оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылады. Қайта медициналық куәландыруға ДМИ-дың талап етілген көрсеткіштеріне қол жеткізген кезде рұқсат беріледі.
Бұлшық еттері дамыған, висцералды семіздік белгілері жоқ, дене массасының индексі І дәрежеге сәйкес келетін, бірақ салмағы дамыған бұлшық ет массасымен негізделген, дене бітімі шыныққан, ДМИ 32-ден аспайған кезде, ЭКГ-да өзгерістер болмаған кезде (миокардтағы дистрофикалық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы), артериалық қан қысымының жоғарылауы, май басқа гепатоз, сүйек-буын жүйесіндегі зат алмасу-дистрофикалық өзгерістер болмаған кезде қызметке орналасушы кандидаттардың І баған бойынша жарамдылығы жеке тәртіппен анықталады. Қалған кездерінде қызметке және оқуға кандидаттар дене массасының индексі талап етілетін көрсеткіштерге жеткенге дейін І баған бойынша жарамсыз.
І дәрежедегі алиментарлық семіздігі бар қызметкерлер барлық бағандар бойынша жарамды деп танылады.
Аутоиммунды және созылмалы фиброзды тиреоидитпен сырқаттанатын адамдар қалқанша безі функциясының бұзылу дәрежесіне байланысты осы Талаптардың 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары бойынша куәландырылады.
Еркін Т4 және ТТГ қалыпты көрсеткіштері кезінде функцияларының бұзылуынсыз (эндокринологтың қорытындысы бойынша) қалқанша безінің гипоплазиясы осы тармақты қолдану үшін негіз болып табылмайды.
Сырқаттар бойынша орындалған екі жақты овариоэктомиядан кейін жарамдылық санаты туралы қорытынды климактериялық синдромның көрінуіне және емдеу нәтижелеріне байланысты 1), 2), 3) тармақшалар бойынша шығарылады.
Осы Талаптардың 13-тармағының 4) тармақшасына қалқанша және басқа да эндокриндік бездерге операция жасалғаннан кейінгі, қызметкерлердің жіті тиреоидиттерден емделгеннен кейінгі жай-күйі жатады. Қызметке кандидаттар қалқанша және басқа да эндокриндік бездерге операция жасалғаннан кейін, сондай-ақ жіті тиреоидиттерден емделгеннен кейін мерзіміне қарамастан жарамсыз деп танылады.
Басқа органдар мен жүйелерді зақымдаған кезде МК осы Талаптардың тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
Осы Талаптардың 13-тармағының 3) тармақшасының түсініктемесінде көрсетілген дене бітімі шыныққан адамдардың диагнозы: "Алиментарлық семіздіктің ___ дәрежесіне сәйкес келетін дене бітімі шыныққан адамдардың бұлшықет массасының жоғарылауы" (І және ІІ дәрежесі көрсетілсін) түрінде тұжырымдалады.
ДМИ талап етілетін көрсеткішіне қол жеткізу ӘДК-ның кемінде үш маманының (міндетті түрде сарапшы-терапевтің) қатысуымен жүргізілетін күн сайын үш рет бойы мен салмағын өлшеп отыру жолымен өлшеу нәтижелеріне мамандардың қолдары қойылып және жеке мөрлерімен расталып анықталады.
ДМИ мына формула бойынша есептеледі: ДМИ (кг/м2) = дене массасы (кг) / бой мөлшерінің квадраты (м2).
Бойы (см.) | 160 | 162 | 164 | 166 | 168 | 170 | 172 | 174 | 176 | 178 | ||||||||||||
Бой мөлшерінің квадраты (м2) | 2,56 | 2,62 | 2,69 | 2,76 | 2,82 | 2,89 | 2,96 | 3,03 | 3,10 | 3,17 | ||||||||||||
180 | 182 | 184 | 186 | 188 | 190 | 192 | 194 | 196 | 198 | 200 | ||||||||||||
3,24 | 3,31 | 3,39 | 3,46 | 3,53 | 3,61 | 3,69 | 3,76 | 3,84 | 3,92 | 4,00 | ||||||||||||
Тамақтану жай-күйінің бағасы | ДМИ (кг/м2) | |||||||||||||||||||||
Дененің жеткіліксіз массасы | < 19 | |||||||||||||||||||||
Норма | 19-24,9 | |||||||||||||||||||||
Дененің артық массасы | 25,0-29,9 | |||||||||||||||||||||
Семіздік дәрежесі | I | 30,0-34,9 | ||||||||||||||||||||
II | 35,0-39,9 | |||||||||||||||||||||
III | 40,0 және одан астам | |||||||||||||||||||||
";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
18. | Жеке бастың және мінез-құлықтың ауытқулары: F60-69, F88-89, F90-98 (F98.0, F98.5 қоспағанда): | о | қ | о | қ | о | қ |
1) қайталамалы ұзақ декомпенсацияларға немесе патологиялық реакцияларға бейім, анық байқалған; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) орташа білінетін тұрақсыз компенсацияланған немесе компенсацияланған; | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
3) жеке бастың реакциясының тұрақты компенсацияланған. | жз | В | жз | В | жз | В | |
Осы Талаптардың 18-тармағы кемел жастағы жеке бастың және мінез-құлықтың ауытқуларын (F60-F69), бала кезде және жасөспірім шақта басталатын эмоционалдық ауытқуларды және мінез-құлық ауытқуларын (F98.0, F98.5-тен басқа F90- F98), психологиялық дамудың ауытқуларын (F88-89), жыныстық сәйкестік және сексуалдық таңдау ауытқуларын, сексуалдық бағытына байланысты мінез-құлқының ауытқуларын көздейді.
Қызметкерлердін жеке басындағы ауытқуларын диагностикалау үшін қызметкерлердің анамнез мәліметтерін, жеке істерін, медициналық сипаттамаларын және қызметтік мінездемелерін ұқыпты және жан-жақты зерделеу керек.
Қызметкерлерді медициналық куәландыру мамандандырылған медициналық мекеме (бөлімше) жағдайында стационарлық тексеруден кейін жүргізіледі.
Осы Талаптардың 18-тармағының 1) тармақшасына жеке бастың орнын толтыруға келмейтін, едәуір байқалатын, стационарда қайталап және ұзақ емдеуді және динамикалық бақылауды талап ететін, ұзақ уақытқа қызметтік міндеттерін орындау мүмкіндігінен айыратын, сондай-ақ коморбидті (тіркесті) психиатриялық патологиялар ілесетін ауытқулар жатады.
Осы Талаптардың 18-тармағының 2) тармақшасына реактивті жай-күйімен, аффективтік жұқарулармен, вегетативтік реакцияларының айқындығымен көрінетін жеке бастың бұзылуының орташа түрде көрсетілген нысандары, жеке бастың инфантильді бұзылуы, жыныстық сәйкестік пен сексуалдық таңдау жатады. Осы тармақша бойынша сондай-ақ транссексуализмнен зардап шегетін және (немесе) жынысын ауыстырғандар куәландырылады.
Осы Талаптардың 18-тармағының 3) тармақшасына, әдетте, бала кезден және жасөспірім шақтан басталатын мінез-құлқының және эмоцияның аралас тұрақты бұзылулары (3 жылдан астам), эмоциялық-ерік және басқа да патологиялық көріністердің тұрақты орнын толтырумен транзиторлық (парциялық) бұзылулар жатады, бұл медициналық ұйымдардан, оқу орындарынан, жұмыс орнынан құжатпен расталуы тиіс.
Осы тармақшаға қатысты олардың орналасуы мен ауданына қарамастан агрессивті қауіп төндіретін (оның ішінде жыртқыш, агрессивті жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер бейнелері бар), демонстративтік, наразылық, сексуалдық, криминалдық, әдепсіз, қоғамға жат, нәсілшілдік, діни сипаттағы немесе мазмұндағы, викарлық (өзгеше) татуировкасы бар адамдар куәландырылады.
Осы тармақшаға қатысты, сондай-ақ олардың мазмұны мен орналасуына қарамастан, дененің жабық жерлерінде алақан бетінің көлемінен артық жалпы ауданы бар татуировкалар жатады.
Татуировкалар бетте, мойында, қолдың иық сүйегінің орташа үштен бірінің деңгейінде және одан төмен, әйелдерде сондай-ақ аяқтарының тізе буындары деңгейінде және одан төмен (бұдан әрі – дененің ашық жерлерінде) орналасса, татуировкалардың көлеміне және мағынасына қарамастан қызметке және оқуға кандидаттар жарамсыз деп танылады және қайта куәландыруға (оларды шығарғанға дейін) жатпайды.
ӘДК өту кезеңінде татуировкасы (осы тармақтың жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген мөлшерде, мазмұнда және оқшаулауда) анықталған қызметкерлер лауазымға ауыстыру кезінде жарамсыз деп танылады (әскери қызметке жарамдылық санатын шығармай) және қайта куәландыруға жатпайды (олар шығарылған кезге дейін).
Қызметке (оқуға) кандидаттарда, қызметкерлерде қастардың татуажы және дененің жабық жерлерінде әскери мағынадағы татуировкалар (аты-жөні, әскери қызмет түрі, қан тобы, резус-фактор және т.б.), сондай-ақ білегінде және қолының басындағы жалпы көлемі 5 ш.см. аспайтын осы тармақтың жетінші бөлігінде көрсеткен мазмұнға жатпайтын татуировкалар осы Талаптардың аталған тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Осы тармаққа жыныс мүшесінің күпегінде сексуалдық ынталандыру мақсатында енгізілген бөтен заттардың болуы жатады.
Нақты сыртқы зияндармен (инфекциялармен, интоксикациялармен, жарақаттармен және т.б.) себепті байланыстағы психопатия тектес жай-күйдегі адамдар жүйке-психикалық патологияның тиісті нозологиялық нысандарын көздейтін осы Талаптардың тармақтары бойынша куәландырылады.
Жеке бастың барлық патологиялық құрылымымен байланысты емес анық, әдейі жасалған мінез-құлық жағдайлары, тәртіпсіздік көріністері жеке бастың ауытқу белгілері ретінде бағаланбайды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
21. | Эпилепсия және эпилепсиялық статус G40-41: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) жиі эпилепсиялық ұстамалар немесе анық білінетін психикалық бұзылу болған кездегі; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) бірлі-жарым және сирек (тырыспалы және тырыспасыз) эпилепсиялық ұстамалар кезіндегі, оның ішінде анамнезде. | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
Осы Талаптардың осы тармағы эпилепсияны жайылған немесе парциальды ұстамалармен, психикалық эквиваленттермен немесе жеке тұлғаның ерекше өзгерістерімен бас миының созылмалы ауруы ретінде қарастырады.
Талмалардың болуы дәрігерлік бақылаумен расталады. Жекелеген жағдайларда медициналық емес құрамның лауазымды адамдары қол қойған және құқық қорғау органы бөлімшесінің басшылығы бекіткен актілер назарға алынады. Күмәнді жағдайларда тұрғылықты жері, оқу, жұмыс, қызмет орны бойынша мәліметтер беріледі.
Жиі (жылына 3 және одан көп) ұстамалар немесе тырыспалы ұстамалардың психикалық баламалары, сондай-ақ айқын білінетін дәрежеге жеткен үдемелі психикасының бұзылуы болған кезде МК осы Талаптардың 21-тармағының 1) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Эпилепсиялық сырқатпен байланысты психикалық бұзылулар басым болған кезде МК мамандандырылған мекемеде стационарлық тексеруден кейін психиатр-дәрігер жүргізеді.
Сирек (жылына 3-тен кем) ұстамалар, оның ішінде құтылмайтын пароксизмдер мен эквиваленттер кезінде, эпилепсияға тән психиканың орташа айқын өзгерісі болған кезде, сондай-ақ анамнезде эпилептикалық ұстамалар фактілері болған кезде МК осы Талаптардың 21-тармағының 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Зерттеу нәтижесі теріс болған кезде (ЭХО, ЭЭГ, R–графия) жеке басын өзгертпей, "түсінде жүру" және "түсінде сөйлеу" кезінде осы Талаптардың 21-тармағының 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі. "Түсінде жүру" және "түсінде сөйлеудің" болуы лауазымды адамдар мен медицина қызметкерлерінің жазбаша баяндамалық жазбаларымен расталуы тиіс.
Медициналық мекеменің құжаттарымен өткенде эпилептикалық талмалар расталған, бірақ соңғы 5 жылда олар байқалмаған, ал тыныштықта немесе функционалдық жүктеме кезінде ЭЭГ қосымша зерттеулерімен патологиялық өзгерістер (әртүрлі амплитудадағы пароксизмалды тіркелетін өткір және баяу толқындар, "өткір-баяу" толқын, жартышараралық ассимметрия) анықталған жағдайларда МК осы Талаптардың 21-тармағының 2) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
Бұрынғы бір рет талмалар (эпилептикалық реакция) не әлсіз айқын көрінген және сирек пайда болатын шағын талмалар ЭЭГ-да психикалық бұзылулар мен тән белгілер болмаған кезде ауыр уланудың, қан тамырлары мен басқа да аурулардың, жарақаттардың салдарының көрінісі болуы мүмкін және нақты диагнозды белгілеуге бағытталуы тиіс, симптоматикалық тырыспалы талмалар ретінде қарастырылады және осы Талаптардың 21-тармағына жатпайды.
Симптоматикалық құрысу талмалар фактілерін растау генуиндік эпилептикалық талмалар фактілерін растау үшін де жүргізіледі.
ЭЭГ-да эпелипсияға тән белгілер болмаған кезде тәуліктік немесе кемінде 6 сағаттық ЭЭГ мониторингін жүргізу және эпилептологтың консультациясы ұсынылады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
24. | Ми мен жұлынның қан тамырлары сырқаттары және олардың зардаптары (субарахноидалық, ми ішіндегі және басқа да қан құйылулар, ми инфаркті, мидың транзиторлық ишемиясы) I60-69, G45, G46, R55: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) функцияларының едәуір бұзылуы бар; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының әлсіз бұзылуы бар; | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының елеусіз бұзылуы бар; мидың қан айналысының сирек өтпелі бұзылулары; орталық жүйке жүйесінің органикалық залалдану белгілерінсіз жиі естен танулар; | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
4) орталық жүйке жүйесінің органикалық залалдану белгілерінсіз сирек естен танулардың болуы. | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | А | |
Осы Талаптардың 24-тармағының 1) тармақшасына функциялардың бұзылу дәрежесіне қарамастан қайталама инсульттар, сондай-ақ ми немесе жұлын қан айналымының жіті бұзылуы салдарынан болған жүйке жүйесі функцияларының тұрақты түсуі (гемиплегиялар, терең парездер, сөйлеу, есте сақтау, ойлау бұзылыстары, паркинсонизм құбылыстары, жиі (жылына 3 және одан да көп) эпилептикалық талмалар, жамбас мүшелері функцияларының бұзылуы); жиі талмалар немесе құрысу талмалардын психикалық баламалары, айқын көрінген дәрежедегі психиканың үдемелі бұзылулары кездегі ІІІ сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия жатады.
Ми қан айналымының бұзылуына себеп болған бас миы қан тамырларының аневризмі кезінде және операциялық емдеу мүмкін болмаған кезде немесе одан бас тартқан кезде МК ми қан айналымының бұзылуының қалдық құбылыстарының айқын көріну дәрежесіне және нерв жүйесінің функциясына қарамастан, осы тармақша бойынша жүргізіледі.
Осы тармақша бойынша I-II бағандар бойынша куәландырылатын қызметкерлерге спонтандық (жарақаттық емес) субарахноидалды қан құйылғаннан кейін, сондай-ақ қайталама субарахноидалды қан құйылулар кезінде барлық бағандар бойынша куәландырылатындарға қорытынды шығарылады.
Осы Талаптардың 24-тармағының 2) тармақшаға қан айналымынан ажыратылғаннан кейін көптеген (2 және одан көп) артериялық аневризмдер, эмболизациядан, жасанды тромбылаудан немесе интракраниальды алып тастаудан кейін артериялық-веноздық аневризмдер, қолайлы ағымды және ошақтық түсудің орташа айқын көрінуімен бас немесе жұлын миының тамырлы зақымданулары, жағынан жекелеген тұрақты органикалық белгілер болған кезде бас миы көктамыры тромбозының салдары, артериялық гипертензия кезінде ми қан айналымының бұзылуы 2 дәрежелі, сондай-ақ жиі (жылына 3 және одан да көп) транзиттік-ишемиялық шабуылдар жатады.
Бұл тармақшаға сирек құрысу талмасымен ілесе жүретін ІІ, ІІІ сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия да жатады.
Осы Талаптардың 24-тармағының 3) тармақшаға бассүйекішілік клиппирлеуден немесе баллонизация немесе жасанды тромбалау арқылы қан айналымынан ажыратқаннан кейін бір адамдық артериялық аневризмдер; функциялары мен клиникалық көріністерінің бұзылуынсыз көптеген симптомсыз артериялық және (немесе) веналық аневризмдер және (немесе) мальформациялар; бір тәуліктен асырмай ұсталатын және нерв жүйесі қызметінің бұзылуынсыз немесе қолда бар бұзылуларды тереңдетусіз өтетін орталық жүйке жүйесі тарапынан тұрақсыз ошақтық симптомдар (парездер, парестезиялар, сөйлеу бұзылулары, мишық құбылыстары) қоса болатын жылына 2 рет транзиторлы-ишемиялық шабуылдар; сезімталдықтың тұрақсыз бұзылуы немесе аяқ-қолдың жеңіл парезі түріндегі жұлын қан айналымының бұзылу салдары жатады.
Осы тармақшаға, сондай-ақ ОЖЖ тарапынан жекелеген тұрақты органикалық белгілердің, айқын анизорефлексия, қарашықтың жарыққа әлсіз реакциясының, пирамидалық симптомдардың, мишық бұзылуларының, вестибулярлық және вегетативтік жеткіліксіздіктің, сондай-ақ жанының әлсіздігі, бас ауруларының, бас айналудың, ұйқының бұзылуының, жұмыс қабілетінің төмендеуінің, эмоциялық-ерік аясының бұзылуының, орташа айқын когнитивтік бұзылулардың, псевдобульбарого синдромның, эмоциялық-тұлғалық бұзылулардың болуы міндетті болатын ІІ сатылы дисциркуляторлық энцефалопатия да жатады.
Осы Талаптардың 24-тармағының 4) тармақшаға мидың органикалық зақымдануының клиникалық белгілерінің бастапқы белгілері, цереброваскулярлы арнаның тұрақты емес зақымдану белгілері болған кезде псевдоневротикалық синдром нысанындағы І немесе ІІ сатыдағы дисциркуляторлық энцефалопатия, эмоциялық тұрақсыздық, тітіркенгіштік, шамалы айқын когнитивтік бұзылулар, есте сақтаудың нашарлауы, бас ауруы, бастың айналуы, ұйқының бұзылуы, құлақтағы шуыл; функциялары мен клиникалық көріністерінің бұзылуынсыз жалғыз симптомсыз артериялық және (немесе) веналық аневризмдер және (немесе) мальформациялар, сондай-ақ нерв жүйесі функцияларының бұзылуынсыз анамнездегі бір реттік транзиторлық-ишемиялық шабуыл жатады.
Дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозын белгілегенде этиологиялық факторды анықтау (церебральды тамырлардың атеросклерозы, артериялық гипертензия, қант диабеті, гиперхолестеринемия, гипергомоцистеинемия, жүректің ишемиялық ауруы, ревматикалық зақымданулар, жүрек ырғағының бұзылуы, жарақаттар, жұқпалы және жүйелік аурулар салдарынан бас ми тамырларының зақымдануы, тамырлардың даму ауытқулары, омыртқаның мойын бөлігінің патологиясы, бас миының жарақаттары және т.б.) жүргізіледі. Дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозы міндетті түрде МРТ, КТ зерттеулерімен (Ми затының құрылымдық өзгерістері белгілерінің болуы) расталуы тиіс.
Сирек синкопальды жай-күйі (талуы) бар адамдар тереңдетілген тексеруге және емдеуге жатады, орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдану белгілері болмаған кезде осы Талаптардың 24-тармағының 4) тармақшасы бойынша куәландырылады. Қызметке (оқуға) үміткерлер мен қызметкерлер басқа аурулар немесе бұзылулар (инфекция, жарақат, интоксикация) салдарынан синкопальды жай-күй (естен тану) болған кезде осы Талаптардың тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.
Синкопальды жай-күйі (естен тану) бар қызметкерлер Көлік құралдарын басқаруға, биіктікте, қозғалатын механизмдерде, от пен суда жұмыс істеуге жарамсыз.
Бас сүйегінің операциядан кейінгі ақауы болған кезде осы Талаптардың 81-тармағының тиісті тармақшалары да қолданылады.
Қызметкерлер нерв жүйесі қызметін толық қалпына келтіре отырып бір рет транзиттік-ишемиялық шабуылды өткерген соң кезінде осы Талаптардың 28-тармағы бойынша куәландырылады.";
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Рефракция аномалиясының түрі мен дәрежесі скиаскопия немесе рефрактометрия көмегімен анықталады.
Осы Талаптардың 34-тармағында циклоплегия немесе дәрі-дәрмектік мидриаз (мидриатиктерді қолдануға қарсы көрсетімдері болмаған кезде) жағдайларында белгіленген түзетумен көру өткірлігі осы Талаптардың 35-тармағын қолдануға негіз бермейтін, бірақ рефракция аномалиясының сипаты мен дәрежесі алынған көру өткірлігін тұрақсыз деп есептеу қажет ететін, рефракция аномалиясының дәрежелері ғана көрсетілген.
Жарамдылығын анықтау кезінде көру өткірлігі (II, III бағандар бойынша - түзетумен, I баған бойынша - түзетусіз), ал жақыннан көрудің немесе алыстан көрудің рефракциясының рұқсат етілген дәрежесі, ал астигматизм болған кезде қосымша әрбір көздің екі басты меридиандарындағы рефракцияның рұқсат етілген айырмасы ескеріледі. Көрудің көрсетілген ерекшеліктері кезінде жарамдылықты жеке бағалау көзделген жағдайларда, басқа көру функциялары бұзылуының, көру мүшелерінің дистрофиялық және дегенеративті өзгерістерінің дәрежесі немесе олардың болмауы ескеріледі.
II, III бағандар бойынша қызметке кандидаттарда көру өткірлігі түзетумен анықталады және әрбір көзге 0,6-дан төмен болмауы тиіс. Бұл ретте осы бағандар бойынша қызметке үміткерлер:
3,0 диоптриядан артық емес миопия;
4,0 диоптриядан артық емес жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракциялардың айырмашылығы 2,0 диоптриядан аспайтын кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзінде болмаған немесе болған кезде жарамды деп танылады.
Нашар көзде:
3,0 Д және 6,0 Д дейін (қосу.) миопия;
4,0 Д және 6,0 Д дейін (қосу.) жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридианда 2,0 Д-ден жоғары және 4,0 Д-ге дейінгі рефракциялардың айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизм (қосу.) болған кезде III баған бойынша қызметке кандидаттардың жарамдылығы жеке анықталады.
ІІІ баған бойынша қызметке кандидаттардың киберқауіпсіздік, киберқылмыспен күрес саласындағы лауазымдарға жарамдылығы көру өткірлігі түзетумен әрбір көзде кемінде 0,4 нашар көретін көзі:
жақыннан көргіштік 3,0 Д астам және 8,0 Д дейін (қоса алғанда);
алыстан көргіштік 4,0 Д астам және 8,0 Д дейін (қоса алғанда);
басты екі меридиандағы рефракицның айырмашылығы 2,0 Д астам және 5,0 Д дейін (қоса алғанда) астигматизмнің кез келген түрі болғанда көру органдарының басқа да аурулары (қызметінің бұзылулары) ескеріле отырып жеке анықталады.
І баған бойынша қызметке кандидаттар әр көзіне 0,6-дан төмен емес түзетусіз көру өткірлігі болуы тиіс. Бұл ретте осы баған бойынша қызметке үміткерлер
3,0 диоптриядан артық емес миопия;
4,0 диоптриядан артық емес жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракциялардың айырмашылығы 2,0 диоптриядан аспайтын кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзінде болмаған немесе болған кезде жарамды деп танылады.
II және III бағандар бойынша оқуға түсетін азаматтық тұлғаларда түзетумен көру өткірлігі үздік көзге 0,8-ден төмен болмауы және нашар көзге 0,6-дан төмен болмауы тиіс. Бұл ретте осы бағандар бойынша оқуға үміткерлер:
3,0 диоптриядан артық емес миопия;
4,0 диоптриядан артық емес жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракция айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизм кез келген көзде 2,0 диоптриядан артық емес нашар көзінде болмаған немесе болған жағдайда жарамды деп танылады.
І баған бойынша оқуға түсетін азаматтық тұлғаларда көру өткірлігі түзетусіз екі көзге 0,6-дан төмен емес және түзетумен жақсы көзге 1,0-ден төмен емес және нашар көзге 0,8-ден төмен емес болуы тиіс. Бұл ретте осы баған бойынша қызметке үміткерлер:
3,0 диоптриядан артық емес миопия;
4,0 диоптриядан артық емес жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридианда рефракция айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзінде болмаған немесе болған кезде жарамды деп танылады.
Қызметкерлердің II, III бағандары бойынша көру өткірлігі түзетумен анықталады және бір көздің көру өткірлігі 0,4-тен төмен болмай екінші көздің 0,3-тен 0,03-ке дейін болғанда немесе бір көзден көру өткірлігі 0,5-тен төмен болмай екінші көздің 0,04-ке дейін болуы тиіс.
Бұл жағдайларда II баған бойынша куәландыру кезінде:
3,0 Д-ден астам және 6,0 д-ге дейін (қосу.) миопия;
4,0 Д және 6,0 Д дейін (қосу.) жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракциялардың 2,0 Д және 4,0 Д-ге дейін айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизм);
және III баған бойынша куәландыру кезінде және нашар көзде болған кезде:
6,0 Д және 8,0 Д дейін миопия немесе жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандардағы рефракциялардың 4,0 Д-ден астам және 6,0 Д-ге дейінгі айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзде болған кезде қызметкерлердің қызметке жарамдылығы жеке анықталады.
I баған бойынша қызметкерлерде көру өткірлігі түзетусіз екі көзге 0,6-дан төмен болмауы тиіс. Бұл ретте:
3,0 Д және 6,0 Д дейін (қосу.) миопия;
4,0 Д және 6,0 Д дейін (қосу.) жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракциялардың 2,0 Д және 4,0 Д-ге дейін айырмашылығы бар кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзде болған кезде қызметке жарамдылығы жеке анықталады.
Көру өткірлігі мен рефракция I, II, III бағандар бойынша жоғарыда көрсетілген көру параметрлеріне сәйкес келмеген кезде қызметкерлер лауазымы бойынша жылжыту кезінде жарамсыз деп танылады. Бұл ретте, осы Талаптардың 35-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген көру параметрлеріне сәйкес келмеген кезде әскери қызметке жарамдылық дәрежесінің санаты шығарылмайды. Қызмет мерзiмiн ұзарту кезiнде жарамдылық зейнеткерлiкке шығу құқығының болуын ескере отырып, жеке айқындалады.
II және III бағандар бойынша оқуға түсетін қызметкерлердің түзетумен көру өткірлігі екі көзге 0,6-дан төмен болмауы тиіс. Бұл ретте осы бағандар бойынша оқуға түсетін қызметкерлер:
5,0 диоптрияға дейін миопия немесе жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракция айырмашылығы 4,0 диоптриядан аспайтын кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзінде болмаған немесе болған кезде жарамды деп танылады.
І баған бойынша оқуға түсетін қызметкерлерде көру өткірлігі түзетусіз екі көзге 0,6-дан төмен емес және түзетумен ең жақсы көзге 1,0-ден төмен емес және нашар көзге 0,8 болуы тиіс. Бұл ретте осы баған бойынша оқуға түсетін қызметкерлер:
3,0 диоптриядан артық емес миопия;
4,0 диоптриядан артық емес жақыннан көрмеушілігі;
екі басты меридиандағы рефракция айырмашылығы 3,0 диоптриядан аспайтын кез келген түрдегі астигматизмы нашар көзінде болмаған немесе болған кезде жарамды деп танылады.
Аккомодацияның түйілуі циклоплегия кезінде анықталған рефракция циклоплегияға дейінгі оңтайлы теріс түзетуші линзаның күшіне қарағанда әлсіз болатын функционалды сырқат болып табылады.
Сәтсіз емдеуден кейін бір немесе екі көзде аккомодацияның түйілуі кезінде қызметке жарамдылық санаты бірнеше рет циклоплегиядан немесе медикаментозды мидриаздан кейін (мидриатиктерді қолдануға қарсы көрсеткіштер болмаған кезде) бұрынғы деңгейге қайтып келетін аметропияның түзетуімен көру өткірлігіне және дәрежесіне байланысты осы Талаптардың 34, 35-тармақтары бойынша айқындалады.
Қызметкерлердегі бір немесе екі көздің аккомодациясының түйілуі осы Талаптардың 34-тармағын қолдану үшін негіз болып табылмайды.
Екі немесе бір көздегі аккомодацияның сал болуы немесе тұрақты парезі кезінде қызметкерлердің жарамдылығы көру өткірлігіне (түзетусіз немесе түзетумен), көру өрістеріне байланысты анықталады.
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
35. | Соқырлық немесе көру қабілетінің төмендігі Н54, көз алмасының болмауы: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) көз алмасының жоқ болуы немесе бір көздің соқырлығы немесе бір көздің көру өткірлігі 0,02 және төмен кездегі екінші көздің көру өткірлігінің 0,3 және төмен болуы; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) көз алмасының жоқ болуы немесе бір көздің соқырлығы кездегі екінші көздің көру өткірлігі 0,4 және жоғары; | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
3) бір көздің көру өткірлігі 0,4 болуы кездегі екінші көздің көру өткірлігі 0,3-тен 0,03-ке дейін болуы; | жз | В | жз | В | жз | В | |
Әрбір көздің көру өткірлігі кез келген линзалармен, оның ішінде аралас линзалармен, сондай-ақ контактілі линзалармен (жақсы болған - кемінде 20 сағат төзімділігі, дипломопияның, көздің тітіркенуінің болмауы) түзетумен, ал III баған бойынша куәландырылатын қызметкерлерде, оның ішінде интраокулярлық линзалармен ескеріледі.
II, III бағандар бойынша МК кезінде контактілі линзаларды пайдаланатын адамдардың көру өткірлігі сынамалы көзілдірік линзаларын түзетумен анықталады және осы Талаптардың осы тармағына сәйкес келуі тиіс.
Қалыпты сфералық линзалармен түзету кезінде, сондай-ақ реттелмеген анизометропия кезінде куәландырылушыларда барлық бағандар бойынша іс жүзінде тасымалданатын бинокулярлық түзетумен көру өткірлігі, яғни екі көз үшін линзалар күшінде 2 диоптриядан аспайтын айырмашылықпен ескеріледі. Кез келген түрдегі астигматизмді түзету барлық меридиандар бойынша цилиндрлік немесе аралас линзалармен жүргізілуі тиіс.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
40. | Есту қабілетінің кондуктивті және нейросенсорлық жоғалуы Н90-91 және саңыраулықтың басқа да түрлері: | к | с | к | с | к | с |
1) екі құлағының тұрақты толық саңыраулығы немесе керең-мылқаулығы; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) бір құлақпен сыбырлап сөйлеуді қабылдаудың болмауы кезінде екінші құлақпен сыбырлап сөйлеуді 3 метрге дейінгі ара қашықтықта қабылдау; | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
3) бір құлақпен сыбырлап сөйлеуді қабылдаудың болмауы кезінде екінші құлақпен сыбырлап сөйлеуді 3 метрден 4 метрге дейінгі ара қашықтықта қабылдау; | жз | В | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) бір құлақпен сыбырлап сөйлеуді қабылдаудың болмауы кезінде екінші құлақпен сыбырлап сөйлеуді 4 метрден астам ара қашықтықта қабылдау; | жз | В | жз | В-жеке | жз | А | |
5) қос құлақпен сыбырлап сөйлеуді қабылдау 3 метрден 6 метрге дейін ара қашықтықта; | жз | В-жеке | жз | А | жеке | А | |
Осы Талаптардың осы тармағы этиологиясына қарамастан құлақ мүкістігінің барлық түрлерін көздейді.
Құлақ қалқанында айқайды қабылдамау саңырау болып саналады. Саңыраулар мамандандырылған емдеу мекемелерінің құжаттарымен куәландырылуы және объективті зерттеу әдістерімен расталуы тиіс.
Есту қабілетінің төмендеу дәрежесін анықтау кезінде әдеттегі сыбырлап сөйлеумен зерттеуден басқа, аспаптық арнайы зерттеулер (аудиометрия, тимпанометрия, көрсеткіштер бойынша - есту шақырылған потенциалдары) қажет.
Есту қабілеті төмен қызметкерлер нақты қызмет жағдайларын ескере отырып, лауазымға тағайындалады. Қызметке жарамдылығын жеке бағалау кезінде ішкі істер органдары басшылығының сипаттамасы және электракустикалық байланыс құралдарын (телефондар, радиобайланыс) қолдану кезінде құлаққаптар арқылы естуді тексеру жолымен есту органдарын функционалдық зерттеу деректері, сондай-ақ еступротездеу мүмкіндігі ескеріледі.
І бағанға және барлық бағандар бойынша оқуға жатқызылған лауазымдарға қызметке кандидаттарда сыбырлап сөйлеуді қабылдау екі құлаққа кемінде 6 метр болуы тиіс.
I баған бойынша куәландырылушы қызметкерлердің екі құлаққа кемінде 4 метр сыбырлап сөйлеуді қабылдауы тиіс.
Осы Талаптардың 40-тармағының 5) тармақшасы бойынша есту аппаратының елеулі кернеуін қажет ететін лауазымдарға қызметке кандидаттар Есту аппаратының едәуір кернеуін талап ететін лауазымдарға кандидаттар (радиотелефонистер, байланыс қызметкерлері, жүргізушілер) жарамсыз деп танылады.";
42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | |||||||
42. | Қан айналымы жүйесінің аурулары: жүректің ревматикалық аурулары (ревматикалық перикардит, миокардит, митралдық, аорталдық және басқа клапандардың ревматикалық ақаулары); ревматикалық емес миокардиттер, эндокардиттер, оның ішінде бактериялық (инфекциялық) эндокардит; қан айналымының ауытқуымен ілесе жүретін басқа да жүрек аурулары (кардиомиопатия, жүрек ритмі мен өткізгіштігінің бұзылуы) I00-09, I34-52: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) III сатыдағы, IV ФК; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) II сатыдағы Б, III ФК; | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) II сатыдағы А, II ФК; | жз | В | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) I сатыдағы, I ФК. | жз | А | жз | А | жз | А | |
Осы Талаптардың 42-тармағының 1) тармақшасына ІІІ сатыдағы қан айналымының жеткіліксіздігі, IV ФК, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, сондай-ақ қан айналымының бұзылу сатысына қарамастан:
үйлестірілген немесе тіркескен жүре пайда болған жүрек ақаулары;
стеноз немесе С немесе Д сатысындағы аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігі;
перикардтың ауқымды облитерациясы;
сол атриовентрикулярлы тесіктің оқшауланған стенозы;
дилятациялық және рестриктивтік кардиомиопатия, сол жақ қарыншаның шығару жолының бітелуімен гипертрофиялық кардиомиопатия;
оң жақ қарыншаның аритмогенді дисплазиясы (ОЖҚАД) жатады.
Осы тармақшаға, сондай-ақ тұрақты, емдеуге келмейтін жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылулары (толық атриовентрикулярлық блокада, Морганья-Адамса-Стокс синдромымен немесе ІІ-IV ФК жүрек функциясының жеткіліксіздігі бар ІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, В. Лаун бойынша III-V градация қарыншалық экстрасистолия, пароксизмальді қарыншалық тахиаритмиялар, фибрилляцияның немесе жүрекшелердің дірілдеуінің қайталанған пароксизмдері, жүрек түйінінің синустық түйінінің әлсіздік синдромы, жүрек жеткіліксіздігі бар жүрекше жыпылықтауының тұрақты нысаны); II-IV ФС жүрек жеткіліксіздігі болған кезде жүректің клапандық аппаратына операция жасаудың, электрокардиостимуляторды немесе аритмияға қарсы құрылғыны имплантациялаудың салдары жатады;
ІІІ баған бойынша куәландырылатын қызметкерлер электрокардиостимуляторды немесе аритмияға қарсы құрылғыны имплантациялағаннан кейін өздерінің қызметтік міндеттерін орындау қабілеті сақталған кезінде, зейнетке шығу құқығы болмаған кезде осы Талаптардың 42-тармағының 3) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Осы Талаптардың 42-тармағының 2) тармақшасына ІІ ст Б, ІІІ ФК жүрек жеткіліксіздігімен қоса жүретін жүрек аурулары жатады.
Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің тұрақты (ұзақтығы 7 тәуліктен астам) бұзылулары бар адамдар: пароксизмальды тахиаритмиялар, WPW синдромы, Морганья-Адамс-Стокс синдромы жоқ ІІ дәрежелі тұрақты АV-блокадалары, ІІ дәрежелі синоаурикулярлы блокада, Гис шоғырының аяқтарының толық бұғатталуы, аритмияға қарсы терапияны, электрлік кардиоверсияны немесе катетерлік абляцияны пайдалануды талап ететін синус түйінінің әлсіздігі бар, емдеуді тоқтатқаннан кейін қалпына келетін, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің тұрақты (ұзақтығы 7 тәуліктен астам) бұзылулары коронарлық қан айналымының жеткіліксіздігі мен бұзылу дәрежесіне және олардың пайда болу жиілігіне байланысты осы Талаптардың 42-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалар бойынша куәландырылады.
Жүрек ырғағының пароксизмальды бұзылуларымен қоса жүрмейтін І дәрежелі функционалдық (вагусты) АV-блокада (АV-өткізгіштіктің қалыпқа келуі дене жүктемесі кезінде немесе 0,5-1,0 миллиграмм атропин сульфатын көктамыр ішіне енгізгеннен кейін пайда болады), Гис шоғырының оң аяғының толық емес бұғатталуы, Клерка-Леви-Кристеско (CLC) синдромы осы Талаптардың 42-тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Оқшауланған жүре пайда болған жүрек ақаулары бар адамдар (осы Талаптардың 42-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), І, ІІ, ІІІ дәрежелі СЖӘ кезінде 2), 3) немесе 4) тармақшалар бойынша куәландырылады.
Жүре пайда болған жүрек кемістігі бар қызметкерлер - I ФК жүрек жетіспеушілігі және (немесе) 1-1,5 дәрежелі регургитация болған кезде аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігі (А немесе В сатысы) II, III бағандар бойынша 2) тармақша бойынша куәландырылады.
Осы Талаптардың 42-тармағының 3) тармақшасына II сатыдағы А, II ФК жүрек жеткіліксіздігі бар жүрек аурулары:
ревматизмнің қайталанған шабуылдары;
жүрекішілік гемодинамиканың бұзылуынсыз митральды қақпақшаның немесе ІІ дәрежелі басқа да клапандардың (6-8,9 мм) пролапсы;
І дәрежелі СЖЖ болған кезде немесе онсыз сол қарыншаның шығару жолының бітелуінсіз гипертрофиялық кардиомиопатия;
ІІ дәрежелі патологиялық регургитациясы бар І дәрежелі митральды қақпақшаның жүре пайда болған пролапсы (3-5, 9 мм);
ырғақ пен өткізгіштіктің тұрақты бұзылуымен жүретін миокардитикалық кардиосклероз;
ЭКГХМ деректері бойынша анықталған II дәрежелі транзиторлық AV блокадасы;
І - ІІ дәрежелі СЖЖ болған немесе онсыз туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақаулары бойынша хирургиялық, оның ішінде эндоваскулярлы емдеуден кейінгі жай-күй жатады.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі эхокардиография кезінде кардиогемодинамикалық көрсеткіштермен (шығарылу фракциясының төмендеуі, сол қарыншаның және жүрекшенің систолалық және диастолалық мөлшерінің ұлғаюы, митралды және аорталық қақпақшаларда регургитация ағымдарының пайда болуы, миокард талшықтарының қысқаруы), дене жүктемесінің жеке төзімділігін бағалау үшін велоэргометрия нәтижелерімен, сондай-ақ клиникалық көріністермен үйлескен 6 минуттық жүру тестімен расталуы тиіс.
Бастапқы белсенді ревматизмді өткерген қызметке кандидаттар медициналық мекемеден шыққаннан кейін 12 айға дейін осы Талаптардың 42-тармағының 3) тармақшасы бойынша жарамсыз деп танылады. Кейіннен жүректің және басқа ағзалардың зақымдану белгілері болмаған, сондай-ақ сырқаттың қайталануы болмаған кезде олар осы Талаптардың 42-тармағының 4) тармақшасы бойынша куәландырылады. Қолайлы ағымдағы ауру, табысты емдеу және қызметкерлердің еңбекке қабілеттілігі сақталған жағдайда аурулардың барлық бағандары бойынша жеке баға берілуі мүмкін.
Осы Талаптардың 42-тармағының 4) тармақшасына жүрек бұлшықеті, клапандар және миокардиосклероз сырқаттарының тұрақты компенсацияланған нәтижелері және қан айналымының жеткіліксіздігі, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің тұрақты бұзылулары жатады.
Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы болмаған кезде миокардиосклерозға нәтижесіз болған ревматикалық емес миокардиттер оқу орындарына, қызметке түсуге кедергі келтірмейді.
І дәрежелі транзиторлы регургитациясы бар І дәрежелі митральды қақпақшаның пролапсымен немесе III баған бойынша онсыз қызметке және оқуға кандидаттар жарамды, І, ІІ бағандар бойынша жарамсыз деп танылады. Митральды қақпақшаның І – ІІ дәрежелі пролапсы бар барлық бағандар бойынша ауытқулардың көрсетілген дәрежесімен қызметкерлер жарамды деп танылады.
Өкпе гипертензиясы болмаған кезде өкпе артериясы қақпақшасында, қақпақшалар жармаларының органикалық өзгерістері болмаған кезде трикуспидальды, митральды қақпақшаларда, осы қақпақшалардың жармаларының пролабирленбей, осы қақпақшалардың ақауларынсыз, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуынсыз, жүктеме сынамаларының (стресс-тредмил-тест, ВЭМ) нәтижелері бойынша дене жүктемесіне төмендемейтін төзімділік функционалдық болып саналады және осы Талаптардың 42-тармағын қолдану үшін негіз болып табылмайды.
Қызметке кандидаттар тиімді РЧА кейін 3 жыл өткеннен кейін, ЭХОКГ, жүктеме сынамасы, ЭКГ тәуліктік мониторингілеу нәтижелері қанағаттанарлық болғанда және соңғы 6 ай ішінде аритмияға қарсы препараттарды қабылдамаған кезде ІІІ баған бойынша жеке жарамды деп, I және II бағандар бойынша жарамсыз деп танылады.
Қызметкерлер тиімді РЧА-дан кейін 6 ай өткеннен кейін, ЭХОКГ, жүктеме сынамасы, ЭКГ тәуліктік мониторингілеу нәтижелері қанағаттанарлық болғанда және соңғы 3 ай ішінде аритмияға қарсы препараттарды қабылдамаған жағдайда қызметке III баған бойынша жарамды, I және II бағандар бойынша жарамдылық жеке анықталады (В- жеке).
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
43. | Эссенциалдық (бастапқы) гипертензия және гипертензия (гипертония) ауруы I10-13: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) артериялық гиретензияның тез үдемелі (қатерлі) нысаны; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) осы тармақтың 1) тармақшада көрсетілген дәрежеде асқынулар болмаған кезде артериялық гипертензия; | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) 2 дәрежелі артериялық гипертензия, I немесе II тәуекел; | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) 1 д. артериалдық гипертензия, I тәуекел; | жз | А | жз | А | жз | А | |
Артериялық гипертензия (бұдан әрі – гипертензия) - кеңсе САҚ≥140 мм рт тұрақты жоғарылауы. және/немесе ДАД ≥90 мм.рт.ст. Офистік АҚ - дәрігер кабинетінде әдеттегі өлшеу кезінде алынған АҚ мәні болып табылады. Бұл ұғымға медицина қызметкерлерінің қатысуынсыз АҚ өлшеу жатпайды.
Гипертензия дәрежесін анықтау үшін АҚ, оның ішінде СМАД көрсеткіштерін өлшеу антигипертензивті дәрі-дәрмектерді қабылдамау аясында жүргізілуі тиіс.
Артериялық гипертензия дәрежесі кем дегенде үш рет жүргізілген АҚ офистік өлшеу және кем дегенде екі рет жүргізілген СМАД нәтижелері бойынша систолиялық және (немесе) диастолиялық АҚ сандарының орташа мәндері негізінде айқындалады.
Гипертензияның дәрежесі мен жүрек-қан тамырлары қатерінің диагностикасы Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның медициналық қызметтерінің сапасы жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – ДСМ ӨК) мақұлдаған диагностика мен емдеудің тиісті клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Осы Талаптардың 43-тармағының 1) тармақшасына:
тез үдемелі (қатерлі) гипертензия. Қатерлі гипертензия деп IV дәрежелі гипертониялық ретинопатияның дамуымен, көздің көру нервісі емшегінің ісінуімен, көздің тор қабығындағы ишемиялық және геморрагиялық ошақтармен үйлесуімен АҚ-ның 220/130 мм сынап бағанынан (төмен емес) жоғары сандары түсініледі;
гипертензиялық синдроммен тығыз және тікелей байланысты ауыр тамыр бұзылуларының бірінің клиникалық суретінде басым болатын 3 дәрежелі артериялық гипертензия (II-IV ФК созылмалы жүрек жетіспеушілігі, миокардтың инфарктісі, аорта аневризмасын қабаттайтын, геморрагиялық инсульт, көздің түбіндегі қан кетулермен немесе экссудаттармен және көру нервісі дискісінің ісінуімен көздің тор қабаты артерияларының генерализацияланған тарылуы, 4 сатыдағы және одан жоғары СБА) жатады.
Осы Талаптардың 43 тармағының 2) тармақшаға:
осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген дәрежеде асқынулар болмаған кезде жоғары (III) және өте жоғары (IV) тәуекелі бар 3 дәрежелі артериялық гипертензия;
жоғары (ІІІ) және өте жоғары (ІV) тәуекелі бар 1 немесе 2 дәрежелі артериялық гипертензия жатады.
Осы тармақша бойынша жоғары (ІІІ) тәуекелдің 1, 2-дәрежелі қолайлы ағымдағы гипертензия, табысты емдеу және еңбек ету қабілетінің сақталуы кезінде қызметкерлер II, III бағандар бойынша жасына және орындалатын жұмыстың сипатына қарай әскери қызметке жарамды деп танылуы мүмкін.
Осы Талаптардың 43-тармағының 3) тармақшасына:
орташа (II) немесе төмен (I) тәуекелі бар 2 дәрежелі артериялық гипертензия;
орташа (II) тәуекелі бар 1 дәрежелі артериялық гипертензия жатады.
Осы Талаптардың 43-тармағының 4) тармақшасына төменгі (I) тәуекелдің 1 дәрежелі гипертензиясы жатады.
Куәландырылушыларда гипертензияның болуы стационарлық тексерумен және айына кемінде 1 рет АҚ бақылауының құжатталған міндетті түрде расталған болуы кезінде кемінде 6 ай ішінде алдыңғы динамикалық қадағалау нәтижелерімен расталуы тиіс. Гипертензияны анықтау немесе бақылау мерзімі 6 айдан кем болған кезде қызметкерлер қатерлі гипертензияны немесе осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген дәрежеде асқынулар болған кезде өте жоғары (IV) тәуекелі бар 3 дәрежелі артериялық гипертензияны қоспағанда, ӘДК қорытындысы қабылданған сәттен бастап 6 айдан кейін кейіннен куәландыра отырып, тексеруге (емдеуге) жатады.
Гипертензияның әрбір жағдайында басқа сырқаттарға байланысты симптоматикалық гипертензиямен дифференциалды диагностика жүргізіледі. Симптоматикалық гипертензиясы бар адамдардың МК негізгі ауру бойынша жүргізіледі. ІІІ дәрежелі гипертензия деңгейіне сәйкес келетін симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде МК осы Талаптардың 43-тармағының 1) тармақшасы бойынша, ІІ дәрежелі гипертензия деңгейіне сәйкес келетін симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде осы Талаптардың 43-тармағының 2) тармақшасы бойынша, І дәрежелі гипертензия деңгейіне сәйкес келетін симптоматикалық артериялық гипертензия кезінде осы Талаптардың 43-тармағының 3) тармақшасы бойынша жүргізіледі.
БНО, ЖҚТА, БСА болған кезде зақымданған органдар мен жүйелер функцияларының бұзылу дәрежесіне байланысты МК осы Талаптардың тиісті тармақтарын ескере отырып жүргізіледі.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
58. | Асқазан мен 12 елі ішектің сырқаты (жара сырқатынан басқа), ас қорыту органдарының басқа аурулары, өт қабы мен өт жолдарының аурулары, ұйқы безінің аурулары Инфекциялық емес энтерит және колит, Крон ауруы, бауырдың созылмалы аурулары, бауыр циррозы К29-31, К50-51, К57.1, К57.3, К51.5, К58, К59, К62, К63 (К63.1, К63.2 қосылмағанда), К70-77, К80-87 (К82, К90-К93 қосылмағанда): | о | қ | о |
|
| қ |
1) функциялардың едәуір бұзылулары бар | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) жиі асқынулары және функцияларының орташа бұзылулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) сирек асқынулары және функцияларының шамалы бұзылулары бар | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жеке | В-жеке | |
4) функциялардың бұзылуларысыз объективті деректер болғанда | жз | А | жеке | А | жеке | А | |
Осы Талаптардың 58-тармағының 1) тармақшасына бауыр циррозы; бауыр функциясының елеулі бұзылуымен немесе порталдық гипертензия белгілерімен созылмалы үдемелі белсенді гепатиттердің ауыр түрлері; ас қорыту функциясының күрт бұзылуымен спецификалық емес жаралы колиттердің, Крон ауруының, топтастырылмаған ІҚА-колиттердің, энтериттердің ауыр түрлері; жүйелі бужирлеуді немесе одан бас тартқан кезде хирургиялық емдеуді талап ететін елеулі клиникалық көріністері бар өңештің тыртықты тарылуы және жүйке-бұлшықет аурулары жатады.
Осы Талаптардың 58-тармағының 2) тармақшасына жиі (жылына 2 және одан да көп) асқынулармен және бауыр функциясының орташа бұзылуымен созылмалы гепатиттер; секреторлық, қышқыл түзуші функциялардың бұзылуымен, жиі асқынулармен және 18,5-тен аз тамақтанудың төмендеуімен энтериттер, гастриттер, гастродуодениттер (2 айдан астам); жылына 2-3 рет асқыну жиілігі мен ас қорыту функциясының бұзылуымен орташа дәрежедегі созылмалы спецификалық емес жара колиттер, асқорыту функцияларының бұзылулары деңгейіне және асқынуларының жиілігіне қарамастан Крон ауруы жатады. Сондай-ақ хирургиялық емдеуді талап етпейтін қалыпты клиникалық белгілері бар өңеш дивертикулы және диафрагманың өңеш тесігінің жарықтары; консервативті емдеудің қанағаттанарлық нәтижелері кезінде өңештің тыртықты тарылуы және жүйке-бұлшық ет аурулары, науқасты стационарлық емдеуді талап ететін жиі (жылына 2 және одан да көп) асқынатын созылмалы қайталанатын холециститтер мен панкреатиттер жатады.
Созылмалы гепатит диагнозы стационардың мамандандырылған бөлімшесі жағдайында бауырдың зақымдануының тұрақтылығын куәландыратын клиникалық, зертханалық және аспаптық деректермен, сондай-ақ кемінде 6 ай бойы динамикалық бақылау нәтижелерімен расталуы тиіс.
Осы Талаптардың 58-тармағының 3) тармақшасы секреторлық функциясының шамалы бұзылуымен, сирек асқынуларымен жылына 1-2 рет созылмалы гастрит, гастродуодениттерді; ұзақ ремиссиядағы, ас қорыту функциясының бұзылуынсыз немесе шамалы бұзылуымен созылмалы спецификалық емес жара колиттерін (1-баған бойынша қызметкерлерді қоспағанда), өт шығару жолдарының дискинезиясын; ферментопатиялық (қатерсіз) гипербилирубинемияларды; емдеудің жақсы нәтижелері кезінде сирек асқынулармен созылмалы калькулезді емес және калькулезді холециститтерді, панкреатиттерді, өңеш ауруларын (оның ішінде өңеш дивертикулдар, диафрагманың өңеш тесігі жарықтары), функциялардың шамалы бұзылуымен ішек және ішперде ауруларды көздейді.
Үстіңгі гастрит уақытша функционалдық бұзылулар деп бағалануы тиіс. Қызметке, оқуға кандидаттар бұл кезде жарамсыз деп танылады, қайта тексеру кезінде органикалық өзгерістер болмаған кезде (1 айдан ерте емес) олар барлық бағандар бойынша, оның ішінде оқуға түсуге жарамды деп танылады.
Осы Талаптардың 58-тармағының 4) тармақшасына ас қорыту функциясының бұзылуынсыз және сирек (2 жылда бір реттен артық емес) асқынулармен созылмалы гастрит, гастродуоденит; функциясының бұзылуынсыз созылмалы холецистит; функциясының бұзылуынсыз өт шығару жолдарының дискинезиясы; ферментопатиялық (қатерсіз) гипербилирубинемия (с-м Жильбера) жатады.); бауыр қызметінің бұзылуынсыз стеатогепатиттер (бауырдың май дегенерациясы); клиникалық көріністерсіз және функционалдық бұзылуларсыз өт қабының, өт шығару жолдары мен ұйқы безінің қалыптарының, өлшемдерінің, жағдайының нұсқалары, өңеш дивертикулдары және диафрагманың өңеш тесігінің жарықтары жатады.
Созылмалы гепатит кезінде қызметке кандидаттар жарамсыз деп танылады.";
61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
61. | Хирургиялық емдеуден, жіті сырқаттардан, ас қорыту органдарының созылмалы сырқаттарының асқынуларынан кейінгі уақытша функционалдық бұзылулар | о | қ | о | қ | о | қ |
жз | Г | жз | Г | жз | Г | ||
Өткерген сырқаттар мен операциялардан кейін қызметкерлердің Г санатына мұқтаждығы туралы қорытынды арнайы емдеу қажет болмаған кезде және жұмысқа қабілеттілігін толық қалпына келтіру үшін 1 айдан кем емес мерзім талап етілетін қолайлы сараптамалық болжам кезінде шығарылады.
Қызметке кандидаттар жыртылған перитонитпен аппендэктомия операциясынан, вентральді жарықтар, кіндік, шап жарықтары қысылуымен пластикасынан кейін 6 ай мерзімде, перитонитсіз және (немесе) жергілікті перитонитпен аппендэктомия операциясынан, лапоротомиялық операциядан кейін 3 айға дейін және лапороскопиялық (эндоскопиялық) аппендэктомиядан кейін 2 айға дейін жергілікті перитонитсіз және (немесе) жергілікті перитонитпен, жарықтың қысылуынсыз пластикасымен жарамсыз деп танылады.
Тері ауруларының (витилигодан басқа) таралған түрлері тері жамылғысының едәуір (50% - дан астам) бетінде диссеминирленген бөртпелермен сипатталады.
Тері ауруларының шектеулі түрлері деп әртүрлі локализациядағы, оның ішінде жалпы ауданы науқастың алақанына дейінгі әртүрлі анатомиялық аймақтарда зақымданудың бірлі-жарым ошақтары саналады. Экзема кезінде анатомиялық аудандардың бірінің (табан, балтыр, қол, бас) зақымдануы шектеулі деп бағаланады.
Тері ауруларының жиі қайталанатын түрлері - асқынулар жылына 2 және одан да көп рет пайда болатын нысандар.
III бағандар бойынша куәландырылатындар соңғы 3 жыл ішінде асқынулар болмаған кезде созылмалы тері ауруларының тұрақты ремиссиясы кезінде қызметке, әскери қызметке жарамды деп танылады.
Осы Талаптардың 62-тармағының 2) тармақшасына сондай-ақ көптеген конглобатты акне; бастағы және терінің ашық учаскелеріндегі псориаздың шектеулі, бірақ ірі бляшкалар жатады. Үлкен псориазды науқастың алақанынан артық мөлшерде санау керек.
МК жүргізу сәтінде қалдық құбылыстар болған немесе болмаған кезде кезекші белдіктер болған немесе болмаған кезде шектеулі, сирек қайталанатын псориаздары бар қызметкерлер барлық бағандар бойынша жарамды деп танылады.
Ұя тәрізді бас тақырлығының кең таралған түрі деп әрқайсысының диаметрі кемінде 10 см. болатын көптеген тақырлану ошағының (3 және одан да көп) болуы, ал ошақтар қосылған кезде - бастың шаш бөлігінің 50% - дан астам ауданында шаш өсуінің болмауы түсініледі.
Өлшемі 10 шаршы см-ден аспайтын бірлі-жарым (бір) бас тақырлығының ошағы болған кезде III баған бойынша қызметке кандидаттар жарамды деп танылады.
Витилигоның кең таралған түрі жалпы тері жамылғысының 1%-дан астам жалпы ауданы әртүрлі анатомиялық облыстардың (бас, мойын, кеуде, іш, арқа, бөкселер, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдар) тері жамылғысында көп (3 және одан да көп) депигменттелген дақтардың немесе жалпы тері жамылғысының 3%-дан астам бір анатомиялық аймақтың болуы болып саналады.
Алақан ауданы жалпы тері жамылғысының 1% болып есептеледі.
Витилигоның шектеулі ошақтары бар қызметкерлер (І -баған бойынша куәландырылатын қызметкерлер үшін витилигодан басқа) барлық бағандар бойынша қызметке жарамды деп танылады.
Бет, мойын, дененің ашық учаскелерінде витилигоның шектеулі нысандары бар қызметке үміткерлер І-ІІ бағандар бойынша жарамсыз деп танылады, III бағандар бойынша қызметке жарамдылығы жеке дара анықталады.
Киберқауіпсіздік, киберқылмыспен күрес саласындағы ІІІ баған бойынша лауазымдарға кандидаттардың жарамдылығы осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшалары бойынша жеке дара анықталады.
Қызметі қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен және иондаушы сәулелену көздерімен байланысты фотодерматоздардан, рентген - және радиодерматиттерден зардап шегетін қызметкерлер кәсіби зияндармен байланысты емес жұмысқа ауыстыра отырып, әскери қызметке шектеулі жарамды деп танылады.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
64. | Дәнекер тіндердің диффузиялық аурулары, ревмотоид артриті, Бехтерев ауруы, Рейтер ауруы, түйінді периартериит, Вегенер грануломатозы, дәнекер тіндердің басқа да жүйелі сырқаттары, псориаздық артропатия және инфекциямен байланысты басқа да артриттер (реактивті артриттер) I78.0-79.8, L93-93.2, L94, L95.0-95.9, М45: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) қызметтерінің едәуір бұзылуы, тұрақты және анық білінетін өзгерістері бар; | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының орташа бұзылуы мен асқынулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының аз ғана бұзылуы және сирек асқынулары бар | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
Осы Талаптардың аталған тармағы инфекциялық артропатияларды (инфекциямен байланысты артриттер, реактивті артропатиялар және басқалар), қабыну полиартропатияларын (ревматоидты артриттер, псориатикалық және энтеропатиялық артропатиялар, подагра және басқалар), дәнекер тіннің жүйелі зақымдануларын (түйінді полиартериит, басқа да некротизациялайтын васкулопатиялар, жүйелі қызыл жегі, дерматополимиозиттер, жүйелі склероз, дәнекер тіннің басқа да жүйелі зақымданулары), спондилопатияларды (анкилозды спондилит, басқа да қабыну спондилопатиялары, спондилездерді, басқа да спондилопатиялар) көздейді.
Осы Талаптардың 64-тармағының 1) тармақшасына дәнекер тінінің диффузды сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, Рейтер сырқаты, кең таралған склеродермия, дермато(поли)миозит, эозинофильді фасциит, Шегрен сырқаты, дәнекер тінінің аралас сырқаттары), жүйелік васкулиттер, түйінді периартериит, Вегенер синдромы, Бехчет синдромы, Шенлейн-Геноха сырқаты (геморрагиялық васкулит), ревматоидты артрит, функциялардың елеулі бұзылулары бар Бехтерев ауруы (анкилозды спондилоартрит) немесе олардың еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтатын жүйелі түрлері жатады.
Осы Талаптардың 64-тармағының 2) тармақшасына осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, буындардың орташа айқын көрінген экссудативті-пролиферативті өзгерістері және функционалдық жеткіліксіздігі бар жүйелі көріністер болмаған кезде аурулардың баяу үдемелі нысандары, сондай-ақ процестің орташа және шамалы белсенділігі бар ревматоидты артриттің және Бехтерев ауруының нысандары жатады.
Осы Талаптардың 64-тармағының 3) тармақшасына сирек (жылына 1 рет және сирек) асқынулары бар буындардың, омыртқаның созылмалы аурулары жатады, сондай-ақ буындардың экссудативті-пролиферативті өзгерістері, процесс белсенділігінің зертханалық белгілері сақталған кезде жіті қабыну артропатияларының созылмалы (6 ай және одан көп) ағымы бар қызметкерлер куәландырылады.
Инфекциялық және қабыну артриттерінің созылмалы нысандары, геморрагиялық васкулиттің тері-буын нысанының созылмалы ағымы, созылмалы подагралық, сондай-ақ псориатикалық артрит кезінде әскери қызметке жарамдылық санаты басқа органдар мен жүйелердің зақымдануына, буындар функциясының жай-күйіне байланысты осы Талаптардың 64-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары бойынша айқындалады.
Сырқаттың бес жылдан астам асқынуы болмаған және буындар қызметінің бұзылуынсыз реактивті артриттердің созылмалы түрлері осы Талаптардың осы тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Буындардың жіті қабыну ауруларынан және МК геморрагиялық васкулитінің тері және тері-буын пішіндерінен кейін осы Талаптардың 86-тармағы бойынша жүргізіледі.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
67. | Қол саусақтарының немесе қол басының деформациясы мен дефектілері М20-21.6: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) функцияларының едәуір бұзылулары бар | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының орташа бұзылулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының аз ғана бұзылулары бар | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
Осы Талаптардың 67-тармағының 1) тармақшасына:
қол басы буынының деңгейіндегі кез келген қолдың екі не бір қол басының;
әр қол басындағы алақан-фаланга буындары деңгейінде үш саусақтан;
әр қол басындағы негізгі фалангалардың дистальды ұштарының деңгейінде төрт саусақтан;
екі қол басында алақан-фаланга буындары деңгейіндегі бірінші және екінші саусақтар болмауы жатады.
Құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жеткен, бірақ МК кезінде зейнеткерлікке шығуға құқығы жоқ қызметкерлер қолдың қол буыны деңгейінде жұмыс істемейтін қолы болмаған кезде осы Талаптардың 67-тармағының 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Осы Талаптардың 67-тармағының 2) тармақшасына:
алақан сүйектері деңгейінде қол басының болмауы;
бір қол басында: алақан-фаланга буындары деңгейінде үш саусақтың, негізгі фалангалардың дистальды шеттері деңгейінде төрт саусақтың, алақан-фаланга буындары деңгейінде бірінші және (немесе) екінші саусақтың, фаланга аралық буын деңгейінде бірінші саусақтың және орта фалангалардың дистальды шеттері деңгейінде екінші-бесінші саусақтардың болмауы;
екі қол буындағы алақан-фаланга буындары деңгейіндегі бірінші саусақтар болмауы;
үш және одан да көп алақан сүйектерінің ескірген шығулары немесе ақаулары;
үш және одан да көп алақан-фаланга буындарының артропластикадан кейінгі бұзылуы, ақаулары және жай-күйі;
қол басының және саусақтардың қан айналымының күрт бұзылуымен немесе қол басының ұсақ бұлшық еттерінің ишемиялық контрактурасының дамуымен шынтақ және кәрі жілік артериялардың (не олардың әрқайсысының жеке-жеке) зақымдануы;
алақан сүйектерінің деңгейінен проксимальді үш және одан да көп саусақтардың бүгуші сіңірлерінің ескірген зақымдары немесе ақаулары;
тұрақты контрактураға немесе трофиканың елеулі бұзылуына әкелетін үш және одан да көп саусақтардың ескірген зақымдануларының жиынтығы (анестезия, гипостезия) жатады.
Осы Талаптардың 67-тармағының 3) тармақшасына:
бірінші саусақтың фалангааралық буынның деңгейінде және екінші саусақтың негізгі фаланганың деңгейінде немесе үшінші-бесінші саусақтардың бір қол басындағы орта фаланганың дистальды ұштарының деңгейінде;
бір қол басындағы орта фаланганың дистальды ұштарының деңгейіндегі екінші-төртінші саусақтар;
әр қол басындағы орта фаланганың проксималды ұштарының деңгейінде үш саусақтан;
бірінші немесе екінші саусақтың оң қол басының фалангааралық буыны деңгейінде (солақай үшін - сол қол басының);
екі қол басының фалангааралық буындары деңгейіндегі бірінші саусақтардың;
бір қол басындағы негізгі фаланганың проксимальды ұшы деңгейінде екі саусақтың;
екі қол басындағы екінші-төртінші саусақтардың дистальды фалангалардың болмауы жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ:
білезік буыны сүйектерінің ескірген шығуы, остеохондропатиясы және остеомиелиті;
қол басы буынының анкилозы;
екі алақан сүйегінің ақаулары немесе жалған буындар және алақан сүйектерінің созылмалы остеомиелиттері;
екі алақан сүйегінің шығуы;
екі алақан-фаланга буынының бұзылуы, ақаулары және артропластикадан кейінгі жай-күй;
карпальды немесе латеральді арна синдромы;
екі саусақ иннервациясының орташа бұзылуымен ортаңғы немесе шынтақ нервісінің жалпы алақан бұтақтарының зақымдануы (анестезия, гипостезия және т.б. бұзылулар);
екі саусақтың қанайналымының орташа бұзылуымен үш жалпы алақан артериясының зақымдануы;
алақан сүйектері мен бірінші саусақтың ұзын бүккіші деңгейінде екі саусақ бүккіштері сіңірлерінің ескірген зақымдануы;
қолдың, қол буынының және саусақтардың қолдың функцияларының шамалы бұзылуымен және трофикалық бұзылулармен (анестезия, қол және саусақтардың гипостезиясы) ілесе жүретін құрылымдарының зақымдануларының жиынтығы жатады.
Анкилоз негізгі фалангаралық буындарының жазылған күйінде функционалдық тұрғыда тұтас саусақтың жоғалуына тең. Саусақтың параличі мен буыны бүкіл саусақтың жоғалуына ғана емес, сонымен қатар қолдың функционалдық қабілеті одан да көп бұзылады, себебі олар әдетте басқа саусақтардың қозғалуына кедергі болады.
Осы Талаптардың 67-тармағының көрсетілген тармақшаларда көрсетілмеген басқа да қол мен саусақтардың зақымдануы, оның қызметі қалпына келтірілген кезде, осы Талаптардың 67-тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
73. | Еркектің жыныс мүшелері органдарының ауруы (гиперплазия, аталық без, ұрық шемені, орхит, эпидидимит, төменгі сал гипертрофиясы, фимоз, еркектің жыныс мүшесі органдарының қабынуы және басқа да аурулары) N40-51: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) функцияларының едәуір бұзылулары бар | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының орташа бұзылулары бар | жз | Д-жеке | жз | Д-жеке | жз | В | |
3) функцияларының аз ғана бұзылулары бар | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) аз ғана клиникалық көріністері бар объективті деректер болғанда | жз | А | жз | А | жеке | А | |
Осы Талаптардың осы тармағы ерлердің жыныс мүшелерінің ауруларын қамтиды. Ерлердің жыныс мүшелерінің аурулары бойынша айғақтар бойынша куәландырылатындарға хирургиялық емдеу ұсынылады. Емнің қанағаттанарлықсыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде МК функционалдық бұзылулардың дәрежесіне байланысты жүргізіледі.
Осы Талаптардың 73-тармағының 1) тармақшасына емдеудің қанағаттанғысыз нәтижелері немесе одан бас тартқан кезде несеп шығарудың Елеулі бұзылуымен қуық асты безінің ІІІ-IV сатысындағы гиперплазиясы; аталық без атрофиясы; жыныс мүшесінің болмауы жатады.
Осы Талаптардың 73-тармағының 2) тармақшаға несеп бөлудің орташа бұзылуымен қуық асты безінің ІІ сатысындағы гиперплазиясы (50 мл-ге дейінгі қалдық зәрдің болуы); жылына 3 және одан да көп рет стационарлық емдеуді талап ететін созылмалы простатит; 100 мл-ден астам сұйықтық көлемімен аталық без қабығының немесе тұқымдық арқан қабығының бір жақты немесе екі жақты қайталанатын (қайталама хирургиялық емдеуден кейін); сперматогенез қызметінің бұзылуымен аталық бездердің гиперплазиясы немесе гипоплазиясы, қалыпты дәрежесі жатады.
Аталық без қабығының немесе тұқымдық арқанның бір рет қайталануы кезінде осы Талаптардың 73-тармағының 3) тармақшасы қолданылады.
Осы Талаптардың 73-тармағының 3) тармақшасына несеп шығаруды елеусіз дәрежеде бұзатын тұқымдық арқанның кистасы, қуық асты безінің І сатылы гиперплазиясы жатады.
Осы Талаптардың 73-тармағының 4) тармақшасына сұйықтықтың көлемі 100 мл-ден кем аталық без немесе тұқымдық арқан, фимоз, болмашы клиникалық белгілері бар еркек жыныс мүшелерінің басқа да аурулары жатады, қызметке кандидаттарға емдеу ұсынылады.
Аурулары (тән емес және қатерсіз сипаттағы), жарақаттары немесе басқа да зақымданулары бойынша алып тастағаннан кейін екінші аталық бездің қалыпты құрылымы мен функциясы кезінде бір аталық бездің болмауы осы Талаптардың осы тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Эндокриндік бұзылулар болған кезде осы Талаптардың 13-тармағы қолданылады.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
75. | Әйелдің жыныс органдарының қабынбаған аурулары, генитальды және экстрагенитальды эндометриоз N 80-98 (N81-82- коспағанда): | о | қ | о | қ | о | қ |
1)функцияларының | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
2) функцияларының орташа бұзылуымен | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
3) функцияларының аз ғана бұзылуымен | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жеке | А | |
Эндометриоз диагнозы амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларда белгіленуі тиіс. Сырқаттың ауырлығын және зақымданған мүшелер функцияларының бұзылу дәрежесін анықтау кезінде процестің таралу дәрежесін (1, 2, 3 және 4 дәрежелі), көп ошақтылықты (сыртқы, ішкі), көрші органдарға өсуді (инфильтрация), функцияның бұзылу ұзақтығын және жүргізілетін емдеу шараларының тиімділігін ескеру керек.
Кез келген жерде орналасу, таралу дәрежесі эндометриоз диагнозы, сондай-ақ жыныс мүшелерінің дисплазиясы анықталған кезде қызметке кандидаттар барлық бағандар бойынша жарамсыз.
Аналық бездің функционалдық кистасы 3 етеккір циклі ішінде бақылауға және бақылау УДЗ-ге жатады, ол міндетті түрде онкомаркерге тексерілуге жатады. Басқа кисталар мен кистомалар (дермоидтік, папиллярлық және т.б.) гистологиялық верификациямен оперативтік емдеуге жатады. Процестің қатерсіздігі расталған кезде қызметке және оқуға кандидаттардың жарамдылығы операция жасалған сәттен бастап 6 айдан кейін анықталады.";
77, 78, 79 және 80-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
77. | Овариалдық-менструалдық қызметінің бұзылулары N91-95: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) қызметтерінің едәуір бұзылулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д | |
2) қызметтерінің орташа бұзылулары бар | жз | В | жз | В | жз | В-жеке | |
3) қызметтерінің аз ғана бұзылулары бар. | жз | А | жз | А | жеке | А | |
Осы Талаптардың 77-тармағының 1) тармақшасына овариалды-етеккір циклінің тұрақты бұзылуы жатады:
ювенильді қан кету (20 жасқа дейін), үздіксіз қан кетумен сипатталатын, етеккірге қарамастан қайталанатын немесе физикалық жүктеме кезінде көрінетін, сондай-ақ анемияға әкелетін етеккір ұзақтығын 8 күнге дейін және одан да көп уақытқа ұзарту;
альгодисменорея және жыныстық және олармен көршілес органдардың функцияларының жыныстық ағзалардың елеулі түрде дамымауына байланысты басқа да айқын білінетін бұзылулары (қынаптың атрезиясы, жатырдың күрт білінетін инфантилизмі);
өткір тұрақты ауырсынуды тудырса және қынапта немесе жатырда қан ісігінің пайда болуымен бірге болса, жыныс мүшелерінің даму ауытқулары.
Жалпы инфекциялармен, ауыр интоксикациялармен, алиментарлық бұзылулармен, нервтік-психикалық бұзылулармен және гормоналдық бұзылулармен, сондай-ақ МК соматикалық аурулармен байланысты қайталама аменореялар кезінде осы Талаптардың тиісті тармақтары бойынша жүргізіледі.
Осы тармақшаға климактериялық ауыр дәрежедегі синдром да жатады. Шынайы климактериялық синдромды клиникалық көрінісіне ұқсас гипертиреозбен, мазасыздық-депрессиялық жай-күймен, пресенильді психозбен ажырату керек.
Осы тармақшаға, сондай-ақ айқын білінетін вазомоторлық реакциялармен (тәулігіне 20-дан астам толуы), сондай-ақ тамырлардың спазмдарымен, артериялық қысымның тербелістерімен, астен тәрізді ұстамалармен, ұйқының бұзылуымен, айқын білінетін ашуланшақтықпен және айналасындағылармен дау-жанжал шығаруымен, жұмысқа қабілеттілігін күрт төмендеумен, қоса жүретін климактериялық кардиопатияның, климактериялық синдромның нейроэндокриндік бұзылулардың ауыр дәрежелері жатады.
Осы Талаптардың 77-тармағының 2) тармақшасына олигоменорреей, аменорреей (операциядан кейінгі емес), оның ішінде Штейн-Левенталь синдромы кезінде көрінетін овариалды-етеккір функциясының бұзылуы, сондай-ақ орта дәрежедегі климактериялық синдром жатады. Менопаузалық орташа ауырлық синдромына тәулік бойы 10-20 толуы, бас ауруы, бас айналуы, ұйқы мен есте сақтау қабілетінің нашарлауы тән, бұл айтарлықтай жұмыс қабілеттілігін төмендетеді.
Бір тәулік ішінде (10-ға дейін) салыстырмалы түрде аз толуы бар, бар аурулардың ағысын күшейтпейтін климактериялық синдромның жеңіл түрлері осы Талаптардың көрсетілген тармағын қолдану үшін негіз болып табылмайды.
Осы Талаптардың 77-тармағының 3) тармақшасына радикалды операциялардан, жамбас перитониттерінен, тубоовариалдық түзілімдерден кейін жүргізілген гормоналды терапиядан тиімділік кезінде екі жағынан да тотальді овариоэктомия жатады.
МК дене дамуында артта қалумен ұштасатын жыныстық аядағы инфантилизм кезінде осы Талаптардың 13-тармағы бойынша жүргізіледі.
Қорытынды шығарған кезде қалқанша безінің функциясын зерттеумен эндокринолог, гинеколог-эндокринологтың консультациясы міндетті.
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
78 | Жатырдың, жатыр түтіктерінің, аналық бездерінің, жамбастық іш пердесі мен клетчаткасының жедел қабыну сырқаттары N70.0, N71.0, N73.0, N73.3, N75.1, N76.0, N76.2 Әйелдің несеп-жыныс, жыныс мүшесі органдарының жедел, қабыну созылмалы сырқаттарынан кейінгі немесе хирургиялық емдеуден кейінгі қызметінің уақытша бұзылулары | к | с | к | с | к | с |
жз | Г | жз | Г | жз | Г | ||
Г санаты туралы қорытынды созылмалы жіті ағымнан (2 айдан аспайтын мерзімге) әйел жыныс мүшелерінің жіті қабыну ауруларынан (бартолинит, вульвит, кольпит, цервицит, эндоцервицит, эндометрит, аднексит) кейін ғана шығарылады.
Жатыр мойнының патологиясы анықталған кезде (эрозия, псевдоэрозия, эктопия және эктропион) цитологиялық зерттеу жүргізіледі (ПАП-тест, Бетезд интерпритациясы бойынша скрининг талдау).
Цитологиялық зерттеу нәтижелері бойынша ASC-US, AGC, LSIL, HSIL, c-r in citu анықталған кезде кандидаттар жарамсыз деп танылады, қызметкерлер емдеуге жатады.
ВПЧ-тестінің (бір немесе одан көп жоғары онкогенді 16, 18, 31, 33, 35, 39, 45, 51, 52, 56, 58, 59, 66, 68 штаммдардың) нәтижесі оң болған кезінде кандидаттар жарамсыз деп танылады, қызметкерлер емдеуге жатады.
Цитологиялық зерттеудің қалыпты нәтижелері кезінде жатыр мойнының эрозиясы, эктопиясы (псевдоэрозия), эктропионы қалыпты нұсқасы ретінде қарастырылады.
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
79. | Жүктілік О00-О99: | о | қ | о | қ | о | қ |
жз | жз | жз | |||||
Жүктілік МК барысында әйел жынысты кандидаттарға диагноз қою кезінде мерзіміне қарамастан МК одан әрі тоқтатылады және "тексеру аяқталмауына байланысты қорытынды шығарылмаған" деген қорытынды шығарылады.
Әйелдердің қызметке жарамдылығы жүктіліктің 14 аптасына дейін оның ағымына және экстрагениталдық патологиясына байланысты анықталады. Қызметкер-әйелдер радиоактивті заттармен, иондаушы сәулелену көздерімен, зымыран отындарының компоненттерімен, электромагниттік өріс көздерімен қызметке жарамсыз деп танылады.
14 апта жүктілік мерзімінен бастап декреттік демалысқа дейін қызметкерлер МК жіберілмейді. МК барысында 14 апта және одан да көп мерзімге жүктілік диагностикалау кезінде МК тоқтатылады және "тексеру аяқталмауына байланысты қорытынды шығарылмаған" деген қорытынды шығарылады.
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
80. | Туа пайда болған жетілу ақаулары, деформациялар, хромосомдық аномалиялар. Органдардың және жүйелердің туа пайда болған ақаулары: | о | қ | о | қ | о | қ |
1) функцияларының едәуір бұзылулары бар | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының орташа бұзылулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының шамалы бұзылулары бар | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жз | В-жеке | |
4) функциялары бұзылмаған объективтік деректер болғанда | жеке | А | А | А | А | А | |
Осы Талаптардың осы тармағы туа біткен даму кемістіктерін емдеу мүмкін болмаған, емдеуден бас тартқан немесе емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижесінде қолданылады.
Осы Талаптардың 80-тармағының 1) тармақшасына мыналар:
III-IV ФК СЖӘ болған кезде туа біткен жүрек ақаулары;
жүректің жеткіліксіздігіне және қан айналымының бұзылуына қарамастан жүректің қолқа ақаулары (бикуспидальды аорталдық қақпақшаның оқшауланған ақауынан басқа);
ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар бронх-өкпе аппараты мен плевраның даму ақаулары;
жақ-бет аумағының аномалиялары (оның ішінде қатты таңдай мен ерін жарықтары, анотия, екі жақты микротия);
есту жолының атрезиясы;
айқын клиникалық көріністері және қызметінің күрт бұзылуы бар ас қорыту органдарының;
кеуде қуысының күрт өзгеруімен (қабырғалық төбешік) және рестриктивтік түрі бойынша ІІІ дәрежелі тыныс алу жетіспеушілігімен омыртқаның туа біткен бекітілген қисаюы (кифоздар, сколиоздар) ;
мойын бөлігіндегі омыртқалы діңгек функциясының елеулі бұзылуымен бұлшықет қисығы;
остеосклероз (мәрмәр ауруы);
екі бүйректің жамбас, мықын дистопиясы;
қалған бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде бір бүйректің болмауы оның айқындылық дәрежесіне қарамастан;
екі бүйректің де поликистозы бөлу функциясының елеулі бұзылуымен немесе БСЖ-мен;
вазоренальды артериялық гипертензиясы және бүйрек қан кетулері бар бүйрек тамырларының аномалиялары (ангиография деректерімен расталған);
жыныс мүшелерінің аномалиясы (жыныс мүшесінің болмауы, қынаптың атрезиясы);
жамбас-сан буындарындағы қозғалыстың едәуір шектелуімен, статика мен жүрістің бұзылуымен қоса жүретін жамбас сақинасының деформациясы;
аяқтың 8 см. астам қысқаруымен ортан жілік мойынының варустық деформациясы;
ортан жіліншіктердің ішкі айдаршықтарының шығыңқы жерлері арасындағы қашықтық 20 см-ден асатын аяқтың О-тәрізді қисаюы немесе жіліншіктердің ішкі тобықтары арасындағы қашықтық 15 см-ден асатын Х-тәрізді қисаюы (ІІІ баған бойынша куәландырылатындар үшін осы Талаптардың 80-тармағының 2-тармақшасы қолданылады);
функцияларының елеулі бұзылуымен сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің, мүшелер мен жүйелердің басқа да даму кемістіктері, аурулары мен деформациялары;
туа біткен ихтиоз, ихтиозоформды эритродермия жатады.
Осы Талаптардың 80-тармағының 2) тармақшасына мыналар жатады:
ІІ ФС СЖЖ болған кезде жүректің және ірі тамырлардың (қолқаның, өкпе артериясының) туа біткен ақаулары;
Вальсальва синусының аневризмасы, ботал түтігінің бірікпеуі, жүрек жеткіліксіздігінің дәрежесіне (сатысына) және қан айналуының бұзылуына қарамастан жүрек қалқаларының ақаулары;
бір немесе екі жағынан құлақ қабығының болмауы немесе бұзылуы;
жамбас-сан буындарында немесе омыртқада қозғалыстың орташа шектелуімен жамбастың деформациясы;
кеуде қуысының деформациясы және ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар омыртқаның туа біткен бекітілген қисаюы (кифоздар, сколиоздар);
омыртқаның мойын бөлігіндегі функциясының орташа бұзылуымен бұлшықет қисығы;
бүйректердің бір жақты жамбас немесе мықын дистопиясы;
қалған бүйректің қалыпты қызметі кезінде бір бүйректің болмауы;
поликистоз, дисплазия, бүйректің және олардың элементтерінің орташа немесе шамалы дәрежеде функциясының бұзылуы бар екі еселенуі;
операциялық емдеуді талап ететін 3 см. астам бүйректің солитарлы кисталары;
таға тәрізді бүйрек;
несеп шығару функциясының орташа бұзылуымен несепағардың немесе қуықтың аномалиясы;
ұма немесе бұтаралық гипоспадия;
аяқтың 5-тен 8 см-ге дейін қысқаруымен ортан жілік мойынының варустық деформациясы;
ортан жіліншіктердің ішкі айдаршықтарының шығыңқы жерлері арасындағы қашықтық 12-ден 20 см-ге дейінгі аяқтың О-тәрізді қисаюы немесе балтыр жіліншіктердің ішкі тобықтары арасындағы қашықтық 12-ден 15 см-ге дейінгі Х-тәрізді қисаюы;
рецессивті ихтиоз (қара немесе сия);
функцияларының орташа бұзылуымен ІІ-ІІІ дәрежелі мойын қабырғалары және сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің, мүшелер мен жүйелердің басқа да даму кемістіктері, аурулары және деформациялары.
Осы тармақшаға сондай-ақ клиникалық белгілері бар және оларсыз бассүйек дамуының туа біткен ақаулары мен аномалиялары (краниостеноз, Кимерле аномалиясы, платибазия, базилярлық импрессия, макро-және микроцефалия); омыртқаның барлық бөліктерінің конкресценциясы (сиростоздар), Клиппель-Фейль синдромы, бастың, беттің, омыртқа мен кеуде қуысының сүйек-бұлшық ет деформациясы, сондай-ақ сколиозбен байланысты емес омыртқаның туа біткен басқа да аномалиялары (Q-67.5, Q-76.4) жатады.
Осы Талаптардың 80-тармағының 3) тармақшасына мыналар жатады:
І ФС СЖЖ жүрек жеткіліксіздігі болған және онсыз жүректің туа біткен оқшауланған ақаулары;
функциялары мен клиникалық көріністері бұзылмаған сол қарыншаның қосымша хордасынан басқа, жүректің кіші ауытқулары (оның ішінде патологиялық қозғалғыштығы жоқ, қан шунтталуы белгілері жоқ ЖҚА, 3 мм-ге дейін ашық сопақша тесік, Хиари желісі);
бір жақты микротия;
омыртқа бағанасы қызметінің шамалы бұзылуымен бұлшықет қисығы;
спирографиямен расталған І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар кеуде қуысының туа біткен деформациясы;
аяқталған үдеріспен және қалыпты клиникалық көріністермен остеохондропатиялар (қалыпты физикалық жүктеме кезінде функция аз ғана зардап шегеді);
аяқтың 2-ден 5 см-ге дейін қысқаруымен ортан жілік мойынының варустық деформациясы;
функциялардың бұзылуынсыз бүйректің, несепағардың туа біткен ауытқулары;
қызметінің шамалы бұзылуымен бүйректің бел дистопиясы;
зәр шығару каналының тамырдан пенисінің ортасына дейін жыланкөзі;
екі атабездің безді іш қуысында, шап каналдарында немесе олардың сыртқы саңылауларында ұстап қалу;
шап каналында немесе оның сыртқы тесігінде іш қуысында бір атабездің тұрып қалуы;
екінші ұрықтың құрылымы немесе функциясы бұзылған кезде бір ұрықтың туа біткеннен болмауы;
доминантты (қарапайым) ихтиоз;
қолдың, сондай-ақ жүруді және стандартты аяқ киімді киюді қиындататын табанның функциясын бұзатын алақандардың тұқым қуалайтын кератодермиясы;
функцияның бұзылуына қарамастан полидактилия;
функцияларының шамалы бұзылуымен сүйектердің, буындардың, сіңірлердің, бұлшықеттердің, мүшелер мен жүйелердің басқа да даму кемістіктері, аурулары және деформациялары жатады.
І дәрежелі регургитациясы бар немесе онсыз І дәрежелі митральды қақпақшаның пролапсы бар қызметке және оқуға кандидаттар ІІІ баған бойынша жарамды, І, ІІ бағандар бойынша жарамсыз деп танылады.
Патологиялық қозғалғыштығы жоқ, қан шунтталуы белгілері жоқ ЖҚА аневризмасы бар, 3 мм-ге дейін ашық сопақша тесігімен, Хиари желісімен І және ІІ бағандары бойынша барлық даярлау бағыттары бойынша оқуға және қызметке кандидаттар III баған бойынша жарамсыз деп танылады, жарамдылық гемодинамикалық өзгерістерді ескере отырып, жеке айқындалады.
Митральды қақпақшаның пролапсы, жүрекшеаралық аневризмасы және ашық сопақша тесігі, Хиари желісі көрсетілген бұзушылықтардың дәрежесімен қызметкерлер барлық бағандар бойынша жарамды деп танылады.
Өкпе артериясы қақпақшасында өкпе гипертензиясы болмаған кезде, қақпақшалар жармаларының органикалық өзгерістері болмаған кезде трикуспидальды, митральды қақпақшаларда І дәрежелі регургитациясы, осы қақпақшалар жармаларының пролабирленбей, осы қақпақшалардың ақауларынсыз, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуынсыз, жүктеме сынамаларының (стресс-тредмил-тест, ВЭМ) нәтижелері бойынша физикалық жүктемеге төмендемейтін төзімділік функционалдық болып саналады және осы Талаптардың 80-тармағын қолдану үшін негіз болып табылмайды.
Аорталық қақпақшада І дәрежелі регургитация анықталған кезде оны қалған көрсеткіштерге қарамастан аорталық қақпақшаның жеткіліксіздігі ретінде бағалау керек.
Функциялардың бұзылуынсыз және клиникалық көріністерінсіз жүректің сол жақ қарыншасының қосымша хордаларының болуы осы Талаптардың осы тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Осы Талаптардың 80-тармағының 4) тармақшасына аяқтың 2 см-ге дейін қысқаруымен сан мойынының варустық деформациясы, спирографиямен расталған тыныс жеткіліксіздігінің белгілерінсіз кеуде қуысының туа біткен деформациясы, функциясы бұзылмай бүйректің бел дистопиясы жатады.
Функциясы бұзылмай аяқтың 1 см-ге қысқаруы, V бел омыртқасының сакрализациясы немесе І сегізкөз омыртқасының люмбализациясы, көрсетілген омыртқа доғаларының босауы, коронарлық атоздадағы гипоспадия, туа біткен бір ұрықтың болмауы (екінші ұрықтың қалыпты құрылымы мен функциясы кезінде) осы Талаптардың осы тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.
Бикуспидальды аорталды қақпақшасы бар қызметкерлер қан айналымы бұзылуының нақтыланған дәрежесіне байланысты 2), 3), 4) тармақшалар бойынша куәландырылады.
Қызметке және оқуға кандидаттар қан айналымының бұзылу дәрежесіне қарамастан, бикуспидальды аорталдық қақпақшасы болған кезде жарамсыз деп танылады.
Аяқ қысқаруынан, бұлшық ет сүйектерінің және (немесе) сіңірдің ауруларынан немесе зақымдануынан туындаған жүріс пен статика бұзылып жамбастың деформациясы кезінде осы Талаптардың 69-тармағы қолданылады.
Жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары бар адамдар осы Талаптардың 25-тармағы бойынша куәландырылады.
Қолдың немесе табанның туа біткен ақаулары бар адамдар осы Талаптардың 67 және 68-тармағы бойынша куәландырылады.";
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
83 | Зақымданудың, жарақаттану мен хирургиялық сырқаттар себепті кеуде, іш қуысы, жамбас немесе іш пердесі сыртындағы зақымданулар немесе операция жасаудың зардаптары (J86; К22.2; К44); жарақаттану және операциялардан кейінгі пластикалық және реконструкциялық хирургия, сырт пішіннің кемшіліктерін жоюға арналған пластикалық хирургияның басқа да түрлері Z41, Z41.1, Z42, Z42.1, Z42.2, Z42.8: | к | с | к | с | к | с |
1) функцияларының едәуір бұзылулары бар | жз | Е | жз | Е | жз | Е | |
2) функцияларының орташа бұзылулары бар | жз | Д | жз | Д | жз | Д-жеке | |
3) функцияларының шамалы бұзылулары бар | жз | В-жеке | жз | В-жеке | жеке | В-жеке | |
4) функциялары бұзылмаған объективті деректер болғанда | жеке | А | жеке | А | А | А | |
Осы Талаптардың 83-тармағының 1) тармақшасына: ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар бронх-өкпе аппаратының; перикардтың кең облитерациясы; емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде өт немесе панкреатикалық жыланкөздер; жүйелі бужирлеуді талап ететін өңештің тыртықты тарылуы; хирургиялық емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері немесе одан бас тарту кезінде жиі (жылына 2 рет және одан да көп) қысым жасайтын диафрагмальді жарықтар: асқазанды, өңешті резекциялаудан, ас қорыту функциясының елеулі бұзылыстары бар асқазан-ішек сағасын салғаннан кейінгі жай-күйлер; (емделмейтін демпинг-синдром, тұрақты іш өту, ДСИ 18,5 және одан төмен болғанда қоректік заттардың төмендеуі, тұрақты анастомозиттер, анастомоз жарасы); ас қорыту функциясының бұзылуымен және қоректік заттардың төмендеуімен қоса болатын жіңішке (1,5 метрден кем емес) немесе қос (30 см. кем емес) ішекті резекциялаудан кейінгі жай-күй; билиодигестивті анастомоздар салу; бауыр немесе ұйқы безі бөлігін резекциялау, сол өкпенің екі сегментін не ІІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар оң өкпенің екеуден көп сегментін алып тастау салдары; тыныс алу функциясының жағдайына қарамастан өкпенің бір және одан да көп бөлігін алып тастау, функциясының бұзылу дәрежесіне қарамастан бүйректі, өкпені, бауырды, жүректі (ағзаның бөлігі немесе толық) транспланттау жатады.
Осы тармақша бойынша, сондай-ақ жарақатына немесе жарақаттануына байланысты бүйрегі алынған, айқын көріну дәрежесіне қарамастан қалған бүйрек қызметінің бұзылуы кезінде; емдеудің қанағаттанарлықсыз нәтижелері кезінде өңеш-трахеальды және (немесе) өңеш-бронх жыланкөздері; ірі магистральды (аорта, мықын асты, сан, брахиоцефалды артериялар, жағалық және қуыс вена) және перифериялық қанайналымның тұрақты айқын бұзылуы және аурудың үдемелі ағымы кезінде перифериялық қан тамырларына реконструктивті операциялардың салдары бар адамдар куәландырылады.
Өкпенің тамырында, жүрекке немесе ірі тамырларға жақын орналасқан бөгде дене болған кезде МК асқынулардың немесе функционалдық бұзылулардың болуына қарамастан осы Талаптардың 83-тармағының 1) тармақшасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда осы жағдайлар кезінде қызметте болудың шекті жасына жетпеген адамдар салыстырмалы жұмыс қабілеттілігі сақталған кезде осы Талаптардың 83 тармағының 2) тармақшасы бойынша куәландырылады.
Жүрек, перикард жарақаттары салдарынан, ірі қан тамырлары аймағындағы кеуде ортасынан бөгде денелерді жедел алып тастау кезінде тыныс алу жеткіліксіздігінің, жалпы және (немесе) коронарлық қан айналымының бұзылу сатысы (дәрежесі) осы Талаптардың 42 және 51-тармақтары бойынша бағаланады, оларды бағалау нәтижелері бойынша МК осы Талаптардың 83-тармағының 1), 2) немесе 3) тармақшалары негізінде жүргізіледі.
Екі немесе одан да көп қуыстар мүшелерінің функцияларының орташа бұзылуымен үйлесімді жарақатының салдары кезінде осы Талаптардың 83-тармағының 1) тармақшасын қолдану керек.
Осы Талаптардың 83-тармағының 2) тармақшасына: ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар бронх-өкпе аппаратының; сирек және (жылына 1 рет және сирек) қысылулары бар орташа көлемдегі диафрагмаль жарықтары; қайта стационарлық емдеуді талап ететін көшіру функциясының бұзылуымен іш қуысында жабысу процесі; мынадай жай-күйден кейінгі жағдай: асқазанды, жіңішке (кемінде 1 метр) немесе қос (кемінде 20 см.) ішекті ішінара резекциялаудан; ауырлық дәрежесі орташа демпинг-синдром белгілерімен және ауырлық дәрежесі орташа тамақтанудың төмендеуі; қалған бүйректің қалыпты қызметі кезінде жарақаттар немесе жарақаттар бойынша алынған бүйректің болмауы жатады; сондай-ақ псевдокистаға айналған ұйқы безінің аурулары, жаралануы және жарақаттары бойынша хирургиялық емдеудің салдары жатады; сол жақ өкпенің екі сегментін немесе ІІ дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар оң жақ өкпенің екі сегментінен артық алып тастау салдары; асқазан-ішек анастомозын салмай бағаналы немесе селективті ваготомия; нәжіс жыланкөздерін жабу, сондай-ақ ректопексияны жабу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдай жатады.
Өт қабын алып тастағаннан немесе өт жолдары, ұйқы безі ауруларын жақсы нәтижемен хирургиялық емдегеннен кейін қызметкерлер барлық бағандар бойынша қызметке жарамды деп танылады.
Қызметке кандидаттар өт қабын эндоскопиялық әдіспен алып, жақсы нәтиже көрсеткеннен кейін III баған бойынша лауазымға жарамды деп танылады.
I және II бағандар лауазымдары бойынша қызметке кандидаттар, оқуға кандидаттар (Талаптардың бағанына қарамастан) өт қабын алып тастағаннан кейін, өт жолдары, ұйқы безі ауруларын жақсы нәтижемен хирургиялық емдегеннен кейін емдеу мерзімі мен нәтижесіне қарамастан жарамсыз деп танылады.
Осы тармақшаға сондай-ақ эндокриндік бұзылулары бар қосалқылармен жатыр қыннан жоғары ампутация немесе экстирпациясы жатады.
Осы Талаптардың 83-тармағының 3) тармақшасына жарақаттар мен жарақаттардың жай-күйі мен салдарлары: І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар бронх-өкпе аппаратының; шағын көлемдегі диафрагмальды ашық емес жарықтар; сирек ауырсыну синдромымен ішектің бітелу құбылыстарынсыз іш қуысында жабысу процесі жатады; эндокриндік бұзылулар болмаған кезде қосалқыларды сақтай отырып жатыр қыннан жоғары ампутация немесе экстирпациясы, толық және ішінара мастэктомиядан кейінгі реконструктивті операциялардың, сүт безін қайта құрудың салдары, пластикалық операциялардың ерте және кеш асқынулары жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ: жіңішке ішекті (1 метрден кем) немесе қос ішекті (20 см-ден кем) резекциялаудан; диспепсиялық бұзылуларсыз, жеңіл дәрежедегі демпинг-синдромның сирек көріністерімен, тамақтанудың шамалы төмендеуімен асқазан-ішек сағасын салғаннан; қан түзу функциясының бұзылуынсыз жарақаттардан кейін көкбауырды алып тастаудан; оның қызметі сақталған кезде бүйрек бөлігін резекциялаудан; сол өкпенің екі сегментін не І дәрежелі немесе онсыз тыныс алу жеткіліксіздігі бар оң өкпенің екіден көп сегментін алып тастағаннан; І дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі бар өкпенің шеткі немесе үнемді резекциясы (сол өкпенің 1 сегменті немесе оң өкпенің 2 сегменті); жарақат алғаннан кейін 1 жылға дейінгі кезеңде қызметке кандидаттар үшін функциясының шамалы бұзылуымен немесе функциясының бұзылуынсыз басқа органдардың үнемді резекциясы немесе жарасын тігуден кейінгі жағдайлар жатады.
Осы талаптардың 83-тармағының 4) тармақшасына (қызметке кандидаттар үшін жарақат алған, зақымданғаннан немесе операция жасаған сәттен бастап 1 жылға дейін) тыныс алу жетіспеушілігінсіз өкпенің атиптік, шеткі немесе үнемді резекциясына (сол өкпенің 1 сегменті немесе оң өкпенің 2 сегменті) шалдыққаннан, қан кетуді тоқтату мақсатында торакотомия немесе лапаротомия, пневмо- немесе гемотораксты жою; ішек, асқазан, бауыр жараларын тігу; дәнекерленген өтпеушілікті жоюдан кейінгі жағдайлар жатады.
Осы тармақшаға сондай-ақ косметикалық мақсаттарда жүргізілген бетті тартудың немесе маммопластиканың салдары, ринопластика, отопластика, блефаропластика, бетті дөңгелете тарту, сондай-ақ операциядан кейін 1 жылдан кейін функцияны бұзбай, қолайлы нәтижемен импланттар (сүт бездері, бөкселер, бет, еріндер) жатады.
Асқазан-ішек жолы қызметінің өрескел деформациясыз және бұзылуынсыз қолайлы нәтижемен асқазанның немесе он екі елі ішектің тесілген ойық жарасын тігу салдары, 3 жыл ішінде ойық жара ауруы асқынбаса, осы Талаптардың осы тармағын қолдануға негіз болып табылмайды.";
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
Тармақ | Сырқаттардың атаулары | Бағандар | |||||
I | II | III | |||||
87. | Бой-салмақ көрсеткіштерінің іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеуі | о | қ | о | қ | о | қ |
жз | жз | жз | |||||
Куәландырылушының дене дамуының деңгейі туралы қорытынды бұлшық ет жүйесінің даму дәрежесін, бойын, дене салмағын, дене салмағының индексін (бой-салмақ көрсеткіштері, бұдан әрі - БСК), кеуде шеңберін бағалау негізінде қатаң жеке беріледі. Бұлшықет жүйесінің дамуын бағалау кезінде тері асты-май талшығының қабыну дәрежесі, сондай-ақ азорельефті бұлшықеттері бар адамдардың қаңқа бұлшық етінің ерекшеліктері ескеріледі.
Бұлшықет жүйесінің әлсіз дамуы бұлшықеттердің босаңсуымен, контурдың рельефінің болмауымен және бұлшықет массасының, бұлшықет күшінің жеткіліксіздігімен сипатталады.
Конституциялық ерекшеліктерді ескере отырып, бұлшықет жүйесі жеткілікті дамыған, бірақ өсуі және(немесе) ДМИ талап етілгеннен кем болған кезде, жай-күйі өсу-салмақтық көрсеткіштердің іріктеу өлшемдеріне сәйкес келмеуі ретінде айқындалады.
Жақсы дене бітімі мен тамақтануы бар, үйлесімді дене бітімі бар қызметке және оқуға кандидаттар мынадай жағдайларда жарамды деп танылады:
І баған бойынша – бойы кемінде 165 см. (әйелдер үшін – 160 см.), ДСИ кемінде 19 кг/м2 азаматтық қорғау бөліністерінің өрт сөндіруге тікелей қатысатын қызметкерлері лауазымдарына қызметке түскен кезде, азаматтық қорғау, төтенше жағдайларда қорғау және азаматтық қорғаныс мамандарын даярлау бағыттары бойынша оқуға түсуге;
I баған бойынша – бойы 170 см. кем емес (әйелдер үшін – 160 см.), ДСИ кемінде 18,5 кг/м2 ("Сұңқар", "Арлан", "ЖҚАЖ" арнайы мақсаттағы бөліністергі кемінде 19 кг/м2) осы бағанда көрсетілген барлық басқа лауазымдарға қызметке түскен кезде;
II баған бойынша – бойы 170 см. кем емес (әйелдер үшін – 160 см.), ДСИ кемінде 18,5 кг/м2 осы бағанда көрсетілген барлық лауазымдарға қызметке түскен кезде;
ІІ немесе ІІІ бағандар бойынша - бойы 170 см. кем емес, ДСИ кемінде 18,5 кг/м2 ішкі істер органдарының білім беру ұйымдарына даярлаудың барлық бағыттары бойынша оқуға түскен кезде;
ІІІ баған бойынша - бойы 163 см. кем емес (әйелдер үшін - 157 см.), ДСИ кемінде 18,5 кг/м2 киберқауіпсіздік, киберқылмыспен күрес саласындағы лауазымдарға қызметке түскен кезде;
III баған бойынша – бойы кемінде 165 см. (әйелдер үшін-157 см.), ДСИ кемінде 18,5 кг/м2 осы бағанда көрсетілген барлық басқа лауазымдарға қызметке түскен кезде.
Ашық ауада қызмет атқаратын жедел қызмет қызметкерлері лауазымына кандидаттар үшін РВП бойынша талаптар құқық қорғау органдарының жеке бұйрықтарымен реттеледі.
21 жасқа дейінгі қызметке (оқуға) кандидаттарға өсу бұлшық ет жүйесінің дамуының қанағаттанарлық дәрежесі және тиісті ДСИ кезінде іріктеу критерийлеріне сәйкес келмеуі шамалы (2 см.-ден аспайтын) кезінде түтікше сүйектерінің өсу аймағына рентгенологиялық зерттеу жүргізу ұсынылады.
Оссификация процесі аяқталмаған кезде (өсу аймақтары ашық не кеш жыныстық жетілу салдарынан толық емес) бұл адамдар асқазан-ішек жолы, эндокриндік жүйе, созылмалы инфекциялар, уыттану жағынан өзгерістер болмаған кезде, бұдан әрі физикалық даму мүмкіндігін және жақын анамнезге негізделген қолайлы болжамды ескере отырып, қызметке және оқуға жарамды деп танылады.
Түтікше сүйектерінің өсуінің жабық аймақтары бар адамдар қызметке және оқуға жарамсыз деп танылады.
ДМИ талап етілетін көрсеткішіне қол жеткізу ӘДК-ның кемінде үш маманының (міндетті түрде сарапшы-терапевтің) қатысуымен жүргізілетін күн сайын үш рет бойы мен салмағын өлшеп отыру арқылы өлшеу нәтижелеріне мамандардың қолдары қойылып және жеке мөрлерімен расталып анықталады.
Қызметкерлерді осы Талаптардың ІІІ бағанға жатқызылған лауазымдардан I және II бағандар бойынша лауазымдарға ауыстыру кезінде бойы 170 см. - ден кем емес (әйелдер үшін 160 см.) (өрт сөндіруге тікелей қатысатын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінде I баған бойынша, – 165 см.-ден кем емес (әйел жынысты адамдар үшін-160 см.) ескеріледі.
Бұл талаптар қызметкерлерді I және II бағандарға жатқызылған лауазымдардан сол бағандар бойынша басқа лауазымдарға ауыстыру кезінде ескерілмейді.
Қызметкерлерді киберқауіпсіздік, киберқылмыспен күрес саласындағы лауазымдардан осы Талаптардың ІІІ бағаны бойынша өзге лауазымдарға ауыстыру кезінде бойы 165 см-ден кем емес (әйелдер үшін 157 см.), осы Талаптардың І және ІІ бағандары бойынша лауазымдарға бойы 170 см-ден кем емес (әйелдер үшін 160 см.) болуы міндетті түрде ескеріледі.
Бірқатар ауруларға (гипофиз, қалқанша, ашалы без, нефрогенді остеопатиялар, бауыр аурулары, созылмалы инфекциялар, интоксикациялар) байланысты физикалық дамымаған адамдар осы Талаптардың тиісті тармақтары бойынша куәландырылады.";
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаменті (А.Б. Әмзеев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
