БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 01 қыркүйектегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:
47-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын): танытым орталықтарын, туристік соқпақтарды, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақүйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдақ тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды орналастыру орындары.";
63-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) туризм инфрақұрылымын жоспарлау:
аумақтың функционалдық аймақталуын, экологиялық талаптарды, эстетикалық талғамды, ұзақ мерзім қызмет етуін, туристер мен қоршаған орта үшін үнемді және қауіпсіз болуын ескере отырып, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді: танытым орталықтарын, туристік маршруттарды (соқпақтарды), тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар (кешендер), қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, бақылау-өткізу бекеттерін, аншлагтар (жоспарланып отырған объектілердің қысқаша сипаттамасымен және жол берілетін рекреациялық жүктемелердің, өткізу қабілетінің есеп-қисабымен) орналастыру орындарын айқындау;".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |