"Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 74 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 шiлдеде № 39185 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын қаулысына:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Талаптарда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38336 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 53 талаптар) көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аутентификация - төлем және ақпараттық хабарлармен алмасу кезінде, төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қашықтықтан қосылған кезде жүйені пайдаланушылардың қатысу түпнұсқалығын растауға, сондай-ақ төлем және ақпараттық хабарлардың түпнұсқалығын растауға арналған шаралар кешені;

      2) бағдарламалық-аппараттық кешен – төлем жүйесін пайдаланушының Орталықпен өзара іс-қимылы үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

      3) гипервизор – бірнеше операциялық жүйені сол бір серверде немесе компьютерде құруға және іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық қамтылым;

      4) куәландыратын орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

      5) кіруді бақылау құралдары – техникалық, бағдарламалық немесе объектілерге кіру туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін басқа құралдар;

      6) негізгі ақпарат – криптографиялық кілттер (ашық және жабық) немесе ақпаратты криптографиялық қайта өзгертуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа ақпарат;

      7) операциялық тәуекел – цифрлық жүйелердің жұмысындағы немесе ішкі процестердегі бұзушылықтармен, қателермен, төлем жүйесін басқарудағы іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болған тәуекел;

      8) рұқсатсыз кіру – Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ оған кірудің төлем жүйесін пайдаланушы белгілеген тәртібін бұза отырып, цифрлық және бағдарламалық ресурстарға кіру;

      9) рұқсатсыз кіруден қорғау құралдары – аутентификация, қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату, төлем жүйесін пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау функцияларын іске асыратын техникалық және (немесе) бағдарламалық құралдардың жиынтығы;

      10) стандартты емес жағдай – операциялық тәуекелді іске асыру салдарынан төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысындағы іркілістер (бұзушылықтар);

      11) төлем жүйесін пайдаланушы – Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлғалар және басқа төлем жүйелерінің операторы (операциялық орталығы);

      12) төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесі – төлем жүйесін пайдаланушы төлем жүйесінің терминалы арқылы одан әрі төлем жүйесіне жіберуге арналған электрондық құжаттарды қалыптастыру немесе түрлендіру үшін пайдаланатын бағдарламалық қамтылым;

      13) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешені – төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесін, жұмыс орнын, төлем жүйесімен коммуникация (деректер беру) құралдарын қамтитын техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдар;

      14) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде әдеттегі (күнделікті) режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешені;

      15) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің резервтік орталығы (бұдан әрі – резервтік орталық) – төлем жүйесін пайдаланушының стандартты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін резервтік бағдарламалық-техникалық кешені;

      16) төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығы – төлем жүйесіне қол жеткізу үшін пайдаланылатын төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеу ортасын орналастыруға және қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;

      17) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны – төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер не жиынтығында төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаны, оның негізінде өрістетілген физикалық ресурсты (серверді) және осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерді қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешеннің жиынтығы;

      18) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының әкімшісі – төлем жүйесінің терминалын, ол орнатылған виртуалды ортаны және оның негізінде виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизорды әкімшілендіруді тікелей жүзеге асыратын адам;

      19) төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздік бөлімшесі – төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық және бағдарламалық ресурстарының қауіпсіздігі мен олардың қорғалуын қамтамасыз ететін төлем жүйесін пайдаланушының құрылымдық бөлімшесі;

      20) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздік офицері – төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында ақпаратты рұқсатсыз кіруден, жария болудан, оның ішінде төлем жүйесінің терминалы дербес компьютерде орнатылған жағдайда электромагниттік арналар арқылы қорғау құралдарын, оның негізінде виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизорды, төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуды орнатуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың жұмыс қабілеттілігіне және қауіпсіздік талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыратын адам;

      21) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының операторы – төлем жүйесін пайдаланушының негізгі ақпаратын пайдалана отырып, төлем жүйесінің хабарларын дайындауды, беруді және қабылдауды, сондай-ақ Орталықтың куәландыратын орталығында төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздік офицерінің қатысуымен негізгі ақпаратты әзірлеуді және тіркеуді тікелей жүзеге асыратын адам;

      22) төлем жүйесінің терминалы – төлем жүйесін пайдаланушыда орнатылған, төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнаулы бағдарламалық қамтылым;

      23) төлем жүйесі терминалының қосымшасы – төлем жүйесінің терминалымен қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнаулы бағдарламалық қамтылым;

      24) физикалық ресурс (сервер) – бағдарламалық қамтылымды және (немесе) виртуалды ортаны орналастыру және оның жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын есептеу жабдығын білдіретін аппараттық-бағдарламалық кешен.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан жағдайда төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны төлем жүйесін пайдаланушының орналасқан жері бойынша кіруі шектеулі үй-жайда (бұдан әрі – Үй-жай) орналастырылады.

      Төлем жүйесінің терминалы виртуалды ортада орнатылған жағдайда, ол өрістетілген физикалық ресурс (сервер) № 53 талаптардың 9-тарауының талаптарына сәйкес төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығында орналастырылады.

      Төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютер Үй-жайда орналастырылады.

      Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны операторларының функцияларын орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын қоспағанда, Үй-жайда төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналмаған жұмыс орындарын орналастыруға жол берілмейді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Үй-жайға кіретін жерде, сондай-ақ төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютерде немесе төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерде бейнебелгілерді жазып алу мүмкіндігі бар бейнебақылау орнатылады. Объектілердің қозғалысына бейнебелгілердің жазылуының іске қосылуына жол беріледі. Жазылған бейнебелгілер мұрағаты төлем жүйесін пайдаланушының ішкі құжаттарында белгіленген төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының жүйелік блогындағы мөрлердің немесе пломбалардың тұтастығын бақылау кезеңінен кем болмайтын уақытқа сақталады.

      Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, оның негізінде осы виртуалды орта өрістетілген физикалық ресурс (сервер) орнатылған төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығына бейнебелгілерді жазып алу мүмкіндігі бар бейнебақылау қосымша орнатылады.

      Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының бейнебақылауы төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының барлық өту, кіру орындарында бақылауды қамтамасыз етеді. Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығында бейнекамераларды орналастыру төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының үй-жайының ішінде және кіру орнының алдында бейнебақылаумен қамтамасыз етілмеген аймақтардың болуына жол бермейді.

      Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының бейнебелгілердің жазбасы үзіліссіз немесе қозғалыс детекторын пайдалана отырып жүргізіледі.

      Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының жазылған бейнебелгілердің мұрағаты кемінде 3 (үш) ай сақталады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Төлем жүйесінің терминалы не оның қосымшасы осы мақсаттарға арнайы бөлінген, түгендеу нөмірі мен оған орнатылған конфигурация, аппараттық және бағдарламалық құралдар бойынша жан-жақты деректер беретін паспорты бар дербес компьютерде немесе түгендеу нөмірі мен орнатылған бағдарламалық құралдар, конфигурация параметрлері, сондай-ақ ол өрістетілген физикалық ресурстың (сервердің) аппараттық сипаттамалары және оған бөлінген есептеу ресурстары бойынша жан-жақты деректер беретін паспорты бар виртуалды ортада орнатылады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортада орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы виртуалды ортаны өзге цифрлық жүйелерден оқшаулауды қамтамасыз ететін гипервизорды пайдаланады.

      Төлем жүйесін пайдаланушы гипервизорға әкімшілік қол жеткізуді шектеуді, оның конфигурациясының тұтастығын бақылауды, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны әкімшілерінің әрекеттерін есепке алуды, сондай-ақ жаңартуларды орнатуды қамтамасыз етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Төлем жүйесінің терминалымен жұмыс істеу төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнынан жүзеге асырылады. Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортада орнатқан жағдайда төлем жүйесінің терминалына қол жеткізу төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналған және Үй-жайда орналастырылған дербес компьютерден қашықтықтан қосылу арқылы жүзеге асырылады.

      Төлем жүйесінің терминалына қашықтықтан қосылған кезде төлем жүйесін пайдаланушы:

      1) берілетін деректердің жасырындылығы мен өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін шифрлау және тұтастығын бақылау құралдарымен төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнымен байланыс арналарын қорғауды;

      2) Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін цифрлық объектілер мен сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдарды аутентификациялау тетіктерін пайдалануды;

      3) төлем жүйесі терминалының конфигурациясына қол жеткізу және өзгерту әрекеттерін тіркей отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың іс-әрекеттерін автоматтандырылған логтауды және мониторингті іске асыруды;

      4) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарын шектеуді қамтамасыз етеді.

      Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан кезде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қашықтықтан кіру жүйелерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қондырылған қашықтықтан кіру қызметтері алып тасталады немесе ажыратылады.";

      30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Негізгі ақпарат оның жасырындылығын, тұтастығын және қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қорғау құралдарын пайдалана отырып төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютерде не төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерде сақталады.

      31. Негізгі ақпараттың рұқсат етілмеген көшірмелерінің, оның ішінде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнындағы қатты дискіде болуына жол берілмейді.

      32. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында негізгі ақпаратты сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайды.";

      35-тармақ алып тасталсын;

      37-тармақ алып тасталсын;

      39-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

      40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында рұқсатсыз кіруден қорғау функцияларын іске асыру қамтамасыз етіледі, соның ішінде:

      1) төлем жүйесімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғаларды аутентификациялау;

      2) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарын бақылау және шектеу;

      3) қол жеткізу оқиғаларын және төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың әрекеттерін тіркеу.

      Көрсетілген функциялар № 53 талаптардың 9-тарауының талаптарына сәйкес келетін рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарын пайдалана отырып іске асырылады.

      41. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына зиян келтіретін бағдарламалық кодты және (немесе) бағдарламаны табатын құралдар орнатылады.

      Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы зиянды бағдарламалық кодты анықтау құралдарын және (немесе) виртуалды орталардың кіріктірілген қауіпсіздік функцияларының бағдарламасын пайдалануды, мұндай мүмкіндіктер болмаған кезде – өндірушінің зиянды бағдарламалық кодты және (немесе) бағдарламаны төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланатын виртуалды ортада анықтау құралдарын тестілеу туралы растауын қамтамасыз етеді.

      Жұқтыру фактісі анықталған кезде бұл ақпарат төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздік бөлімшесіне дереу хабарланады.";

      43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адам төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйелеріне кіретін кезде сәйкестендірілетін сол адамның бір жүйелік атына бір жеке тұлға сәйкес келеді.

      44. Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының жүйелік блогы стикерде немесе пломбада соңғы мөрленген немесе пломбаланған күні және дербес компьютер есепке алынатын түгендеу нөмірі көрсетіліп, мөр басылады немесе пломбаланады.

      Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, стикерде немесе пломбада соңғы мөрленген немесе пломбаланған күні және дербес компьютер есепке алынатын түгендеу нөмірі көрсетіле отырып, осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютердің жүйелік блогы мөрленеді немесе пломбаланады.";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер не оның негізінде төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды орта өрістетілген физикалық ресурс (сервер) және осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютер электр желісінде ток болмаған кезде жүйедегі жұмысты дұрыс аяқтауға қажетті уақыт ішінде, бірақ кемінде отыз минут ішінде жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үздіксіз электр қуатын беретін техникалық құралдармен жабдықталады.

      50. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Орталықтың арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылымға, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарына, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының өткізу технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қызметінің Талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алу үшін бұл жөнінде Ұлттық Банкті еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.";

      53-тармақтың 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютердің немесе төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютердің жүйелік блогын пломбалау және пломбалар мен мөрлердің тұтастығын тексеру журналында мыналар көрсетіледі:";

      56-тармақта:

      7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына беру тәртібі;";

      мынадай редакциядағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) қол жеткізуді беру шарттарын, пайдаланылатын аутентификация тетіктерін, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарының шектеуді, сондай-ақ қосылымдар туралы мәліметтерді тіркеу мен сақтауды қоса алғанда, виртуалды ортада төлем жүйесінің терминалына қашықтықтан қосылуды ұсыну тәртібі;

      12) гипервизордың тұтастығы мен конфигурациясын бақылауды, жаңартуларды орнатуды және әкімшілік қол жеткізуді, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны әкімшілерінің әрекеттерін есепке алуды, киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеуді және рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін анықтауды қоса алғанда, виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизордың жұмыс істеу тәртібі.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Төлем жүйесін пайдаланушы:

      1) Орталықтың төлем жүйесімен коммуникацияның (деректер берудің) резервтік арнасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммуникацияның резервтік арнасын төлем жүйесінің резервтік және (немесе) негізгі орталығының желілік (коммуникациялық) жабдығына қосу мүмкіндігі көзделеді;

      2) өзара іс-қимылды негізгі орталықтан Орталықтың төлем жүйесінің резервтік орталығына динамикалық ауыстыру тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Негізгі орталықта стандартты емес жағдай туындаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы:

      1) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.

      Төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі стандартты емес жағдай туындаған сәттен бастап үш сағаттан аспайды.

      Стандартты уақыт нормативін сақтауға мүмкіндік болмаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы Орталықтың төлем жүйесінің операциялық күні аяқталғанға дейін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігін ескере отырып, төлем жүйесін пайдаланушының жұмысын резервтік орталыққа ауыстыруға қажетті шараларды қабылдайды;

      2) "Қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі" тасымалдау жүйесінің (бұдан әрі – ҚААТЖ) қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру шешімінің қабылданғандығы туралы хатты көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді;

      3) ҚААТЖ қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру нәтижесі туралы хатты ауыстыру жұмысы аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді;

      4) ҚААТЖ қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді қайтадан негізгі орталыққа ауыстыру нәтижелері туралы хатты ауыстыру жұмысы аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді.";

      64-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төлем жүйесін пайдаланушы анықталған проблемаларды (бар болса) және оларды жою бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, тестілеудің нәтижелері туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталықтан негізгі орталыққа ауыстыру бойынша іс-шаралар аяқталған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Т. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады