"Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 59/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 шiлдедегi № 56/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 7 шiлдеде № 39241 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 59/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың және олардың қызметтік автомобиль көлігінің аумаққа кіруі және (аумақтан) шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) цифрлық жүйелерінде олардың анықтамалық деректерін және қызметтік автомобиль көлігі туралы мәліметтерді тіркей отырып басымдық тәртіп бойынша жүзеге асырылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қызметтік міндеттерін шешу үшін арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) кіру және шығу:

      құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері – Қазақстан Республикасы аумақтық құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесіне ұсынылған тізімдер негізінде қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады;

      өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, инкассация қызметінің жұмыскерлері және басқа адамдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті аумақтық органдарымен келісілген тізімдердің негізінде жеке басын куәландыратын құжаттары (Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты, шетел азаматтары үшін – шетелдік паспорт) бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты) және шетел азаматтарының шетелдік паспорттарға шекараны кесіп өту туралы жоғарыда аталған құжат иесінің осындай белгіні ұсыну туралы жеке арызынан басқа жағдайларда шекаралық бақылау-өткізу пункттерінің белгілері қойылмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың қызметтік автомобильдік көліктерінің арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) кіруі және шығуы көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер бойынша жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аумақтық мемлекеттік орган, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы, инкассация қызметі жұмыстан шығарылған немесе өз міндеттерін орындаудан шеттетілген адамдар туралы, олар жұмыстан шығарылғаннан, басқа лауазымға немесе жұмыс учаскесіне ауыстырылғаннан кейін не өзге де мән-жайлар туындағанда, олардан алып қойылған рұқсаттамаларды ұсына отырып, жиырма төрт сағаттың ішінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оның аумағына төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғау органдары жеке құрамының және арнайы техникасын кіргізу басымдық тәртіпте кедергісіз Шекара қызметінің цифрлық жүйесіне тіркеусіз жүзеге асырылады.

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтік тапсырмаларды орындаған кезде азаматтық қорғау органдары жеке құрамының өзімен бірге қызметтік куәліктері болады және оларды Шекара қызметі әскери қызметшілерінің талаптары бойынша ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші, төртінші және он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

 

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан      Республикасының
Бас прокуратурасы

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан       Республикасының
Көлік министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан      Республикасының
Ішкі істер министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан       Республикасының
Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан      Республикасының
Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады